?л?айт?ыш ??ралдар та?ырыбында ?ыс?а мерзімді жоспар


Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылу тарихы.Ұлғайтқыш құралдар
Сілтеме: Жоспар.
Жалпы мақсаты:
Жасушаның ашылу тарихы туралы жалпы мағлұмат беру
Ұлғайтқыш құралдар, олардың түрлерімен, микроскоп, оның құрылысын білуге және жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту
Микропрепаратты дайындап, микроскоппен жұмыс істеу тәртібін білуде топтық жұмысқа, шығармашылыққа баулу
Оқыту нәтижелері: Оқушылар жасушаның ашылу тарихымен танысады.
Микроскоптың құрылысын біліп, микропрепаратты дайындауды үйренеді
Түйінді идеялар Оқушылар жасушаның ашылу тарихының себептері, ашқан ғалымдар, микроскоптың негізгі бөліктер туралы өз ойларын ортаға салып, еркін жеткізе білуге үйренеді
Ақпарат көздері Биология оқулығы 6-сынып Алматы «Атамұра» 2011. АКТ. Интерактивті тақта. СТО..Топтық жұмыс.
Сабақтың кезеңдері Оқыту модульдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Уақыт
Ұйымдастыру Диалогтік оқыту тәсілі 1.Оқушыларды түгелдеу
2.Назарларын сабаққа аудару
3.Оқушыларды 4 топқа бөлу Кезекші түгелдейді оқу-құралдырын дайындайды
2.Әр топта 4 оқушыдан 4 топқа бөлінеді 3 минут
Жаңа сабаққа кіріспе, мақсат қою Диалогтік оқыту тәсілі.
СТО
АКТ Оқушылардың назарын ұлғайтқыш құрал Микроскопқа аудару Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беру
1.Бұл қандай құрал?
2.Микроскоп сөзінің мағынасын қалай түсінесің?.
3.Микроскоптың қандай негізгі бөлімдері бар?
Әр топтың алдына
Микроскоп құралы, ұлғайтқыш қол әйнек қойылған.
Топ оқушылары берілген сұрақтардың жауабын түсіндіріп береді 7 минут
Жаңа сабақты меңгерту СТО
АКТ
Диалогтік оқыту тәсілі 1.Микроскопты ойлап тапқан әкелі-балалы Янсендер туралы мәлімет беру
2.1665 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабатының жұқа кесіндісін микроскоппен қарап, майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған
3.Микроскоптық құрылысымен танысу
4.Микропрепарат дайындау
5.Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін үйрету.
Әр топқа тапсырмалар беріледі № 1 Зертханалық жұмысты орындау 1)Оқушылар назарларын тақтаға аударады
2)Оқушылар сұрақтарға жауап береді
3)Оқушылар дәптерге микроскоптың негізгі бөлшектерін жазып, атқаратын қызыметіне сипаттама береді
Оқулықтары №1 зертханалық жұмысты орындайды «Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып жұмыс істей білу» Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін үйренеді
10 минут
Жаңа сабақты бекіту СТО Оқулықпен жұмыс
Әр топқа тапсырмалар беру 1топ :Микроскоптың негізгі бөлімдері постер құру.
2топ :Ұлғайтқыш құралдардың түріне постер құру, айырмашылықтарына жеке-жеке тоқталу.
3топ :Микропрепарат дайындаудың ретіне постер құрып қорғау.
4-топ :Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін ретімен жазып қорғау. 15 минут
Бағалау Диалогтік оқыту тәсілі 1.Не туралы білдік
2.Оқушылардың білімдерін бағалау Әр топ өз ойларын айтады
Оқушылар білімдерін бағалау 10 минут
Үйге Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар. Оқу 1-суретті дәптерге салу.»Біліміңді тексер» тапсырмасын дәптерге орындау. Күнделіктеріне жазады