Сыни т?р?ыдан ойлау т?сілдерін ?олдану ар?ылы біріктірілген саба? ?йымдастыру


 
Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы біріктірілген сабақ ұйымдастыру
Мақсат:  Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдана отырып оқушыларды сыни ойлауға тәрбиелеу жолдарын қарастыру. Жеті модульді қолдану арқылы біріктірілген сабақ жоспарын құрастыру
Күтілетін нәтиже Әріптестер сыни тұрғыдан ойлау модулі арқылы біріктіліген сабақ жоспарын құрастырады. Оқу мен оқыту үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.
Коучингтің барысы Психологиялық ахуал, топқа бөлу, ой қозғау, топпен жұмыс, рефлексия
Психологиялық ахуал
«Отпуск» - 3 минут Құрметті ұстаздар, алдымызда керемет демалыс күтіп тұр. Қазір біз жазғы демалысымызды жоспарлаймыз және армандаймыз.
Бәріміз шеңбер құрастырамыз. Әр қатысушы өзінің атын айтады да, атынын бірінші әрібіне қай елге барғысы келетінін айтады. (Каждый участник называет свое имя и на первую букву имени называет страну, куда хотел бы отправиться)
Топқа бөліну
«Кәмпит» - 3 минут
Кәмпиттің түрлері арқылы 2 топ құрайды.
Ұйымдастырылған топтар үстелге отырады.
Ой қозғау – 5 минут
топпен жұмыс Берілген постерде топтар сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары мен әдіс-тәсілдерін жазады. (указывают наибольшее количество приемов и стратегий критического мышления)
Презентация Біріктірілген тәсіл
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек.Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет.Ал ол сұрақ, әр түрлі әдіс-тәсілдер, стратегиялар арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында: *бір-бірінің пікірін тыңдайды,сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалайды; *өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады; *бір-біріне құрметпен қарайды; *өз ойын ашық,еркін айтады,пікір алмасады; *өзін-өзі,бірін-бірі бағалайды; *мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастырады; *достарының ойын тыңдай отырып,проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге көмектеседі; *белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде.Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік береді,жауаптар тыңдалады. 
Топпен жұмыс. Тәжірибелік бөлім – 20 минут
Сабақтың жоспары:
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың смарт-мақсаты:
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялары:
Бағалауы:
Негізгі ұғымдар мен терминдері:
Сабақ аралық байланысы (межпредметная связь)
Күтілетін нәтиже:
Қандай модульдер қолданды:
Жұмыстың барысы:
Сабақтың қорытындысы
Сабақтың рефлексиясы
-Құрметті ұстаздар, сабақ дегеніміз ол кезеңге бөлінетін жүйе. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және жалпы сабақтың жүйелілігін құрайды. Бүгін сіздер біріктірілген сабақ жасайсыздар. (интегрированный урок) Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері арқылы және 7 модульді біріктіру арқылы.
1)1 минут ішінде сіздер ақылдасып, 3 пән бойынша біріктірілген сабақтың тақырыбын айтыңыздар. (Я предлагаю вам обсудить в течении 1 минуты и назвать любую тему урока с учетом возможной интеграции трех предметов)
2)Сабақтың тақырыбын айтады. Енді сіздер осы тақырып бойынша біріктірілген сабақтың жоспарын жасайсыздар. (Называют тему урока: Вам предлагается разработать план –конспект интегрированного урока по выбранной теме.)
Сабақ жоспарын қорғау Топтар сабақтың жоспарын қорғайды
Талқылау
оң тұстары теріс тұстары
Топтар сабақтың жоспарының оң тұстары мен теріс тұстарын қағазға топтар жазады.
1 топ 2 топтың тұстарын, ал 2 топ 1 топтың тұстарын жазады да айтады.
Қорытындысы Біріктірілген пән біздің сабақта күнделікті болып жатады. Егер де сабақтың жоспарын құрастыруда бірнеше адам еңбектенсе, онда сабақ жемісті болады. Және де Lesson study-ді қоладну арқылы сабақты әрі қарай жақсартқын келеді. Осындай біріктірілген сабақты сәуір айында жоспарлай аламыз ба?Қалай ойлайсыздар?
Рефлексия: еттарқыш, чемодан, себет Стикерлер таратылады.
Себет- осы алған ақпарат туралы кешірек ойланамын.
Еттартқыш- алған ақпаратты әлі де қорыту керек.
Чемодан – ақпаратпен келісемін және өзімнің жұмысыма қажет етемін.
Сабақтың тақырыбы _________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Сабақтың смарт-мақсаты: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Әдіс-тәсілдер мен стратегиялары:______________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бағалауы: ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Негізгі ұғымдар мен терминдері:_______________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Сабақ аралық байланысы (межпредметная связь) _______________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Күтілетін нәтиже: ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Қандай модульдер қолданды:__________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Жұмыстың барысы: __________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақтың қорытындысы______________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Сабақтың рефлексиясы________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
оң тұстары теріс тұстары



Сабақтың тақырыбы:   Мұқағали Мақатаевтың  өлеңдері   5 сыныпта , «Мен таулықпын»,   6  сыныпта  «Қайырлы түн»
Сабақтың мақсаты:1) Білімділік;  Оқушыларды қазақ  жырының қара бурасы атанған  Мұқағали  Мақатаевтың  бай шығармашылық  дүниесімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату,өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көніл бөлу,өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.
2)Дамытушылық:  Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны  дайындау,логикалық ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.
3) Тәрбиелік;  Оқушыларды болашаққа деген сенімге баулу,Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрсені  қадыр тұтуға ,ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі;  Интерактивті тақта, презентация, бейне таспадан ақынның  өлеңдерің тындау, үлестірмелі қәртішке,ақын портреті,қосымша кітаптары
Сабақтың түрі;  Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі;   сұрақ-жауап іздендіру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясынын элементтері
Сабақтың эпиграфы;   «Қазақ жырының аспандағы азғана жұлдыздардың
Арысынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік.
Сенің жұлдызың- ең шұғылалы, ең мейрімді жұлдыз.»
                                                                                     (Тұманбай Молдағалиев)
                   Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушыларды   сабаққа  жұмылдыру, амандасу, түгендеу, ынталандыру, жағымды көңіл-күй туғызу  «Шаттық шеңбері»  тренингісін өткізу.6 сыныпты топқа бөлу, 5 сынып жұп болып жұмыс істеу.
 2.Үй жұмысын тексеру;
5сынып   Үй шығармасын жазып келген,талдау жинақтау.
6 сыныпта          Б. Соқпақбаевтың
 «Менің атым Қожа» повесінің мазмұның сұрау; Тақтада
 «Сандар сөйлейді»( үй тапсырмасы)   1924,15, 1951, 1963,1967   осы сандар нені білдіреді?
Мысалы;      -1  оқушы.   Ақын  1924 жылы 15 қазанда Алматы обылысы Нарынқол ауылында туған.
Қызығушылығын ояту;  Екі сыныпта ғаламтор желісіне назар аударыңдар,  аудио таспадан ақынның  өлеңдерің тындату; «Ой қозғау стратегиясы».
Мұғалім балаларға сұрақ қояды.
-Кімнің  өлеңдерін тыңдадындар?
-М. Мақатаевтың.
-Өлеңдері  не жайында айтылған?
Ақын балалық шақты , Отан, туған ел, табиғат, халқына деген сүйіспеншілікті жырлайды.
Сонымен балалар, екі сыныптада бүгінгі өтетін  тақырыбымыз  ақиық ақынның өлеңдеріменен танысамыз.
3. Жаңа сабақ;   Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
5 сыныптың тақырыбы
  6 сыныптың тақырыбы
«Мен таулықпын»,
«Қайырлы түн».
 
Екі сыныпқа слайд арқылы презентациясын көрсету;Көрген слайдтары бойынша сұрақ- жауап.
6  сынып  оқушыларын « түстер бойынша»  топқа бөлдім.Екі топ құрылды.
Бағалау парақшалары үлестірілді.Топ жетекшісі тағайындалды.
Топтың аты
Үй жұмысы
Орындаған тапсырмалары
Жалпы ұпай саны
Балапан
5
4,5        ,5,5
24
Қарлығаш
 
1-топ    Ақынның өмірі шығармашылығы  туралы қысқаша баяндау.
2-топ  Мәтіннен қарамен жазылған  өлеңдерін теріп дәптерге жазу.Әр топтың жетекшілері бағалап отырды.
5 сынып
6 сынып 
5 сынып оқушылары  « Мен таулықпын» өлеңін мәнерлеп оқу,талдау
6 сынып  Жазбаша жұмыс дәптерге «Қайырлы түн»өлеңінде мынадай сөздер ( дін аман,шәйіге, кесел,боз көрпе) деген сөздер кездеседі оларды дәптерге жазып мағынасын ажырату. «Дін аман»деген сөзі яғни Отанымыз тыныш болсын дегені.
 
5сыныпқа тапсырма; Жұппен жұмыс  «Кластер» құру.   Постермен жұмысты тақтаға шығып қорғады.   Мұқағали қандай ақын?
Мұқағали   кім?
Сергіту сәті; Екі сыныпқа ортақ «Қара жоға кірпі биің»  ( ғаламторға  қарап билеу.)  
Мағынаны ажырату. Біріккен сынып оқушыларына тапсырма «Инсерт стратегиясы»
БілемінБілгім келедіҮйрендім-М. Мақатаев туралы не білесіңдер?
- Не білгілерің келеді?
Екі сыныпта жеке- жеке өз ойларын ортаға салады, кестені толтырады.
Сұрақ:-Балалар, ақынның әні мен айтылатын өлеңін кім біледі?
  Нұрғиса Тілендиевке шығарған өлеңі «Есіңе мені алғайсың»  5 сынып  оқушысы  Қабдешов Бейбіттің орындағаның тындау.
Бекіту.-Сонымен балалар, сабақта кіммен таныстық?
   - М. Мақатаевпен таныстық.
Ақын деп кімді айтуға болады?
Өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі.
Бағалау.6 сынып оқушылары бағалау парақшаға қояды бағаларын.
Үйге тапсырма:  5 сыныпқа өлеңді жаттауға.6 сынып өлеңді мәнерлеп оқып,
мазмұнын өз сөздерімен түсіндіру 
Пәні: қазақ тілі 2-3 сыныптар.
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер 2 сынып. Негізгі және туынды етістіктер 3 сынып. 2 сыныпта 3 оқушы, 3 сыныпта 4 оқушы бар. Оқушылар сабаққа белсене қатысады. Өз ойларын еркін жеткізе алады. Өткізілген сабақ бойынша әр кезеңде
қызығушылықтары мен белсенділіктері көрінді. Етістік туралы алған білімдерін көрсетті. Біріктірілген сыныптардағы ұйымдастырылған сабақтың құрылымы 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады.
І.Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең (өткенді қайталау,,сабақ мақсатымен таныстыру, байланыстыру, жағдаят туғызу)
ІІ.Сараланған бөлім Операциялық-орындаушылық кезең (проблемалық жағдаятты шешу жолдарын іздеу, оқушылар өздік жұмыстар орындау арқылы оқулықпен және қосымша материалдармен жұмыс істеу)
ІІІ.Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық бағалау кезеңі (тапсырмалар арқылы тақырыпты бекіту, қорыту , өзін-өзі бағалау, үй тапсырмасы )
Сабақта қолданылған әдістер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, талдау, көрнекілік, рефлексия,жинақтау. Көрнекіліктер: кестелер, бағалау парағы, таратпа материалдары, оқулық, суреттер (слайдтан),Сабақты ұйымдастыруда дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, ойын,ақпаратты-коммуникативтік (ғаламтордан көрсету) технологияларының әдіс- тәсілдері енгізілді.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақ нәтижесі бойынша 2 сынып 1оқушы «5», 2оқушы «4», 3сынып 2 оқушы «5», 1 оқушы»4», 1 оқушы «3»бағаларына бағаланды.
Сабақ жоспары:
Мақсаты: 1.Дара және күрделі етістіктер негізгі және туынды етістіктер туралы білімдерін пысықтау туралы алған білімдерін пысықтау
2. Оқушылардың ой-өрісін, қызығушылықтарын, танымдылық,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
3. Әдептілікке, шымыр болуға, денсаулқты күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау-мотивациялық кезең.
1.Ұйымдастыру кезең.
Қош келдіңдер балалар!
Оқуға құмар даралар
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар!
2.Психологиялық даярлық
Мұғалім:»Шынайы сыпайылық адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады»Бәріміз ортаға шығып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз тілейік.Оқушылар:
1.Еліміздің тыныштығын тілеймін
2. Күніміз жарық болсын!
3.Деніміз сау болсын!
4.Аспанымыз ашық болсын!
5.Алатын бағаларымыз тегіс бестік болсын!
6.Білімді азамат болайық.
7.Келе жатқан мерекелер құтты болсын!
Мұғалім: құрметті оқушылар! Әрқашанда жортқанда жолымыз болсын!-деп орны- мызға отырып,сабағымызды жалғастырайық.
Ата –бабамыз «мал-жан аман болсын-деп амандық сұрасып,тілек тілеп» отырады. Ерте заманнан бастап , төрт түлікті қадір тұтқан. Біз төрт түлік еліне саяхатқа шығамыз.Әр ауылдың сендерге дайындаған тапсырмалары бар.Сол тапсырманы мүдірмей орындап, алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай сандарын қойып отырамыз.
Слайд.Суретте нені көріп отырсыңдар? (жылқылар).
-Бұл қандай ауыл? («Қамбар ата» ауылы)
-Жылқы туралы не білесіңдер? (Жылқының пайдасы өте көп. Мінсе –көлік, жесе-тамақ,ішсе-сусын болады.т.б оқушылар өз ойларын айтады)
3. Өткенді қайталау. Слайд «Қамбар ата» ауылының 1-тапсырмасы: Қандай ұлттық спорт ойындарын білесіңдер? (Көкпар, күрес, тоғызқұмалақ, бәйге ат спорттары т.б)
Қызығушылықты ояту: «Бәйге » ойыны Ойын шарты кім сұраққа дұрыс,тез жауап берсе сол бәйгені алады.
1Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.Мысал келтір.
2.Етістіктің сұрақтарын айт. Мысал келтір
3.Құрамына қарай қалай бөлінеді:Мысал келтір
4.Тұлғасына қарай қалай бөлінеді? Мысал келтір
5.Бір сөзден тұратын етістік түрін ата.Мысал келтір
6. Түбір сөзден жасалатын етістік қалай аталады? Мысал келтір
7. Екі немесе оданда көп етістіктен құралатын етістік түрін ата. Мысал келтір
8. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістікті ата. Мысал келтір.
Мұғалім:бағалау парағына ұпайларыңды қойыңдар.
4.Сабақтың тақырыбын ашу.»Қамбар ата» ауылының тапсырмасында қандай сұрақ -тар туралы қойылған (етістік ережесі, сұрақтары, дара, күрделі, негізгі, туынды етістіктер жайында ) Олай болса, бүгін сабағымызда осы етістіктің түрлері туралы алған білімді пысықтаймыз
2-тапсырма Жұппен жұмыс. Жұмысты орындап,көрші оқушылар бір- бірін тексеру
2 сынып Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айт
боталайды  ырылдайды   кісінейді үреді мөңірейді
3 сынып Суреттегі зат атауларын беріл-
жұрнақтарды сызықша арқылы қос және айт

-ле, -та ,-те, -ла,–да, -де.
ІІ.Сараланған бөлімОперациялық-орындаушылық кезең Слайд
Енді келесі ауылға жолға шығамыз.Суретте нені көріп отырсыңдар? (түйе). Біз қай ауылға келдік? («Ойсылқара» ауылына келдік). Түйе туралы не білесіңдер?(Түйе Қазақстанның Оңтүстігінде, Оңтүстік батыста өсіріледі.Шөл кемесі,көлік,сүтінен емдік қасиеті бар сусын- шұбат жасалады.) «Ойсылқара»ауылының тапсырмасына зер салайық3- тапсырма.Оқулықпен жұмыс.142бет,
395 жаттығу.Мұғалім басшылығымен1.Мәтінді түсініп оқу( 1 оқушы оқиды)
2.Талдау, мәтінді өз сөздерімен жалғастыру, етістіктерді табу
3. Кестені толтыру (өз беттерімен)
Дара етістікКүрделі етістік. . .
. . .
3-тапсырма Өз беттерінше. Оқулықтың 173 беті 25-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу, ат қою,кестені толтырунегізгі етістіктуынды етістік. . .
. . .
Мұғалім басшылығымен тексеру.
оқушылар оқып, тапсырмаларды талдау.
4- тапсырма Өздік жұмысДара етістіктерді күрделі етістікке айнал- дырып жаз.2 сөйлем құрып дәптергежазу.
жүгірді- . . . , құйды- . . . ,
төлдеді - . . . , көрді- . . . ,
ойнады - . . .
Мұғалім басшылығымен тексеріледі.
4-тапсырма.Оқулық 172 бет 23-жаттығу
1Туынды етістіктерді теріп жаз. ,
2.Мұғалім басшылығымен үлгі бойынша ауызша талдату. Үлгі: ақта-туынды етістік, өйткені түбірі ақ ,»Ақ» сөзі сын есім,ал оған жалғанған -та жұрнағы жал-
ғанғанда қимылды білдіріп тұр.Сондық -тан ол туынды етістік,әр оқушыға бір сөзден талдату, қалғанын өз бетінше орындатуСлайд Оқушылар суретте нені көріп отырсыңдар?(сиырды) Онда біз қай ауылға кел-
дік?-деп ойлайсыңдар (Зеңгі баба). Сиыр күнде көріп, жақсы білетін төрт түлігіміз. Сиыр туралы не білесіңдер?(Сиырдың сүтінен айран, қаймақ, май, ірімшік, құрт,т.б ұлттық тағамдар жасалады. Етін жейміз.) Енді осы «Зеңгі баба» ауылының тапсырмасын қарайық.
Сергіту сәті . Оқушыларды «Қара жорға »биін билетіп демалдырып алу..
5- тапсырма Өздік жұмыс. 2,3 сыныптарға ортақ тапсырма.Дәптермен жұмыс.
«Менің сүйікті - спортым» тақырыбында шағын шығарма жаз Етістіктерді тауып, дара (негізгі) етістікті бір сызықпен, күрделі (туынды) етістікті екі сызықпен сызОқушылар жұмыстары ауызша талдау арқылы тексеріліп , ең үздік деген шығарма-
ны оқушыларға тапқызу.
ІІІ.Кіріктірілген бөлімРефлексиялық бағалау кезеңі-Балалар ,саяхатымызды одан ары жалғастырамыз. Суретке қараңдар, нені көріп отырсыңдар?(қойды) Біз қай ауылға жеттік?(«Шопан ата» ауылына келіп жеттік) Қойдың қандай пайдасы бар екен? ( Қой көп тараған -ұсақ мал. Бұныңда етін, терісін, жүнін пайдаланамыз) «Шопан ата» ауылының тапсырмасын қарайық.
Тапсырма «Кел, ойнайық» ойын түрінде берілген.»Қазақстан жеңімпаздары» ойыны. Ойын шарты бойынша: берілген тапсырманы дұрыс,әрі бірінші болып орындаған сынып жеңіске жетеді. Екі сынып жарысамыз.Жеңген сынып «Қазақстан жеңімпаздары» аталады.(тапсырма екі сыныпқа да таратпа қағазбен беріліп, жауап слайдтан көрсетіледі, жеңіске жеткен сынып анықталады)
6-тапсырма
2 сынып тапсырмасы. Берілген сурет бойынша ұлттық ойын түрлерінің атын тұстарына жазу.


6-тапсырма
3 сынып тапсырмасы: берілген спортшылардың суретінің тұсына спорттың қай түрінен жеңіске жеткенінжазу.


«Қысқы олимпиада» туралы екі топтан білетіндерін сұрап өту.
7- тапсырма Тест тапсырмасы, өздік жұмыс. Өзін-өзі тексереді, уақыт есептеледі. Жауап слайдтан көрсетіледі.
2 сынып1. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
а) жалқы және жалпыә) жекеше және көпшеб) дара және күрделі2. Дара етістікті тап
а) билеп жүрә) жүрб) бара жатыр3. Күрделі етістікті тап
а) келдіә) арқандаб) оқып отыр5. Күрделі етістік дегеніміз не?
а) бір сөзден болған етістікті айтамызә) екі немесе үш сөзден құралған етістік3 сынып1. Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
а) ашық,тұйық , бітеуә) жекеше және көпшеб) негізгі және туынды2. Негізгі етістікті тап
а) билеә) жүрб) ақта3. Туынды етістікті тап
а) күтә) арқандаб) бар
4. Аяғың ауырса, ...
а) сусын ішіңізә) бәрін білесіңб) көп жүрме5. Негізгі етістік дегеніміз не?
а) түбір сөзден болған етістікті айтамызә) түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жа-
салатын етістікКелесі қандай ауылға барамыз деп ойлайсыңдар? («Сексек ата» ауылына) Неге ? (Өйткені, төрт түліктің соңғы түлігі ешкі малы ) -Дұрыс, ешкі туралы не білесіңдер?
( оқушылар пікірі тыңдалады) «Сексек ата» ауылынада келіп жеттік.Бұл ауылда демаламыз.Жолда тапсырмаларда мүдірмей орындадыңдар. Бәріңнің де дендерің сау болсын! Білімді болып, өсіңдер! Бүгінгі жұмыстарыңды бағалау парағы бойынша ұпайларыңды есептеп бағалайық.
«Қамбар ата» ауылы«Ойсылқара» ауылы«Зеңгі баба»
«Шопан ата» ауылы«Сексек ата» ауылы№1 тап
№2 тап
№3 тап
№4 тап
№5 тап
№6 тап
№7 тап
ұпай сан
баға5ұпай қатесіз жұмысқа, 4 ұпай 1 қате кеткен жұмысқа,3 ұпай 2 қате кеткен жұмысқа,2 ұпай 3 қате кеткен жұмысқа,1 ұпай 4 немесе оданда көп қатеге, 0 ұпай орындалмаған жұмысқа.«5» баға 31-35 ұпай жинаған, «4» баға 27-30 ұпай жинаған, «3»баға 18-26 ұпай жинаған оқушыға қойылады.
Үйге тапсырма: төрт түлік туралы өлең, мақал құрастыр.Етістік тақырыбын қайталау.