?аза? тілі п?ні бойынша саба? жоспары. Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? елордасы-Астана ?аласы


Сабақтың атауы Қазақстанның елордасы-Астана қаласы
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Адамның сөйлеу, жазу арқылы хабар беру көрінісін бейнелейтін суреттер, хабар тарату құралдары (ИТ, компьютер).
Жалпы мақсаттарМақсаты: адамдар бір- бірімен қарым-қатынас жасауы үшін сөйлеудің қажет екендігін ұғындыру.
Пәндік нәтиже: Сөйлеудің тіл арқылы жүзеге асатынын ұғындыру; сөйлеу арқылы көп нәрсені біле алатынын түсіну.
Тұлғалы нәтиже: дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,қазақ тілін құрметтеуге , өз Отанын сүйе білугеүйрету.
Жүйелі-әрекеттік нәтиже: пайымдай білу дағдыларын дамыту; зейіндерін арттыру.
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін.
Ынтымақтастық атмосферасы Кім үлкенді сыйласа,Кім үлкенді тыңдаса.Үлкен болған кезіндеСыйлы болмақ өзі де. Оқушылар шаттық шеберін бірге қайталайды.
Үй тапсырмасын сұрау
Дәптердегі жаттығуларды қарап шығу
Қызығушылықты ояту Қазақстанның елордасы-Астана қаласыАстана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады (1 қаңтар 2015). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба. Оқушылар денелерін жаттықтырып,сергіп қалады
Ой толғаныс
Астана

Үй тапсырмасы 4-тапсырма 85-бетте Күнделіктеріне жазады