ЖАС М??АЛІМДЕРГЕ Ж?МЫС ЖОСПАРЫН ЖАСА?ТАУДЫ? ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ж.М.Нәрікова қалалық әдістемелік кабинеттің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан- жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой- толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі таңда мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз талабына сай орындалып отыруы тиіс.
Осы мақсатта өздерінің еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге бірден- бір тиімді тәсіл- жас мұғалімдердің жұмысын жүйелі жоспарлау, өз міндетін дұрыс білуі. Сондықтан да ұсынып отырған ережелер мен жоспар, жадынама жас мұғалім үшін өзінің алғашқы еңбек жолында жұмыстарын тиімді ұйымдастыра білуге, оқушылармен жүйелі жұмыс жасай алуына көмектеседі. Сонымен қатар, жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылығын дамыту жолында көмек береді. Төменде жас мұғалімдерге арналаған жалпы ережелер мен мақсат, міндеттерін, жадынама ұсынып отырмын.

Жас мамандарға «Жас мұғалімдер мектебі» туралы мәлімет
1. Жалпы ережелер
Жас педагог мектебі - әдістемелік жүйенің арнаулы педагогикалық білімі жоқ жас мамандарды біріктіретін элементі.
Жас педагог мектебі жас оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өтілі 5 жылдан аз жоғары білімді жас оқытушыларды біріктіреді. Жас педагог мектебі - бұл педагог кадрлардың тұрақты жұмыс істейтін бірлестігі.
2. Негізгі міндеттері мен мақсаттары
Мақсаты: жаңадан бастаған оқытушыларда кәсіптік мұраттарды, әдістемелік дағдыларды, үнемі өздігінен даму мен өздігінен жетілу қажеттіліктерін қалыптастыру
Мектептің міндеттері:
–жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік қиналушылықтарына көмек көрсету;
–оқытушылардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалаптастыруға жағдай жасау;
–жас оқытушыларға білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық-әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу;
–тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау және әдістеме мен педагогика жөніндегі білімін жетілдіруіне көмек көрсету;
–жаңадан бастаушы оқытушылардың оқу үдерісіндегі кәсіптік, әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуге жәрдемдесу;
–халықаралық білім беру технологияларымен таныстыру;
- диагностика мен өздік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
3. Ұйымдық құрылымы
Жас педагог мектебінің жұмысын ұйымдастыру үшін пән бірлестігінен іс-тәжірибелік жұмыс өтілі бар жетекші тағайындалады.
Жас педагог мектебінің жұмысына оқытушылық қызметтің үлкен тәжірибесіне ие болған академияның өкілдері, сондай-ақ шетелде оқып келген оқытушылар да қатыса алады.
Оқу жылының ішінде жас педагог мектебінің төрттен кем емес сабағы, үйретуші сарамандық семинары өткізіледі.
Жас педагог мектебі жұмысының негізгі формаларына:
–оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқытушылардың шығармашылық есептері;
–ашық сабақтар ( лекциялар,семинарлық сабақтар);
–оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша лекциялар, хабарлар және пікірталастар;
–алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерделеу жатады.
Мектептің отырыстары 2 айда 1 рет өткізіледі. Жас педагог мектебінің жұмысына бақылау жасауды қалалық әдістемелік бөлімі жүзеге асырады.
Мектептің іс-қағаздарын жүргізу;
–Жас педагог мектебі туралы Ережені;
–ОӘК-те бекітілген жұмыс жоспарын;
–жас оқытушылар мектебінің құрамы туралы мәліметтерді;
Сандық және сапалық құрам (жасы, білімі, мамандығы, жалпы және педагогикалық өтілі, жоғары оқу орнын бітірген жылы);
4. Функциялық міндеттері
4.1.Жас мамандар үшін топтық сабақтар ұйымдастыру, үйретуші семинарлар, оқу-әдістемелік конференциялар өткізу, жас педагог мектебі мүшелерінің оқу қызметі мен кәсіптік өздігінен білім алуды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау.
4.2.Жас мамандардың кәсіптік қажеттіліктерін зерделеуді, өздігінен жетілуге көмекті зерделеуді ұйымдастыру.
5. Құқықтары
Жас педагог мектебіне қатысушылар:
–конференцияларға, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысуға;
–білім беру мекемесінің материалдық базасын өздігінен білім алу үшін пайдалануға;
–тәлімгер- ұстаздардың консультациялық көмек алуға;
–өз біліктілігін арттыруға құқылы.
6. Жауапкершілік
Жас педагог мектебінің жетекшісі мен қатысушылары өздерінің алдына қойған міндеттерді, функцияларды орындау үшін жауапкершілікте болады.
Жас мұғалім үшін жадынама
Кабинетке қоңыраудан ертерек келіңіз, кабинет жиһаздарының дұрыс қойылуына, тақтаның тазалығына, оқытудың техникалық,көрнекі құралдарының әзірлігіне, сабаққа бәрі дайын екендігіне көз жеткізіңіз. Сыныпқа соңынан кіріңіз. Барлық оқушының ұйымшылдықпен сізбен амандасуына қол жеткізіңіз. Сыныпты байқаңыз, әсіресе тәртіпсіз балаларды. Оқушыларға сабақтың ұйымшылдықпен қызықты басталуын көрсетуге тырысыңыз, әр сабақ сайын оған бөлінетін уақытты бірден-бірге азайтуға тырысыңыз.
Сынып журналындағы өз пәніңіздің бетін іздеуге уақыт кетірмеңіз, оны үзіліс кезінде дайындап қойыңыз. Сабақта жоқ оқушылардың фамилиясы жазылған қағазды кезекшінің мұғалім үстелінің үстіне қалдырып кетпеуіне үйретіңіз.
Сабақты жақсы көңіл-күймен бастаңыз. «Кім үй тапсырмасын орындаған жоқ?» деген сұрақты қоймаңыз – бұл оқушыны үй тапсырмасын орындамау – қашып құтыла алмас іс деген ойға үйретеді. Сабақта әр оқушы үнемі тапсырмасымен шұғылданатындай етіп жүргізіңіз, есіңізде болсын: үзіліс, жайбарақаттылық, жұмыссыз отыру – оқушы тәртіпсіздігіне жол берудің бастамасы.
Оқушыны материалдың қызықты мазмұнымен, проблемалық жағдаяттар құрумен, ойлануына жағдай жасаумен шұғылдандыр. Сабақ қарқынын бақыла, білімі нашарларға өз күшін тексеруге көмектес. Сыныптағы барлық оқушыны жанарыңнан тыс қылма. Әсіресе, көңіл қоюы тұрақсыз, алаңдағыш оқушылардан көз жазба. Жұмыс тәртібін бұзуға жол бермеңіз.
Сабақта өзге жұмыспен шұғылданатын оқушыларға өтінішпен, сұрақ қою арқылы жиі көңіл аударып тұрыңыз.
Білімнің бағалану себептерін айтып, өз сөзіңізді іскерлік қарым-қатынаста жүргізіңіз. Одан да жоғары баға алу үшін өздігінен әлі жұмыстану керек екендігін нақтылап айтыңыз.
Жалпы сыныпты және жекелеген оқушыларды бағалаумен сабақты аяқтаңыз. Олар өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттануды сезінсін. Тәртіпсіз оқушылардың жұмысындағы жетістікті ескеруге тырысыңыз, бірақ оны өте жиі қайталамаңыз.
Сабақты қоңыраумен бірге аяқтаңыз. Кезекшінің міндетін есіне салуды ұмытпаңыз.
Артық ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
Оқушылардың тәртіпсіздігі барысында өзгелердің көмегінсіз шешуге тырысыңыз. Есіңізде болсын: өзге адамның беделі арқылы тәртіпті сақтау сізге абырой бермейді, қайта зиянын тигізеді. Одан да сыныптың көмектесуіне жол ашыңыз.
Жас мамандар мен тәлімгерлер арасындағы әдістемелік жұмыс жүргізудің
оқу жылына арналған жоспары
№ Қызметті ұйымдастыру формалары Жұмыстың тақырыбы және мазмұны Мерзімдері Жауаптылар
1. Жас мамандармен әңгімелесу(нұсқама) 2. Жеке ұсынымдар 3. Жас мамандармен сауалнама (жұмыстағы қиындықтарды анықтау) 4. Тәлімгерлік 5. Сабақтарға қатысу (мұғалімнің кәсіптік құзіреті) 6. Жеке ұсынымдар 7. Лекциялық сабақтар 8. Тәлімгерлердің ашық сабақтары 9. Нәтижелілік диагностикасы 10. Жас мамандардың өздігінен білім алуы 11. Сауалнама жүргізу Сіздерге ұсынып отырған жадынама мен ереже, жұмыс жоспарлары тиімді жұмыс жасауларыңызға көмек көрсетеді деген ойдамын.