Статья на тему: ?аза? тілін ?атысымды? ба?ытта о?ытуды? тиімділігі


Қазақ тілін қатысымдық бағытта оқытудың тиімділігі
Ұ.Жәкеева, №32-мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Астана қаласы
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттіктіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақта қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын айтып, тілдің қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Демек, көпшілік ортада қазақ тілін қатысымға енгізуге əрбір азамат жауапты. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді.
Пəннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесімен дəйектеледі.
Қазақ тілін жүйелі əрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ əдебиеті шығармаларымен кіріктіріле беріліп отыр. Білім мазмұнын іріктеуде көркем шығармалардың жүйелі, ықшамдалып берілуі жəне əдебиеттiң теориялық мəселелерi, көркем шығармаларды талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, əр сыныпта біртіндеп күрделеніп отырып берілген, мазмұнды іріктеудің спиральдік (шиыршық) принципі басшылыққа алынған. Олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады.
Мұғалім тек бағыт беруші де, ал окушы – ситуациядан шығушы. Сондықтан қатып қалған кеңес дәуірінің әдістемесінен аса алмайтын, ізденбейтін, өз білімін үнемі көтеріп отырмайтын мұғалім ешқашан да тілді үйрете алмайтынын қазіргі заман талабы байқатып отыр. Мультимедия, интерактив әдістеріне арналған дискілер әр мектепте бар. Техника ғасыры бізді мойындатса, оны қазақ тілі сабақтарында колданудың уакыты келді дегім келеді.
Қатысымдық әдіс біріншіден, оқушылардың ауыз-екі сөйлеу қабілеттерін арттырады, өз пікірлерін айтуға жауапкершілікке үйретеді.
Екіншіден, оқу үрдісінде оқушылардың коммуникативті, дамытушылық іс-әрекеті қоршаған ортамен тығыз байланыс арқылы жұзеге асады.
Бұл жерде тіл үйрету алдында отырған оқушыны сөйлетіп шығарамын деп алдына міндет қояды. Өзге ұлттың өкілін сөйлетемін деп отырғанда, өз ұлтымыз уақытын босқа өткізіп алады. Соңдықтан өзге ұлттың өкілдері мен мүлдем тіл білмейтін қазақ балаларын бір топқа отырғызып, олармен лексика, грамматикалық жұмыс түрлерін бағдарламаға сәйкес жүргізгенде ғана өз нәтижесін береді.
Ал сөйлеп отырған балаға ана тілін тереңдетіп оқытып, ауыз әдебиетінің жанрларына жақын, төл әдебиетіміздің шығармаларың тереңдете отыра білім нәрімен сусындату қажет. Өз еліміздің тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын тереңірек ұғындырсақ, олардан ертеңгі күні елін, халқын, Отанын сүйетін нағыз патриоттары танитынымыда шек жоқ. Шет тілдері әдістемесінде бастауыш сыныпта алған топты мұғалім жалғастырып, білім нәтижесін беріп жатады. Ал кейбір мектептерде топты бастауышта бір мұғалім оқытса, орта буын, жоғары сыныпта басқа мұғалімдер оқытып жатады. Сонда жауапкершілікті кім көтереді? Бұл жерде оқушының тіл үйренудегі өсу деңгейін кімнен сұрайды екенбіз?
Қазақ балалары отырған топта да, өзге ұлттың өкілдері отырған топта да өткізген тиімді. Дидактикалық принципі: өмірмен байланыстыру. Оқулықтағы мәтіндері үнемі сараптап, керекті жолдарымен талдау жасатып, эссе жазғызып оқушының ойын дамытпаса, оқушы қоршаған орталығы кездесетін кедергіден шыға алмайды. Мысалы:
Көшеде келе жатып адасып кеттің, жөн сұра.
Сағатың тоқтап қалыпты, уақытты сұрайсың.
Қатысымдық әдіс әлемдік практикада жаңалық емес. Оның негізінде оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын жұмыстары арқылы болошақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Өлен жазу, нақышына келтіріп мәнерлеп оқуды тек сабақта ғана жүзеге асырмай, оны «Тіл дамыту», «Абайтану», «Мағжантану» курстарында дамыту керек. Шығармашыл мұғалім оқушыны үнемі ізденіске, тапқырлыққа итермелейді. Ал оның бойына шырақ болып еніп, білім нәрімен сусындата білген ұстаз еңбегі қашан да өтеусіз қалмайтыны хақ.
Қазіргі кезде шет тілдер оқуға деген сұраныс көп те, ал қазақ тілі сабақтарына балалар немқұрайлылықпен қарайды. Оған не себеп? Шет тілдерін оқыту орыс мектептерінде қазақ тілін оқытумен ұқсас. Ағылшын тілін басқа тілдің маманына беруге жол берілмейді. Ал қазақ тілін орыс мектептерінде ұлт мектептерінің мамандары жүргізіп келеді. Мектепке маман таңдау кезінде осы жағдайды ескеріп, қатаң қадағалаған жөн. Әдістеме жағынан ұлт мектептерінің қазақ тілінің мұғалімдері қазіргі талаптағы сабақтарды бермей, мәтінді оқытып, аударудан аса алмай жатса, қайтіп тіл үйретіліп мемлекеттік тілдің деңгейі көтеріледі?
Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін оқытуғы аптасына бес сағат – бір сағ әдебиет пәні жүргізіледі. Бірақ оқушы сабақтан шыққан соң, үзілісте сабақ кестесі бойынша жүргізілетін келесі сабақта да орыс тілінде сөйлейді. Сонда біздің бір сағат оқытқан лексикамыз қолданысқа енбей қалады. Сондықтан өзге тілді мектептердегі барлық сабақтарда қатысымдық ауыз-екі сөйлеу стилі жүзеге асырылуы керек. Мемлекеттік тілдің деңгейін аз уакыт ішінде көтерген мемлекеттерің тәжірибесіне сүйенсек, барлық пән мұғалімдері қазақ тілі курстарында сабақ барысындағы тілдік қатынасты, ұйымдастру барысын мемлекеттік тілде жүргізілуге кректі меңгергендері шарт.
Сонымен, корыта айтқанда, өзге тілді мектептерде оқылатын қазақ тілі сабақтарында қатысымдық бағыттың коммуникативтік кұзіреттілігін дамыту процесі баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі, айтар ойын жеткізе білуі, өзінің көзқарасын дәлелдеп, қорғап шығудың тілдік қатысымдық тұлғаларды қарым-қатынаста қалыптастыруда зор дегім келеді.