Математика ?ш та?балы сан?а жазбаша к?бейту т?сілі 4 сынып



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы Степногорск қаласының білім бөлімі
Бестөбе кентінің негізгі мектебі

Пән: Математика
Сынып: 4 «Ә»
Тақырып: «Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері»
(ашық сабақ)
Өткізген:
Бастауыш сынып мұғалімі
Саттарова А.М
2013 – 2014
оқу жылы
Сонау – сонау алысқа, жүзсің десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Математика – ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілімен таныстыру,
есептеу дағдысы мен әр түрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық: Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО технологиясы
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Көбейту кестесін сұрау
9*6= 54 7*7=49 9*9=81 5*7=35
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІІ.Психологиялық жаттығу
Математика керек әр үйге, математика қажет өмірде.
Балалар «математика» сөзін оқығанда көз алдарыңа не елестеп, қандай ой келеді?
Математика бұл:
шығармашылық ғылым
тапсырмалар оқулық

Математика

сандар, цифрларесеп
көбейту амал геометриялық фигуралар
кестесі таңбалар
Біз не істесек те, барлығы математикамен сабақтасады. Бізге қайта санауға, өлшеуге, санап шығуға және болжауға, сондай – ақ түрлі есептер шығаруға тура келеді және математиканың көмегімен осылардың барлығын біршама ойдағыдай жасаудың сәті түседі.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тқырыбымыз «Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері»
Тақтаға назар аударайық.
*2217 Ең алдымен бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін табамыз.
205 Ол үшін 2217 – і 5-бірлікке көбейтеміз мәні 11085, енді
11085 сандағы ондықтар саны 0 –ге тең. Кез – келген санды 0–ге
+4434 көбейткенде 0 шығады. 2217 – і 2 жүздікке көбейтемін мәні
4544854434 енді барлығын қосамыз. 2217 мен 205 – тің көбейтіндісі
мәні 454485.
Қызығушылын ояту.
Үйлердегі бос торкөзге сәйкес санды жазу.
100000
1 +
100540 -
1200
6*
50 +
15854
+ 854
15890 -
720
36 *
: 2




Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың 46 – бетін ашамыз.
Дәптермен жұмыс.
Бүгін нешесі?
24 ақпан
Сынып жұмысы
Көркем сан
98765
№1 тапсырмасын орындау.
Оқушылар тақтада орындайды. *2413 * 2413 * 2521 * 2521
210 201 430 403
2413 + 2413 + 7563 + 7563
+4826 4826 10084 10084
506730 485013 1084030 1015963

Сергіту сәті
1,2,3 біздер тату боламыз,
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасап,
Жақсы сергіп қаламыз.

№3 ауызша шығару.
8 қап қант 34000 теңге тұрады. 26 қап қант қанша теңге тұрады?
34000: 8 = 4250
4250 : 26= 110 500
: 70
«Футбол» дидактикалық ойын.
: 1000
-265



-985
+459
*459
: 250
7000


Мағынаны ашу

*+ * түріндегі үлгіге
сәйкес берілген сандардан құрастыр және олардың мәнін тап.
1290
309
4725
204

3511
106
1732
502

«Жеті жұрттың тілін біл» ойыны
Логикалық есептер шығару.
1.Мадина тығылған достарын іздеп жүр. Ол шымылдықтың артынан 10 аяқ көрді.Сол жерге оның неше досы тығылған?2.Динараға әжесі 5 кітап сыйлады. 3 – уінен басқасын ол оқып шықты. Оған әлі неше кітап оқу керек?3.Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4 көбелек ұшып келіп қонды. Барлығы неше құс болды?
Математикалық диктант
1.4500 бен 27 сандарының көбейтіндісін жаз.
2. Мен бір сан ойладым, оны 3 есе арттырдым, сонда 8100 шықты. Қандай сан ойладым?
3. 860 санын 10 есе арттыр.
4. 860 санын 10-ға арттыр.
5. 6000 санын 12-ге кеміт.
«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны
7850 * 9
9400 * 5
4383 * 6
6783 * 7
Карточкамен жұмыс
Ү.Сабақты қорыту.
Топтық жұмыс.
Не істедік? Не ұнады? Қандай жаңалық алдың? Кестесін толтыру.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.
«Еңбек түбі - береке» демекші үйде еңбектеніп орындап келуге берілетін тапсырма.
№ 6 №7 47 – бет.
Бағалау
Сабақты өзіндік талдау
Сынып: 4 «Ә»
Сабақ ырғағы: Белсенді
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды үш таңбалы санға жазбаша
көбейту тәсілімен таныстыру,
есептеу дағдысы мен әр түрлі есептерді
шығару қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық: Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО технологиясы. Сабақтың түрі: Ойын сабақ Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, интерактивті тақта.
Үй тапсырмасын сұрадым. Психологиялық дайындық өткіздім. Содан кейін математика жөнінде түсініп беріп өттім.
Жаңа тақырыпты түсіндірдім.Үш таңбалы санға жазбаша көбейту тәсілдерін. Қалай көбейтіміз, ең бірінші неден бастаймыз, және нөл санын неге көбейтпейміз екенін түсіндіре кеттім.
Қызығушылығын ояту. Тақтаға ілінген үйлерге сандар жазып шыққан мәнін салыстырады.
Содан кейін, оқулықпен жұмыс болды. Дәптермен жұмыс.Балалар күнді жазып,көркем сан жазды.
Оқулықтағы №1 тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындады, яғни баған түрінде жазып есептеді. Одан кейін сергіту сәтін өткіздім.Балаларға өте қызықты болды. «Футбол» дидактикалық ойын өткіздім. Оқушылар топқа бөлініп отырды. Қай топ тез шешуін табады. Оқушылардың белсенділігін байқау. Өрнек түрінде есеп шығарды. «Жеті жұрттың тілін біл» логикалық есептер шығарды.
Қызығушылықтарын ояту.
Математикалық диктант. Оқушылар оқып жазғызу.
«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. Балалар әр түрлі есеп шығарады.
Карточкамен жұмыс. Әр оқушыға карточка таратып беру. Карточкадағы есептерді орындайды.
Бұл сабақта оқушылар, қызығушылығын танытып сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақ қызықты өтті. Интерактивті тақтамен жұмыс жүргіздік, яғни презентация болды сабаққа. Әр тапсырма тақтадан көрсетіліп тұрды.
Сабақты қорыту кезеңінде 2 топқа кесте таратылды. Сол кестеге не істедік? Не білдік? Өзіңе қандай жаңалық алдың?өз пікірлерін жазды.
Үй тапсырмасы берілді.
Оқушыларды барлығын тиісті бағамен бағалау.