Арайлы алтын к?з! ерте?гілігі


Арайлы алтын күз
Тәрбиеші:Сәлметсіңер ме балалар,құрметті қонақтар!
«Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді.
Қызыл,сары,алтын көк
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап.
Тәрбиеші:Балалар күзде ауа райы қандай болады?
Балалар:Салқын болады,жаңбыр жауады.
(Музыка ойналады,залға билеп Күз ханшайымы кіреді).
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,сүйкімді балалар.Бүгін сіздерде мереке болып жатыр ғой,дендеріңіз сау болып,дастарқандарыңыз жеміс жидекке толы болсын.
Балалар мен сендердің тақпақтарыңды ән мен билеріңді сағынып келдім.
Тәрбиеші: Күз ханшасы балалардың тақпағын қабыл алыңыз..
Данель:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға
Шақырады біздерді.
София:
Ой балалар балалар,
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.
Мансур:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Нұрдаулет:
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,ал қәне бәріміз ән салайық.
Ән:Топ-топ балақан.
Тәрбиеші:
Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді,
Ән салмайды өтеді.
Күз келді.Ауа райы өзгерді.Бұлт үйірілді,күн күркіреді,жаңбыр жауды.
/залға қоян кіреді/
Қоян: Сәлеметсіңдер ме,сүйкімді балалар.Бүгін сендерде мереке болып жатыр ма?
Балалар? Ия
Қоян: Дендеріңіз сау болып,дастарқандарыңыз жеміс жидекке толы болсын.
Балалар қыс мезгілі жақындап қалды,маған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия
Қоян: Ал кішкентай балалар ойын ойнаймыз.
Ойын: «Кім шапшаң»
(Себетке топтың балалары сәбіз толтырады).
Қорытынды: Балалар бізге қонаққа кім келді?
Қоян қандай жануар?
Қоян не жақсы көреді?
Тәрбиеші: Ал ондай болса балалар,біз қоянға ән айтып берейік.
Ән: Қайда-қайда?
Қоян: Рахмет! Балалар маған қысқы тамағымды мол жинап бердіңдер,енді мен орманға қайтайын.
Күз ханшайымы: Рахмет балалар,енді менің сыйымды қабыл алыңдар.
Балалар: Рахмет!
Тәрбиеші: Балалар Күз ханшасының сыйлығына ризасыңдар ма? Сонымен бүлдіршіндер күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Рахмет! Топтарымызға барып,Күз ханшасының сыйлығын бөлісіп алайық.