Квиллинг техникасымен «??тты?тау ашы?хат» жасау


КММ «Тоқтамыс орта мектебі»



3-«А» сынып

Өткізген: Тогтамыс М . .

2016 жыл
« мектеп- лицей » КММ
Күні: 26.02.2016 ж.
Сыныбы: 3 «А»
Пәні: Еңбекке баулу.
Сабақтың тақырыбы:  Квиллинг техникасымен «Құттықтау ашықхат» . жасау
Білімділік мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену;Дамытушылық мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;Тәрбиелік мақсаты: құттықтау ашықхат жасау арқылы оқушылардың бойына ананы сыйлау, құрметтеуге тәрбиеле, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабқтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлгі, қағаз, желім, қайшы, карандаш, түрлі-түсті қағаздар, мақал.
Сабақтың типі: Пысықтау
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу, математика, дүние тану.
Сабақтың әдісі: көрсету, айту, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесі, түгелдеу. Оқушылардың құрал-саймандарын түгелдеу. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең , терлеп,
Мұның аты-ЕҢБЕК.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты-ЕҢБЕК.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең-ЕҢБЕК.
Қиындықтың бәрін,
ЕҢБЕК қана жеңбек.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қиылған қағазды шиыршықтау .
Үй жұмысын жеке-жеке аралап тексеріп шығамын. Жақсы жұмыс жасағандарды бағалау.
.Жұмбақ сұрақтар/ сабаққа дайындық.
«Өзіңе қажетті құралдарды тап» ойынын ойнаймыз.
Түзу сызатын құрал? /Сызғыш/
Екі бөлікті өзара біріктіретін зат? /Желім/
Мата мен қағазды қиятын құрал? /Қайшы/
Бір жорға бар шабысты,Ақ қағазға жабысты.Жорғаласа тайпалап,Келтірер көп табысты./Қарындаш/.
Ата тегі ағаштан болды,Ақылын тауып, әсем жанды.Теңіз беті шимайланды,Бірақ ойым симай қалды./Қағаз/
Жұмыс кезінде нені есімізден шығармауымыз керек./Қауіпсіздік ережесін, тазалық/
ІІІ.Жаңа сабақ.
Квиллинг – жұқа қағаз таспаларын шиыршықтап орай отырып, түрлі бейнелер мен заттар жасау. Оны жасауға арналған арнайы квиллинг қағазы да болады.Квиллинг өнерінің де кәдімгідей тарихы бар. Оның пайда болған жері нақты ешкім білмесе де, ол Еуропа жерінен шыққан деп есептеледі. Бірақ ол Батыс пен Шығыс елдерінің арасында жүріп, әр елдің ұлттық нықышына қарай дамып отырған.Квиллинг сөзі ағылшынның «құс қауырсыны» деген сөзінен шыққан. Себебі, ертеде қағазды шиыршықтап орау мақсатында құстың қауырсыны пайдаланылыпты
Код кестесі арқылы ашықхаттты кімге жасайтынымызды табайық.
Код кестесі
А Ә Б В Г Ғ Д Е Е Ж З И Й К Қ Л М
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш
18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34
Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я
35 36 37 38 39 40 41 42
1, 42, 26, 16, 37. / Аяулы
17, 8 , 18, 38 , 19 /менің
1, 18 , 1 , 34, 37, 17./ /анашым.
Ана
Ана ардақты есім. Өмірдегі ең асыл, мейірімі шексіз жан. Анамызға сыйлықсыйлау біз үшін  үлкен бақыт  болуы тиіс. Қаншалықты  сыйлық берсең де,  оның ақ сүтін  ақтай алмаймыз. Ана үшін  ең бақытты  сәт – баласының  аман болуы. Аналарды құрметтеу, сыйлау  - бізге парыз. Оларға өз алғысымызды білдіретін   мерекелердің бірі – халықаралық 8 наурыз мерекесі. Мереке қарсаңында  аналарға  сыйлық      тартсаң та жарасады. 
Сыйлықтың қымбат, пайдалы зат болуы  міндетті емес. Бірақ алған сыйлығың  ол адамға ұнайтындай  болуы керек. Сыйлықты таңдағанда ол сенің де  талғамыңды  танытып тұратын болсын. Пайдалы немесе пайдасыз да сыйлықтар бар. Сенің жақсы көрген  сыйлығың басқа адамға  ұанамауы да,  керексіз, пайдасыз болуы да мүмкін. Қымбат сыйлық  беру адамның материалдық жағдайына байланысты.  Мұндай  сыйлықтарды бірнеше адамның бірігіп алғаны дұрыс. Анаңа , досыңа , туысына  арнап  шығарылған өлең, ашықхат , салынған суреттен қымбат сыйлық жоқ.
Сұрақ-жауап, сабақтың мақсатын түсіндіру/анаға арнап ашықхат жасау.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:
Қайшыны ашық қалдырмау.
Қайшыны доғал жағымен ұсыну.
Желімді ашық қалдырмау.
Қайшымен жұмыс жасағанда саусақты абайлауымыз керек.
Сарамандық жұмыс. Слайд үлгілермен танысу. Квиллинг техникасы.
Түрлі – түсті қағаздан шиыршықтап жасау әдісі.Қажетті құрал - жабдықтар: қағаз, қайшы, қарындаш, ПВА желімі, ши.Жұмыстың орындалу реті:Қағазды қиып алу, шиыршықтау, әсем гүлін жасау, дайын үлгіге қағаз бетіне қондыру.Қауіпсіздік ережелерін сақтау:• Оқушылардың жұмысын тексеру, түзету;• Оқушыларды үнемділікке, таза ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Үлгіге қарай отырып ашықхат жасаймыз жасаймыз.
Күлгін парақты ұзына бойы сызамыз (1см болу керек)
Сызық бойымен түзу қиямыз.
Қиылған қағаз жолақшаларын тығыз қылып шайба тәріздес шиыршықтау, бір жақ бөлігінен итеріп томпиіп тұрғандағы форманы беру;
Үлгіге қарап ашықхатты сәндеу.
IV Жаңа сабақты бекіту.
Қандай үлгі бойынша жұмыс жасадық?
Бұл сыйлықтарды қай кезде қолданамыз?
VҚорытындылау.
Сонымен біздің қолымыздан сан түрлі бұйымдар жасауға болады екен. Өз қолыңнан жасаған сыйлыққа жетер сыйлық жоқ.
VI.Үйге тапсырма.
Ашықхат ішіне тілек жазу.
VIІ. Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысып отырғандарды, жұмыс жасағандарды бағалау, мадақтау.
Білім жетілдіру тақырыбым: «Бастауыш сынып оқушыларымен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру»
Өткізген сабақты талдау
Күні: 26.02.2016 ж. Сыныбы: 3 «А» сынып Пәні: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Квиллинг техникасымен «Құттықтау ашықхат» жасау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: өзге елдер өнері квиллинг туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрену;Дамытушылық мақсат: оқушылардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;Тәрбиелік мақсаты: құттықтау ашықхат жасау арқылы оқушылардың бойына ананы сыйлау, құрметтеуге тәрбиелеу, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ қалай өтті: Оқушылар мұғаліммен қонақтармен амандасты «Шаттық шеңбергінде» тұрып еңбек туралы психологиялық дайындық жасады, оқушыларға мұғалім бүгінгі сабақтарына сәттілік тіледі.Жұмбақ сұрақтарға жауап бере отырып сабаққа қажетті құралдарды дайындады.
Жаңа сабақ барысында тақырып бойынша мәлімет берілді. Тақырыптағы ашықхаты кімге жасаймыз деген сұраты код кестесі арқылы шешу оқушылардың қызықтыра түсті. Ана ,сыйлық тақырып бойынша қысқаша түсінік берілді.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсірдік.
Практикалық жұмыс. Барысында слайд үлгілермен танысып, квиллинг техникасы бойынша жұмыс жасалды үлгілері көрсетіліп, сол үлгілер бойынша жұмыс жасалды.
 
Сабақ барысында оқушыларды өздігінен үлгі бойынша жұмыс жасай білуге және тазалыққа , ұйымшылдыққа, тәрбиеленді.
Үй тапсырмасын беру
Үйге тапсырмасын түсіндіре отырып берілді.
Бағаланды.
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
Көздеген мақсатым.
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.


19050165735