Сыныптан тыс іс-шара Тап?ыр достар


Тақырыбы: » Тапқыр достар»  сайысыСабақтың мақсаты: Оқушылардың білімалуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан-жақты болуға,  өзін-өзі дамытуға ынталандыру.
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс: Сайысқа 2 топ қатысады. Оқушыларға сайыстың шарты түсіндіріледі. Топтармен
танысып, қай топ сайысты бастайтынын анықтау.
ІІІ. Сайыс кезеңдеріндегі тапсырмалар:
Кім жылдам?
Кім көпбіледі?
Ойлан-тап;
Сиқырлы сөздер;
Мақал сөздің мәйегі;
Дыбыстар әлемі;         
Жүргізуші :                      Қайырлы күн, қымбатты  ұстаздар  мен  оқушылар!
 - Құрметті достар! Ақыл көпке жеткізеді. Өнер көкке жеткізеді.
 «Білекті бірді жығар ,білімді мыңды жығар»- дейді.
Балалар, бұл – жолбасы, даналыққа
Келіңдер түсіп байқапқаралықтаБұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұрақалалық па?
Даналық – өшпес, жарық кетпес байлықЖүріңдер, іздеп тауып алалықта. – деп Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай, ешкімнен кем болмай, ешнәрседен қалып қоймай өз білімімізді мына отырған халыққа көрсетейік.
  «Тапқыр достар» атты  сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса сайысымызды
бастаймыз. 1 «б» сынып оқушыларынан құралған топтармен танысайық.
«Білімділер» тобы«Алғырлар» тобыЕндігі кезекте сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.
Кім жылдам?
Кім көп біледі?
Ойлан-тап;
Сиқырлы сөздер;
Мақал — сөздіңмәйегі ;Дыбыстар әлемі;
         Тапсырма шешімін жылдам тауып, жауап беру арқылы ұпай жинау. Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады. Тапсырмаларға 2 топ кезекпен жауап береді. Егер жауап берген топтың жауабы дұрыс емес болса, қарсы топ дұрыс жауабын білсе жауап беріп ұпайын өздеріне қосып алуларына болады.
Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады.
    Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы    Қиыннан қиыстырар ер данасы,
    Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп     Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы деп ұлы Абай айтқандай сырты күміс, іші алтын сөздерімен 2 топ  өздерін таныстыры п етсе.
«Білімділер» тобы«Алғырлар» тобы1 –кезең.
Өнер қуған балалар  өтер деймізБір басына білім іжетер деймізСайысқа келген оқушылар кезектесіпСұрақтарға жауап берсе екен дейміз, – деп сайыстың бірінші  Кімжылдам? Кезеңін бастаймыз.       Бұл  кезеңде   математика  пәнінен 2 –топқа  жеке –жеке   5 сұрақтан  қойылады.
«Білімділер» тобы5 саны сандар қатарын қай саннан кейін  келеді?
 
Бірінші сөреде 3, екіншіде 1 ойыншық аю бар.
Барлық ойыншық аю нешеу?
 
Бір ыдыстағы 8 алманы алып, оны 2 тәрелкеге бөліп салудыңжолын тап.
 
4 Сымда10торғай еді,7-уі ұшып кетті. Неше торғай қалды.
 
3  -пен  5-тің қосындысыныңмәнін тап.
 
«Алғырлар» тобыСандар қатарында  7 -ден  кейін  қандай сан  келеді?
 
Бірінші қорапта 2 қоян, ал екіншісінде 4 қоян бар. Қораптарда  қаншақоян бар?
 
Себеттегі 10 алмұртты екі ыдысқа бөліп салудың жолын тап.
 
Нұржанда 9 қолшатыр бар еді,ол 5 қолшатырын Тоғжанға берді,Нұржанда неше қолшатыр қалды?
 
5 -пен 5 –тіңқосындысының мәнін тап.
 
2 –кезең.           Жанарың ойлы болсын                         Білімің молдау болсын,
                         Ортадан қолдау көрсін                         Еліңнің көңілі толсын,  — деп  кезекті  «Кімкөпбіледі?»  кезеңіне береміз. Бұл кезеңде  дүниетану  пәнінен  құралған  «Сөзжұмбақ» шешуді ұсынып отырмыз.(Сөзжұмбақ  әртоптың  алдынаберіледі)  
3 –кезең
Ал ,балалар сайысқа қалайсыңдар,
Сіз өтерәлі де талай сын бар
«Зерделінің ойы озық»деген сөз бар 
Жұмбақтардың жауабын тапсаңыздар,    сіздер жарайсыздар! – деп сайысымыздың үшінші «Ойлан , тап!» кезеңіне   береміз. Бұл кезеңде әртопқа 4 жұмбақтан жасырылады.  
«Білімділер» тобына арналған жұмбақтар 
Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар     шешуі: тасбақа 
Аяғы жоқ жүреді,
Ауызы жоқ сөйлейді      шешуі: хат
 
Табаным абайладым,
Қос таяқпен айдадым     шешуі:  шаңғы 
Суға батпайды,
Отқ ажанбайды       шешуі:  мұз 
«Алғырлар» тобына арналған жұмбақтарҚұйрығы сүйір,
Ала ботаға үйір,
Оның аты – сиыр 
Тастан — тасқасекірген,
Шұнаңдап ойнап есірген.
Құйрығы келте шұнақ,
Оның аты —  лақ 
Мүйізі тік,
Қойдан биік,
Оның аты – киік 
Тоны түктітүрпі,
Оныңаты — кірпі 
4 –кезең
Сендерге артар міндет көпАқтай білсең ата-ана үмітін                                       Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп, — деп сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз.  «Сиқырлы сөздер» кезеңінде оқушылар  берілген  әріптерден отбасы тақырыбына байланысты сөздер  құрастыру керек.
А   П  Р    Ә   К
Е   А   Т   П   Е
М  А   Н   М  Ә
А  Ә    І     Н   І
 
5 –кезең
Білімнің ұшқырлығ ынтанып сен,
Асып-тасып асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап зулап жатыр,
Тапқырлық пен шапшаңды қбұл сайысқа керек екен, –деп  «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңіне беріледі. Әртопқа 5 мақалдан ұсынылады.     сөзді табу керек.
«Білімділер» тобыЕңбек етсең ерінбей,
    …………………тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
   Жалқаудың ……………….
Отан үшін отқа түс……………
 4.Жазда  шөпті жинасаң, қыста малазығыЖазда сөкті жинасаң, қыста……………….
Қойшы көп болса,………….арам өледі.
 
«Алғырлар» тобы 1.Диқан еккенін жейді,
Жылқы ………………..
Шанаңды жазда сайла,
Арбаңды ………………..
Жаз мереке, қыс………..
 4.Еңбек түбі………………
 5.Баталы сөз — ………. азық. құру.Қай топ бірінші тапсырманы орындап болса, сол топ  тақтаға шығып берілген сөзге дыбыстықталдау жасайды.
       
Жарыс заңыежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену,  жалықпау.
 Әділқазылар алқасының шешімін хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз болған топтарды мадақтап,  мақтау қағазы беріледі.
 
Ән құсын ұялатып жүрегіне,
Ұшырсын балдәурен жасұлы еліне.
Бүгінгі жастарымыз Мәншүк құсап,
Айналсын елдің беріктірегіне!
 
Өнер мен білімнің биігіне шыққан
Көбейсін білімділер әрбір тұстан
Ата салт дәстүрлерге берік болып,
Тәуелсіз ! –деп бүгінгі  «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Хош сау болыңыздар! Көріскенше күн нұрлы болсын!
Бағалау парағы 
№ Кезеңдер «Білімділер» тобы«Алғырлар»  тобы1 «Кім жылдам?»    
2 «Кім көпбіледі?»    
3 «Ойлан , тап!»    
4 «Сиқырлы сөздер»    
5 «Мақал – сөздің мәйегі»    
6 «Дыбыстар әлемі»    
  Қорытынды