Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба? сайыс саба?ы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІБАСТҰЗ КОЛЛЕДЖДІ
БЕКІТЕМІН / УТВЕРЖДАЮ:
ТЖбойынша директор орынбасары: ___________Д.Е. Кишомарова «___» _______________ 2016 ж.
Қазақстан Республикасы халықтары Тілдері күніне арналған «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты тілдер айлығына жоспарланған сайыс әзірлемесі
Тақырыбы:«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Күні:13.09.2016
Дайындаған оқытушы:
Шариғат Айгерім
2016-2017 ж
Топ: НОБ-216, НОБ-225
Мерзімі: 13.09.2016
Мұғалім: Айгерім Шариғат
Сайыс сабағының тақырыбы:«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»Сабақтың мақсаты: тілдер айлығы аясында өткізіліп жатқан сайысқа студенттерді жұмылдыру, белсенділіктерін арттыру.ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.б) Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, оқушыларды жарыстыру.Көрнекілігі: төсбелгілер, кітаптар, қанатты сөздер, салт – дәстүрге байланысты заттар, суреттер, интербелсенді тақта.Сабақтың түрі: ойын, жарыс.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.Ортаға топтағы екі жігіт шығады, екі түрлі кәмит тарату арқылы өз топтарына адам жинайды.

Сайыстың жүрісі:1. Өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі, аты.2. Мақалдар сайысы.3. Жұмбақтар сайысы.4. Көрермендер сайысы.5. Қорытынды бөлім.1 – бөлім.Сайыскерлер өздерін таныстырады.Сайыстың шарты.2 – бөлім.а) сөзге мақал құрастыру;ә) берілген мақалдардың жалғасын табу;б) сөздің мағынасын ашу.3 – бөлім.а) жұмбақ шешу;ә) жұмбақ дайындап келу.4 – бөлім.а) көрермендерге жұмбақ беру;ә) мақалдар мағынасын ашу.5 – бөлім.Жұмбақшыға жұмбақ жасырады, соның тапқан шешуіне мақалшы мақал құрастыру керек.Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқалары сайланады. Сайыс төрт жол өлең шумағымен басталады.
Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,Келген жоқпыз кешке бекер еругеТиістіміз болашақтың алдында,Тік түрегеп, тура жауап беруге.Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар, - дегендей студенттердің тапқырлығы мен ой – өрісін тексеру мақсатында 2 – бөлімін бастаймыз.Бірінші кезек. Мақалды құрастыру.а) еңбек;ә) ана тілі;б) достық.Екінші кезек. Мақалды жалғастыру.1. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты – шешеге.)2. Атаңа не қылсаң,... (алдыңасолкелер.)3. Туған жердей жерболмас... (туғанелдей ел болмас.)4. Батыр туса – ел ырысы,... (жаңбыржауса – жерырысы.)5. Екіжақсықасболмас,... (екіжамандосболмас.)6. Төртеутүгелболса, төбедегікеледі,... (алтауалаболса, ауыздағыкетеді.)7. Әдептіелдіңбаласы,... (алыстансәлембереді.)8. Ұяда не көрсең... (ұшқандасоныілерсің.)9. Сөз жүйесін тапса... (мал иесінтабар.)10. Жақыныңды жаттай сыйла,... (жат жанынантүңілсін.)Үшінші кезек. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)2. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізеалмау)3. Ит өлген жерде. (алыс, қашық)4. Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам)5. Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену)6. Тайға таңба басқандай. (анық, нақ)7. Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу)3 – бөлім. Жұмбақтар шешу.1. Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)2. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (Күнтізбе)3. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)4. Жаңылмастан жетеуі, кезе кқызмет етеді. (Аптакүндері)5. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (Сөйлем)4 – бөлім. А) Көрермендерге жұмбақ беру.1. Шік түсті, бүк түсті,Алшы тұрды, тәйке тұрды,Шеше алады бұны кім.(Асық)2. Қызыл қырман ойнайтын,Қай мезгілде тойлайсың?(Күз)3. Аппақ дала, қарадән,Дәнін сепкен – түсінуге жараған.(Әріптер)Б) Мақалдың мағынасын ашу.4. Ұяда не көрсең, ұшқанда сонны іледі.5. Күлме досыңа, келер басыңа.6. Ат акөрген – оқ жанар, шеше көрген – тон пішер.5 – бөлім. Қорытынды. Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, соның тапқан сөзіне мақалшы мақал құрастыру керек.1. Жарыққылып қостоғайдың етегін,Айтшы ол не екенін? (Көз)Көз қорқақ, қол батыр.2. Білімнің дәнін тереді,Балаға тәлім береді. (Ұстаз)Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы.3. Өсіп тұрған бұл не?Жа зболса жайнап.Саясында ән салып,Құстар жүрген сайрапСалқын түссе шешіліп,Қалады өзі жайрап. (Ағаш)Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.4. Өзі қысқа, өзі нұсқа,Сөз қаймағын есіңе ұста. (Мақал)Мақал – сөздің мәйегі.5. Оң жағында бес сарбаз,Сол жағында бес сарбас. (Саусақ)Саусақ бірікпей – ине ілікпейді.
Сабақты қорытындылау.Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.
Жеңімпаздар - «Мақалшылар» тобы.