Та?ырыбы:Программалы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі (5 сынып?а арнал?ан ашы? саба?)


Пән мұғалімі Бегжанова Гулшат Күні 14.10.2016 жылы
ПӘНІ Информатика Сыныбы5 «е»
ТАҚЫРЫП Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы
МАҚСАТЫ Программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйе туралы танысады.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Оқушылардың операциялық жүйе мен программалық жабдықтаманың атқаратын қызметін үйрену.
КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
І. Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут) Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу.
І. Ақпарат
ІІ. Информатика
ІІІ. Компьютер
Амандасады. Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.
7мин
Үй тапсырмасы 1 тапсырма. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын тауып орналастырады. Тапсырманы орындаған топқа 1 балдан беріліп отырады
Компьютердің негізгі құрылғыларына: монитор, пернетақта және жүйелік блок
Компьютердің қосымша құрылғыларына: тышқан, дыбыс шығарғыш, сканер, принтер, микрафон, құлаққап, модем
2 тапсырма. Шашылған пернетақтаның бөліктерін жинап құрастыру
Оқушылар суреттерді пайдаланып желіммен жапсырады
ІІ. Мағынаны тану
(12минут)
Жүйелік программалық жабдықтама
          Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.
Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық  жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.
Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.
Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.
Қолданбалы программалық жабдықтама
          Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері
          Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.
         Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
Оқушылар түйінді жазып алады
Практикалық жұмыс
20 мин Бар әлемнің баласы 1 балдан беріліп отырады
Бар әлемнің баласы.
Бірге біздің жырымыз,
Бірге серуен құрамыз.
Бірімізді біріміз
Күнде көріп тұрамыз.
Жолдарымыз жосылып,
Жатыр асқар тауды асып.
Орманымыз қосылып,
Жолдарымыз жалғасып.
Таңыда ортақ аспанның,
Жарығы ортақ жұлдыздың.
Тілегіміз бір біздің,
Жүрегіміз бір біздің
өлеңді жазған: Сағи Жиенбаев Жеке
компьютерде жазады
Сергіту сәті
(2 минут) «Көңілді күн» Видео роликтағы қозғалысты қайталайды.

Сыйқырлы атаның сұрақтары
Сұрақтарға жауап береді. Жұрыс жауапқа 1 балдан беріліп отырады
Адам мен компьютер арасындағы арақашықтық қанша сантиметр болуы керек? (55-65см)
«ақпарат» дегеніміз не? (әлемдегі болып жатқан құбылыстарды айтады)
ақпараттың қандай түрлері бар? (сан, мәтін, дыбыс, видео, графика)
1 байт неше битке тең? (8)
Компьютер алдында отырғанда қолымызбен аяғымыз қанша градус болуы керек? (90 градус)
«информатика» сөзінде қанша бит бар? (88)
1 кбайт-та неше бит бар? (1024 байт)
компьютер қандай машина (әмбебап)
қабылдау тәсілдеріне қарай ақпараттың қандай түрлері бар? (есту, көру, дәм сезу, сипап сезу, иіс сезу)
процессор компьютердің («миы») болып келеді Қолдарын көтеру арқылы топтар жауап береді
Кері байланыс
(2 минут) Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін жазады стикерге Стикерге жазып
Бағалау
2минут Жинаған балдарына қарай бағалау бағалау
Үй тапсырмасы
2 минут Тақырыпты мазмұндай Оқып келеді