Квадрат ?шм?ше.Квадрат ?шм?шені к?бейткіштерге жіктеуге есептер шы?ару. 8 сынып, саба? жоспары


Күні: 10.02.2017ж
Пәні: Алгебра
Пән мұғалімі: Ижазова Ж.Ш.
Сыныбы: 8 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүше.Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - есеп шығару барысында квадрат үшмүшенің түбірін тауып, көбейткіштерге жіктеу формуласын қолдану дағдыларын жетілдіру
Дамытушылық – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа
дайындығын тексеріп, сабақ мақсатымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру: №233 (4,5,6). Үй тапсырмасын 3 оқушы тақтаға орындайды. Ал қалған оқушылар мынадай сұрақтарға жауап береді.
ax2+bx+c квадрат үшмүше деп аталады? (ия)
Квадрат үшмүшені нөлге айналдыратын х айнымалысының мәндерін квадрат үшмүшенің түбірлері деп атаймыз? (ия)
Бірінші коэффициенті 0-ге тең болса, онда ол келтірілген квадрат үшмүше деп аталады?(жоқ)
ax2+bx+c=ax-x1x-x2 квадрат үшмүшеге жіктеу формуласы. (иә)
Квадрат үшмүшенің түбірлері бар болса, онда ол көбейткіштерге жіктелмейді.(жоқ)
Егер квадрат үшмүше көбейткіштерге жіктелсе, онда оның түбірлері бар болады.(ия)
№233 есеп. Бөлшекті қысқатыңдар.
4) x2+10x+21x2-9;x2+10x+21=0, x2-9=x-3x+3D=16. 16>0
x1=-3. x2=-7
x+3x+7x-3x+3=x+7x-35) x2-5xx2-3x-10
x2-5x=xx-5, x2-3x-10 D=49. x1=-2. x2=5 x2-5xx2-3x-10=xx-5x-5x+2=xx+26) x2-9x2-x-12x2-9=x-3x+3, x2-x-12=0 D=49. 49>0 x1=4. x2=-3x2-9x2-x-12=x-3x+3x-4x+3=x-3x-4III. Өткен сабақты пысықтау: Кесте бойынша берілген теңдеулердің түрін анықтап айту.
№ Теңдеу түрін анықта
1 3х2-8х-3=0
2 x2+2x-9=0
3 2x2+6x=0
4 7x2=0
5 x2-16=0
6 x4-13x2+36=0№ Жауап
1 Толық квадрат теңдеу, a=3, b=-8, c=-3
2 Келтірілген квадрат теңдеу
3 Толымсыз, c=0
4 Толымсыз, b=0, c=0
5 Толымсыз, b=0
6 Биквадрат теңдеу
IV. Есептер шығару:
№224 есеп (жеке жұмыс)
1) 2 және 3 сандары түбірлері болатын квадрат үшмүше құрастырыңдар.
x1=2. x2=3, Виет теоремасы бойынша,
x1+x2=-5x1*x2=6
x2-5x+62) 3 және 13 сандары түбірлері болатын квадрат үшмүше құрастырыңдар.
x1=3. x2=13x1+x2=-313x1*x2=1
x2-313x+1№235 есеп. Есепті 3 қатарға бөліп, әр қатардан 1 оқушы шығарады.
I-қатар II-қатар
1) 6x2-5x+1, 2) -5x2+4x+16x2-5x+1=0, -5x2+4x+1=0D=1. 1>0, D=36. 36>0
x1=12 . x2=13 , x1=-15 . x2=16x2-5x+1=6x-12x-13, -5x2+4x+1=-5x+15x-1 III-қатар
3) 12x2+5x-2
12x2+5x-2=0D=121. 121>0x1=-23 . x2=14 ,
12x2+5x-2=12x+23x-14№ 237 есеп. 3 қатарға 3 есеп беріледі. Сол есепті әр қатар оқушылары жұппен орындайды. Есептерін тақтаға қорғайды.


3) 5a2-9a-2a2-3a+3=a-25a+1a-1a-2=5a+1a-25a2-9a-2=5a-2a+15=a-25a+1D=121. 121>0a1=2. a2=-15.
a2-3a+2=a-1a-2D=1. 1>0a1=1. a2=2V. Сабақты қорытындылау: «Сандық мақал-мәтелдер».Мақалдағы сандар арқылы квадрат үшмүше құрастыру.
I-қатар
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі жетеді. (х2 -10х +24)
Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы. (х2 -9х +8)
II-қатар
1) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл. ( х2 -14х + 49)
2) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. (х2 -1001х +1000 )
III-қатар
1)Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына. (х2 -6х +9)
2)Бір тал кессең, он тал ек (х2 -11х + 10)
VI. Рефлексия. Оқушылар парақты толтырып, өз ойларын жазады.
VII. Үйге тапсырма: №236, №237 (4-5-6)
VIII. Бағалау.