Т?рбиелілігі: Топыра?ты ?ор?ау ж?мыстарымен адамдарды? шаруашылы? ?ызыметін топыра?ты? ??нарсыздануы, одан са?тау жолдары мен ??деу шаралары туралы т?сіндіру.


6-сынып Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді арам шөптен, зиянкестерден, аурудан қорғау
Білімділік: оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақтың жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Кіріспе инструктажы
5. Сарамандық жұмыс
6. Бекіту инструктажы
7. Жұмыс орнын жинақтау
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
Өткен жылғы тақырыптарды қа7-сабақ №1сабақ
Сабақтың тақырыбы: Егістіктанудың мағынасы. Жерді өңдеу. Қарақұмық, картоп, жүгері нің агробиологиялық ситаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.
Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (І курс), агрономия негіздері (І курс), қазақ тілі мен әдебиеті (І курс).
Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын тексеру. Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау.
ІІ.Тарауды бекіту бөлімі. Сабақты бастамас бұрын топ оқушылары осы тарау бойынша өтілген алты ауыл шаруашыгығы машинасына сәйкес алты топқа бөлінеді.Олар мыналар: әр топтың аты, ұраны, таңбасы болады.
Бірінші топтың аты «Соқа», ұраны: «Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым». Екінші топтың аты «Сыдыра жыртқыш», ұраны: «Өнеріммен өрге жүзем, еңбегіммен өмір сүрем».
Үшінші топтың аты «Тырма», ұраны: «Еңбектенем ер атанып, алға басам әлем танып».
Төртінші топтың аты «Нығыздауыш», ұраны: «Біз жалынды жастармыз, білімге жол бастаймыз».
Бесінші топтың аты «Өңдеуіш», ұраны: «Еңбек етсем еселі. Оңға ісім өседі».
Алтыншы топтың аты «Тегістеуіш». Ұраны: «Ізденістен ілгері іске». Бұл жарыс тапсырмаларына топтағы барлық оқушы қатысуға тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек. Ол кезде сұраққа жауап берген топтарға бір ұпай қосылып отырады.
Жарыс сабағының жалпы ұраны «Біліміңе, білім қос».
- деп, оқушылардың оқуға, жұмысқа деген ынта ықыластарын оятамыз. Әр топқа төрт-бес оқушыдан келеді. Жарыс сабағы бес тапсырмадан тұрады. Сонда жарыс шарты бойынша бірде-бір оқушы қалыс қалмауы тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек.
Машиналарға байланысты викториналық сұрақтар.
1.«Бәйге».
2.Машиналардың құрылысы.
3.Мақал-мәтелдер.(Егіншілік).
4.Жұмбақтар.
Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?
Жауабы:Жалпы және арнаулы жұмыс соқалары.
Корпус санына қарай соқалар қалай аталынады?
Жауабы:Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,сегіз және тоғыз корпусты болып аталынады.
Соқаның негізгі жұмыс органдары:1-дискілі пышақ,2- шым аударғыш,3- түрен, қайырма, жақтау (атыз тақтасы),5- корпус.
Сыдыра жыртқыштың құрылысы:1-рама,2- екі оң жақ секциялары,3-екі сол жақ секциялары,4-брустар,5-доңғалақтар,6-гидробасқару механизмі,7- тегістегіштер,8- реттелетін төмендеткіштер.
Тырманың құрылысы:1-рамаға байласқан металл брус түріндегі сүйретпе,2-тісті брус,3- көлбеулікті реттеу пышағы.
Нығыздауыштың құрылысы:1-бір алдыңғы, екі артқы буыннан, 2-рамадан,3- он үш дискіден,4-осьтен,5- тіркемеден,6-жүгі бар жәшіктен.
Өңдеуіштің құрылысы:1-рамадан,2-тіркеу тетегі,3- доңғалақ,4- жұмыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм.
Тегістеуіштің құрылысы:1-тартқыш арқалық, 2-ортаңғы секция, 4-тіреуіш доңғалақ, 5-гидроцилиндр, 6-гидрожүйе.
V1.Қорытынды. Мұндай дәстүрлі емес сабақтардың артықшылығы, қазіргі бәсекелестік заманда оқушылардың бір-бірімен бәсекеге түсіп, бір-бірінен озуға тырысып, білімдерін одан әрі шыңдай алады.Болашақ мамандарды даярлау барысында, дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі мұғалім сабаққа дайындалу сәтінде оның сабаққа деген қызығушылығы мен ізденісі арытып отырады.

7-сабақ №2сабақ
Сабақтың тақырыбы: П. Вигитациялық кезеңде дақылдарды баптап-күтуСабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.
Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (І курс), агрономия негіздері (І курс), қазақ тілі мен әдебиеті (І курс).
Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Өсімдік өсіру, өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығыныңның халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өсімдік өсіруге егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т.б. пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік өсіру – ауыл шаруашылығы өсімдіктері түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым. Өсімдік өсіру ғылым ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетация дәуірінің ұзақтығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, құрғақ зат жиналуын, зат алмасуын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін, т.б. зерттейді. Өсімдіктің биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай түр, сорт, гибридтерді аудандастыру, жерсіндіру, т.б. мәселелерді шешеді. Ғылыми тұрғыдан егіншілік, топырақтану, биохимия, генетика, селекция, микробиология, агрофизика, агрохимия, өсімдіктерді қорғау, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Жылыжайды желдету ұйымы.
Ежелгі ғасырларда-ақ адам жерді өңдеп, егіншілікпен айналыса бастағаннан пайдалы өсімдіктердің ең жақсы түрін, сортын іріктеп, оларды өсіру әдістерін жақсартып отырған. Өсімдік өсіру туралы жалпы деректер ежелгі Рим кезінен белгілі

Ал енді «майкене» өсімдігі жайлы не білеміз және Бәйдібекте майкенені ору науқаны қалай жүргізілуде? Оның гектарлық түсімі қандай? Бұл дақыл жөнінен алда нендей жоспарлар күтіп тұр? Осы сұрақтар бойынша диқандар қауымы және сала мамандарымен пікірлесіп, тақырыпты ақтарып, мәселені саралап көрген болатынбыз.
Майкененің шыққан тегін сұрасаңыз – аптап ыстықты Африка, оның ішінде Эфиопия деген ел көрінеді.
7 сынып №3сабақ
Сабақтың тақырыбы:Топырақты өңдеу, егінді егу
Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.
Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (І курс), агрономия негіздері (І курс), қазақ тілі мен әдеб