Шала т?рленіп дамитын буна?денелілерді? аса ма?ызды отрядтары


Сабақтың реті:№ 34 Сынып: 7 «А» Күні: 12.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шала түрленіп дамитын бунақденелілер отрядының түрлері, көбею жолдары, және олардың пайда –зияны туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: Оқушыларың пәнге деген қызығушылығын ояту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту;
Білімділігі: Оқушыларға шала түрленіп дамитын бунақденелілер және олардың пайда –зияны туралы түсінік беру;
Тәрбиелілігі: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, коллекция, плакат, электронды көрсетілімдер
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ақпараттық тірек-сызба, кестемен жұмыс.
Сабақ типі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі:
амандасу
түгендеу
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру:
сұрақ-жауап
Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?Білгендеріңді атаңдар.
Жәндіктердің барлығын бунақдене деп атауға болама? Неге олай атау дұрыс емес деп ойлайсың?
Бунақденелілер деп аталу неге деп ойлайсың?
Бунақденелілердің құрылысы неше бөліктен тұрады?
Кестемен жұмыс. Сәйкестендіру
Шыбын Шаншып сору
Маса Сүзіп алу
Тарақан Түтік тәрізді ауызбен сорушы
Балара Кеміруші
Көбелек Кеміріп жалаушы
ІIІ. Білімін тексеру:
Төмендегі сызбаны толтырыңыз
Тура даму ......................................................................
Толық түрленіп даму.....................................................
Шала түрленіп даму......................................................
ІV. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Оқушыларға шала түрленіп дамитын бунақденелілер және олардың пайда –зияны туралы түсінік беру;
V . Жаңа сабақ түсіндіру:
Шала түрленіп дамитын бунақденелілер туақанаттылар отряды болып табылады.Бұлардың алдыңғы қанаттары денесінде қомдалатын, қатқылдау келген, денеге тура орналасқан, енсіздеу болады. Қанаттың жалпақтау келген екінші жұбы жарғақ қанат, тура қанаттың астына орналасқан. Ауыз мүшелері кеміруге бейімделген. Шегіртке, шекшек, шілделік, саяқ, бұзаубас тәрізді бунақденелілер туақанаттылар отрядына жатады.
Тарақандар отряды
Тарақандар жалпақ денелі болып келеді. Үйде тіршілік ететін ірі қара денелі және шағын денелі қоңыр тарақандар азық-түлікті бүлдіріп қана қоймастан, адамға әртүрлі ауруларды туғызады.
Дәуіттер отряды
Ол қорегін түтқы аяғымен аулайды.
Инеліктер отряды
Инеліктер-жемін күндіз аулайтын жыртқыш бунақденелілер. Олар су маңында ұшып жүріп көбінесе масаларды құртады.
Биттер отряды
Биттер ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделген қанатсыз ұзақ, бунақденелі жәндіктер.
Қанаттылар отряды
Басым көпшілігі мәдени өсімдіктерде тіршілік етеді.
Бүргелер отряды
Бұл қатқылқанаттылар мен қосқанаттыларға ұқсас қан сорғыш бунақденелілер отряды.
Қосқанаттылар отряды
Ең ұшқыр жәндіктер. Тек алдыңғы екі қанаты ғана болады.
VI. Бекіту:
Төмендегі кестені толтырыңдар
Тура дамитын бунақденелілер Шала түрленіп дамитын бунақденелілер Толық түрленіп дамитын бунақденелілер
VII. Қорытынды:
Биологиялық диктант
Бунақденелілер класы...........................клас тармағына бөлінеді, біріншісі ..........,екіншісі............., туақанатсыздар – жай көзді .......дамитын жәндіктер. Жалпы бунақденелілердің ......................отряды бар. Даму жолдарына байланысты отрядтар .....................түрленіп және .................түрленіп дамиды.
Дұрыс тұжырымын тап (иә немесе жоқ)
Бунақденелілердің үш клас тармағы бар.
Туақанатсыздар тура дамитын қарапайым жәндіктер.
Жалпы бунақденелілердің 24 отряды бар.
Тарақандар ауру таратады.
Дәуіттер зиянды жәндіктер.
Биттің жұмыртқасын жұлдыз құрт деп атайды.
VІІI.Үйге тапсырма:
§50 оқу. Жұмыс дәптерін толтыру.
Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің табиғатқа тигізетін зияны туралы эсс жазу.