Бейорганикалы? ?осылыстарды? арасында?ы генетикалы? байланыстар.


  Химия 8-сыныпСабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар
Жалпы мақсат: Жеке кластардың өзара байланысы арқылы бірі-бірімен генетикалық байланысқа түсуін мысалдар арқылы талдау жасау. Реакция теңдеулерін дұрыс жазуға бағыт беру. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, тұжырым жасау дағдыларын дамыту.
Сілтеме: Химия (оқулық)
Химия оқыту әдістемесі
Интернет материалдарыКүтілетін нәтижесі: Жеке кластардың өзара байланысы арқылы бірі-бірімен генетикалық байланысқа түсуі жайында біледі, ерекшеліктеріне талдау жасайды, қорытынды шығара алады, ақпаратты терең меңгереді; болжайды; өз болжамының сәйкес келуі немесе келмеуі бойынша рефлексия жасай біледі;
Түйінді идеялар: Топта біріге жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-бірінен үйренеді. ЖАДА жүзеге асады. Критериалды ойлауға әдеттенеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақтаОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ
СТО 1.Диалог
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
4.Жеке жұмыс
Дерек көздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті
Уақыты Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Ресурстар
2 минут Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу), топқа бөлу; Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Сандар жазылған қима қағаздар
3 минут Сергіту сәті Әуен сазымен сергіту сәтін орындайды. Компьютер
Қызығушылықты ояту кезеңі
6 минут «Тұжырымдылық кесте» сызбасы
Жүзеге асыру қадамдары:
1 -қадам: мұғалім үлкен қағазға кесте-сызба дайындайды :
Салыстырыла-
тын
нысан
Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар

2 -қадам: оқушылар кестені білетін мәліметтері негізінде толтырады;

3-қадам: Берілген кестені жұпта, топта талқылайды.
Оқулық
Постер
Маркер
Мағынаны тану кезеңі
23 минут Топпен жұмыс
1-топ: Генетикалық байланыстағы заттардың бір-біріне айналуы
2-топ: Генетикалық байланыстарға нақты мысалдар
3-топ: Бейорганикалық кластарға жататын заттардың жіктелуі
5-есеп
Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
6-есеп
7-есеп Топтық жұмыс
Ынтымақтастық әрекет барысында жаңа білім алады. Өз беттерімен жұмыс жасайды, білімдерін шыңдайды, өзгеге түсіндіреді. Постер
Маркер
Оқулық
Power point
таныстыры
лымы
Ойтолғаныс
6 минут «Серпінді сауал» стратегиясы бойынша мұғалім оқушыға доп лақтырып сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға сұрақ қойып, жалғастырып кетеді. Бүгінгі өтілген ақпараттар жайлы сұрақ қою арқылы толық қамтып өтеді. Доп

2 минут Үйге тапсырма:
§49 Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар
129-130-бет 9-10-есеп Үй тапсырмасын жазып алады. Оқулық
Бағалау
3 минут  Жиынтық (суммативті) баға қою Формативті бағалау Бағалау парағы
 
 
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Аққұм ауылы Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Құлмаханова Гүлзира