Адамны? дене м?шелері. Части тела. Parts of the body ?ш тілде ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы


Арыстанбекова Ақмарал Арыстанбекқызы,
«Қарлығаш» бөбекжайы КМҚК тіл маманы
Айшабибі ауылы,
Жамбыл ауданы
ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
ЧАСТИ ТЕЛА
PARTS OF THE BODY
Тобы: ересектер тобы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Орыс тілі» «Ағылшын тілі» «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Дене мүшелері. Части тела. Parts of the body»
Мақсаты: Балаларға дене мүшелерінің атауларын үш тілде айтуға үйрету. Әр бір дене мүшесінің маңыздылығын, керектігін түсіндіру.
Әдісі: қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме
Көрнекіліктер: «бала» демострациялық материалы, тапсырма жазылған үлестірме қағаздар, тақырыптық суреттер
Сөздік жұмыс: дене мүшелері, бас, шаш, көз, құлақ, мұрын ауыз, иық, қол, саусақ, аяқ, тізе, табан.
Билингвалды сыңары: Бас-голова - а head
Көз-глаза-an eye
Құлақ – ухо – an ear
Мұрын – нос – a nose
Ауыз – рот – a mouth
Қол – рука – a hand
Аяқ – нога – a leg

Оқу іс-әрекетінің кезеңі Педагогтің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Топқа қонжықпен кіремін. (сәлемдескен соң қонжықтың үш тілдегі аудармасын еске түсіреміз). Балалармен 3 тілде сәлемдесіп, жағдайларын сұраймын.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қалайсыңдар?
Здраствуйте, ребята! Как дела?
-Hello, children! How are you?
Балалар, мен қандай оқу іс-әрекетін өтуге келдім?
Шаттық шеңбері
Собрались все дети вкруг
Я-твой друг, и ты-мой друг
Крепко за руки возьмемся
И друг-другу улыбнемся
-Бәрекелді! Балалар, мен таңертең балабақшаға келе жатып бір суретшіні кезіктірдім. Қазір бізге суретші өзі салған портретін алып қонаққа еледі. Қанекей, айтыңдаршы портрет дегеніміз не? Кім біледі?
-Жарайсыңдар! Қанекей қонағымызды қарсы алайық.
-Суретші: - балалар, суретті аяқтау үшін барлық дене мүшелерін үш тілде атай білуім қажет екен. Ал мен ұмытшақ болып барамын. Барлығы да мені ұмытшақ суретші деп атап кеткен. Маған көмектерің қажет. Мен сендерге сурет салуды үйретейін... Мына мен салған портретке қараңдаршы. Бұл жұмыс аяқталмаған.
-Суретші, біз Сізді түсіндік. Сізді көргенімізге қуаныштымыз. Ал біздің бүгінгі оқу-іс әрекетінің тақырыбы – «Адамның дене мүшелері-Части тела человека – Parts of the body» болсын.
Балалар педагогты қарсы алып, үш тілде сәлемдеседі. Педагог сұрақтарына жауап береді.
Орыс тілі және ағылшын тілі
Балалар педагогтың әңгімесін қызығушылық танытып, мұқият тыңдайды.
Портрет-адамның бейнесі
Суретшіні қарсы алып, сәлемдесіп тілдеседі.
Балалар таңданыспен назарларын портретке аударады.
-бір көзі жоқ, шашы да, бір құлағын салуды да ұмытып кетіпті, мойыны да көрінбейді.
Тақырыпты педагогпен бірге қайталап айтады.
Ұйымдастырушы-ізденуші Демонстрациялық материал
(қонжық)
Қонжықтың дене мүшелерін жеке-жеке көрсете отырып жаңа сөздерді айтуға үйрету.
Дене мүшелерінің ана тілдегі атауларын жауап ретінде қабылдау мақсатында «мынау не?» деп сұрақ қоямын.
-Мынау не? (-бас)
- орыс тілінде ағылшынша
Мынау бас – это голова – а head
Мынау көз - глаза – аn eye
Мынау құлақ – это ухо – ear
Мынау мұрын – это нос – a nose
Мынау ауыз –это рот – a mouth
Мынау қол – это рука –a hand
Мынау аяқ – нога – a leg
Сергіту сәті
Он саусақ екі қолда,
Он башпай екі аяқта.
Екі құлақ, екі көз,
Мұрын жалғыз бірақ та,
Бірге шапалақта!
Десять пальцев на руках
Десять пальцев на ногах.в
Один нос, два уха,
Один нос два глаза,
Хлопаем два раза!
Жарайсыңдар, отырыңдар!
Д/о: «Ұмытшақ суретшінің суретін аяқта»
Балаларға бас мүшелерінің кейбірі салынбаған суреттерді таратып беремін. Балалар суретті аяқтап, салған дене мүшелерін атауымен айтады.
Балалар, ертегіні рөлге бөліп ойнап берелік!?
«Бір күні адамның дене мүшелері дауласады.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бастың айтқаны дұрыс па?
Расында барлық мүшеміз маңызды ма екен. Тексеріп көрелік.
Қанекей, көзімізді жұмайық. Менің қолымда не бар? Көріп тұрсыңдар ма?
Көз қажет па екен?
Ал құлақтарыңды саусақтарыңмен жауып, менің айтқандарымды естіп көріңдер. (сөйлеймін). Естілді ме?
Рөлдік ойынды қорытындылап, балалардан дене күтіміне не қажет екенін сұраймын. Алдын – ала жасалған жұмыс бойынша «Водичка» және «Где мой пальчик?» тақпақтарын сұраймын.
Сергіту жаттығуы
Head, shoulders, knees and toes
Kness and toes
And eyes, and nose
And ears, and mouth
Head, shoulders, knees and toes
Knees and toes
Топтық жұмыс. Қуыршақты құрастыр
Балаларды 5 топқа бөлемін.
(Қатты қағаздан қиылған қуыршақтың дене мүшелерін таратып беремін). Балалар назарларын демонстрациялық балаға аударады.
бас
педагогтың кейбір сұраған дене мүшелерін атайды.
Дене мүшелерінің үш тілдегі атауларын өздерінің дене мүшелерін көрсете отырып, педагогпен, өздері хормен, балалар/қыздар болып, жұппен жйне жеке-жеке 4-5 рет қайталайды.
Мәтінге сай қимылдарымен сергіту сәтін жасайды.
Орындарына отырады.
Балалар тапсырманы орындайды. Суретті аятайды және салған дене мүшелерін атайды.
Мәди: «Менсіз адам сөйлей алмайды»
Мерей: «Менсіз адам көре алмайды». Дарын: «Менсіз адам ести алмайды»
Қарақат: «адамға аяқсыз өте қиын, себебі жүре алмайды, билемейді. Еркемай: «Адамның қолдары болмаса, жаза алмайды, сурет сала алмайды. Равиль: Дауласпаңдар, өйткені адамға барлық мүше маңызды және қажет.
Бас ойлайды, ауыз сөйлейді, құлақ естиді, көз көреді, қолдар сурет салады, аяқтар секіреді.
Иә...
Мерей: «Водичка»
Бекасыл: «Где мой пальчик?»
Педагогпен бірлесіп сергіту жаттығуын жасайды.
Үлестірілген қуыршақтың бөліктерін топпен құрастырады.
Рефлексивті-түзеруші Балалар бізге дене мүшелеріміз не үшін қажет? Оларды күту қажет пе?
Бүгін Сендер өздеріңді не үшін мақтай аласыңдар? Не үйрендіңдер?
-Жарайсыңдар! Достар, бірімізге-біріміз қол соғайық, қанекей!
Сендер бүгін белсенділік таныттыңдар, Мен Сендерге, жұлдызшалар мен көңілді смайликтер таратып берейін.
Қанекей, бірге және көңілді уақыт өткізгеніміз үшін бірімізге-біріміз алғыс білдірейік:
-Рахмет!
-Спасибо!
-Thank you!
Оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Rounding up
Raise your hands
Jump up high
Wave your hands
And say “Good Bye”
Пока!
Сау болыңдар! Педагог сұрақтарына жауап беріп, өз пікірлерін жеткізеді.
Дене мүшелерін атауды үйрендік. Олар бізге өте қажет екен.
Қол соғып, шапалақтайды.
-Рахмет!
-Спасибо!
-Thank you!
Good Byе!
Пока!
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже
Жасайды: Үш тілде дене мүшелерінің атауларын атайды.
Түсінеді: Әр бір дене мүшесінің қызметін, маңыздылығын түсінеді.
Орындайды: Тақырыпқа сай түрлі тапсырмаларды орындайды.
Тіл маманы: А.А. Арыстанбекова
Әдіскер: Г.А. Бекжигитова