Конспект урока по математике К?бейту мен б?луге берілген есептер


Математика.
Көбейту мен бөлуге берілген есептер.
Мақсаты:
Білімділік. 1-2 амалдан тұратын есептің қысқаша шартын құрастыра білу, арифметикалық амалдардың орындалу ретін және фигуралардың периметрін әр түрлі тәсілдермен шығара білу.
Дамытушылық.Математикалық сөздік қорын дамыту барысында сауатты жаза білу дағдыларын қалыптастыру.Есептеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін күнделікті өмірде тәжірибе барысында пайдалана білу қабілеттерін дамыту.Математикалық ойлау үрдісі мен өз бетінше ой түйінін қорыта білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Табиғат байлығын ысырапсыз пайдалана білуге үйрету.
Не білу керек: Көбейту және бөлу кестесін білу керек.
Не істей білу керек: 1-2 амалдан тұратын сөз есептердің қысқа шартын құра білу керек.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс:Дүниетану.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыстары.
Көрнекіліктер: презентация
Сабақтың кезеңдері

Ұйымдастыру.
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
Жаңа сабақ.
Сөздік жұмысы
Жаңа сабақты меңгерту.
Оқулықпен жұмыс.
Сергіту жаттығуы.
Ойын «жеміс-жидектер дүкені»
Логикалық қызықты ауызша есептер
Геометриялық тапсырма.
«Кім ойшыл»
Қорытынды.
Ой қорыту.
Үйге тапсырма.
Бағалау. Мұғалімнің іс-әрекеті
Психологиялық дайындық жүргізу.
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Сабақтың мақсат-міндеттерін айту.
Ауызша есептеулер жүргізу.
300х9=2700
800х5=4000
60х90=5400
40х30=1200
9х8=72
8х7=56
7х6=42
8х6=48
-Қысты күні жеміс-жидектер қайда өседі?

1621155-1191260-Табиғи жолмен және жылыжайда өскен жемістердің айырмашылықтары бар ма?
-Жеміс-жидектердің адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы жылыжайға байланысты болмақ.
Кесте бойынша есептің қысқа шартын құрудың жолдарын түсіндіру.Үлгі ретінде бірінші бағандағы есепті шығарып көрсету.

1а. – 60 тг
А.- 4 ? тг
60х4=240 (тг)
Ж: жалпы масса 240 теңге
6858030480
Санды бірнеше есе артыруға берілген есеп.
Жандостың анасы дүкеннен 15 кг алма және одан 2 есе артық мандарин сатып алып келді. Жандостың анасы барлығы неше килограмм жеміс әкелді?
Көзге арналған электронды сергіту жаттығуы көрсетіледі.
Анасы баласына 1640 теңге беріп мынадай жемістер алып кел деді: 1 кг банан, 1 кг анар, 1 кг алма және 1 кг мандарин. Сатушыға желінбей ақшаны қалай жұмсар едің?
Бір топ бала тоғаннан
Он бес алмұрт жинадық
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 алмұрт
Сынайын бір ал сені
Бала сонда қанша еді?
(Ш: 15:3=5 бала)
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?
(5х5-1=24 алма)
Амалдарды орында.
(100 - 44) : 8 + 43=50
4284+829 – 1390=3723
540 : 6 – 150 : 3=40
2892 – 1435 + 700=2175
45 : 9 + (91 - 86)=10
3594 – 1064 – 456=2074
Гүлзардың периметрін тап.
20955193675

Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілдерімен есепте.
Бүгінгі сабақтың қорытындысы ретінде 1 мин. ашық тест алу.
1.Егер хатшы – референт 7 сағ ішінде 21 бет басса, онда ол 3 сағатта неше бет басады?
2.Егер 3 қорапқа сіріңке үшін 9 тг төленсе, онда осындай 5 қорап сіріңке үшін неше теңге төлеу қажет?
3. 2 ц картоптан 16 кг крахмал алынады. 3 ц картоптан неше кг крахмал алынады?
Бүгінгі сабақтан не үйрендіндер?
110 бет - 3/б. 111 бет- 5 есеп
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар орындарына отырады.
Тек жауаптарын ғана айтады.
2700
4000
5400
1200
72
56
42
48
Арнайы жылыжайда өсіріледі. Біздің Қостанайда да ондай жылыжай бар.
Бар. Олардың дәмдерінде.
Оларда көптеген дәрумендер бар.
Әр қатардан екі оқушыдан шығады.
1б. - ? тг
Б. – 3 240 тг
240:3 = 80 тг (1б.)
Ж: 1 банан 80 теңге.
1ж.- ? кг
Ж.-8 240 кг
240:8=30 кг (1ж.)
1ж. – 10 кг
Ж. - ? 240 кг
240:10=24 (ж)
Ж: 24 жәшік.
А.-15кг
М.- ? 2 есе артық ? кг
1) 15х2 =30 кг (М)
2) 15+30= 45 кг
(15х2)+15= 45 кг
Ж: барлығы 45 килограмм
Көздерімен орындайды.
250+600+270+450= 1570
1640-1570= 70
70 теңге қалады.
Тек жауаптарын ғана айтады.
5 бала
24 алма.
Үш оқушы тақтада орындайды.
(100 - 44) : 8 + 43
4284+829 - 1390
540 : 6 – 150 : 3
2892 – 1435 + 700
45 : 9 + (91 - 86)
3594 – 1064 – 456
Әр оқушы өз орнында отырып орындайды.
а=6м
в=4м
Р =? м
Р=6м+4м+6м+4м
Р=20м
Р= (6м+4м)х2
Р=20 м
Р=6м х2+4мх2
Р=20 мм
Болғаннан соң оқушылар бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.
Оқушылар тек қана жауаптарын жазады.
1 – 9 бет
2 – 15 теңге
3 – 24 кг
-Жылыжай туралы мағлұмат алдық.
-Кестелер бойынша сөз есептер құрастырып, қысқа шартын жаза білуді үйрендік.
- Есептеу қабілетімізді күнделікті тұрмыста практика жүзінде қолдана білуге үйрендік.
Сабақтың барысы.