«Биология саба?тарында интерактивті ?дістерді ?олдану ар?ылы о?ушыларды? белсенділігін арттыру»


Мұғалімнің жазбалары Тренердің
пікірі
1-бөлім: Іс әрекетті зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін толықтыру үшін білім беру саласында компьютерлік технаканы, интернет саласын, электрондық желі мен жаңа инновациялық әдістерді оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын жоғарғы деңгейге көтеру керектігін білеміз. Мен де бірінші бетпе–бет кезінде үйренген жаңа әдіс–тәсілдерімді, теориялық білімді жетілдіру мақсатында іс–әрекетті зерттеу тақырыбымды жеті модуль аясындағы әдіс–тәсілдермен байланыстырып «Биология сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» деп алдым. Себебі,инновациялық әдістердің ішіндегі ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі болып табылады.
Интерактивті әдістердің оқушының белсенділігін арттыруда өте тиімді әдіс деп санап осы тәсілді алдым. Менің зерттеуге алған сынып оқушыларының үлгерім сапасы жақсы болғанымен, сынып оқушыларының көпшілігі тақырыпты жаттанды оқиды және ізденбейді,сабақ барысында белсенділіктері төмен, көбінде жақсы оқитын оқушылар ғана жауап беріп отырады.
Негізінен алып қарағанда, бұл тәсілдің мектеп үшін де алатын орны зор болып отыр. Себебі,мектептегі барлық пәндерде осы тәсілді қолдансақ, оқушыларымыздың белсенділіктері артып,өздігінен ізденіп, болашақ өмірге қорықпай, нық қадам жасай алады.Осы мәселелерді ескере отырып, алдыма мынадай мақсат қойдым.Интерактивті әдістер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру. Мақсатқа жету жолындағы міндеттерім:
Интерактивті әдістерді қолдана отырып топтық жұмысты ұйымдастыру.
Оқытуды жүзеге асыруда тиімді әдіс тәсілдерді қолдану.
шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде өзіндік пікірі мен көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
А,В,С деңгейіндегі оқушының іс әрекетін бақылау.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі»ұғымына қатысты қарастырылған екі көзқарас бар.Біріншіден,оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі,екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,10-бет.)
Интерактивті әдістерді қолданудың негізгі мақсаты сыныптағы оқушылардың білімді дайын күйінде мұғалімнің түсіндіргенінен алмай, өзінің тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық қабілеттерін дамыта отырып, «жаңалық» ашып, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде өз дүниетанымын кеңейтіп, өзіндік пікірі мен көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға үйретудің маңызы зор болып табылады. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқытудың әдістемелік тәсілдерін интерактивті тәсілдер деп атаймыз. Интерактивті әдістерге жататындар: проблемалық шығарма әдістері; пікірталастар; топпен жұмыс; миға шабуыл әдісі; инсерт әдісі; викториналар; шағын зерттеулер; іскерлік ойындар; сауалнамалар жүргізу әдісі; кейс-стадий әдісі; презентациялар; т.б. «Интерактив» сөзі – ағылшын тілінен аударғанда «өзара әрекет» деген мағынаны білдіреді. Ол оқыту үрдісінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуде өз жауапкершіліктерін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой–өрісін, шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар айта кететін бір жайт, бұл әдіс оқушыларды жұптасып,топтасып, біріге жұмыс жасауға, өзгелерге бағыт–бағдар беруге, топ арасында басшы (лидер) болуға, өзгелерге, топ мүшелеріне көмек көрсетуге, өз топтарының жасаған шығармашылық жұмыстарын өзге топтарға таныстыру барысында шешендік өнерді қолдана білуге үйретеді. Былайша айтқанда, интерактивті әдіс – оқушылардың қабілеттерін жан–жақты қырларынан дамыта отырып, болашағына жарқын жол сілтейтін инновациялық әдіс. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей нәтижелерге әкеледі: - Ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді.
-Оқушы өзін–өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады,
-Оқушының жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады.
- Топ оқушыларымен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді.
- Ойлауды белсендіреді.
- Ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді.
- Тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады: 1. Уақыт үнемделеді.
2. Сабақтың сапасы артады. 3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік жасалады. 4. Оқушылардың белсенділігі мен қызығуларын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Мен келешекте осы нәтижелерге жетуді жоспарлаймын.Сондықтан осы нәтижелерге жету жолындағы сұрағым: «Биология сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»
«Оқытудағы әңгіме – қарым–қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын үдеріс» деген Александрдың тұжырымдамасы ой салады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 99-бет).
Бұл тұжырымдамада әңгіме әдісі сөз болып отырса, мен болашақта балалардың өз ойларын әңгіме барысында толық жеткізе білулері үшін интерактивті әдісті қолданудың тиімділігін анықтау барысында жұмыстар жүргіземін. Бұл жерде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін, өз ойын ашық, еркін білдіре алуы, сыныптастарына көмектесуі, топпен бірлесіп жұмыс жасауы, өзін тыңдап, оларға қолдау көрсете алуы және әділ баға беріп, өз ойларын ортаға салып, шығармашылық қабілеттерімен бөлісе білулерін қадағалаймын. Сабақтың соңында оқушылар бір–бірлерін әділ бағалауларын қадағалап, соңында өзім жиынтық бағасын қоямын. Оқушы өзін басқа оқушы әрекетімен, яғни қабілетті оқушының білімімен салыстыра отырып, өзінің қаншалықты деңгейде білетіндігін, берілген білімді қалай меңгергенін, қаншалықты түсінгенін, жалпы өзінің біліміне деген сын көзқарасын бақылап, бағалау болады.
Интерактивті әдістің сабақта қолданылуы дәстүрлі сабақ жүргізуден өзінше бір ерекшеліктерімен айқындалады. Себебі, интерактивті әдісті қолданғанда мұғалімнен гөрі оқушы көп сөйлеп, өзінің білімін өзі жетілдіруге талпынады. Сол себепті қазіргі таңда инновациялық үрдістерді қолданудың маңыздылығы арта түсуде. Сол себепті мен өзімнің жеке сабақтарымның барысында интерактивті әдістерді қолданғанды жөн деп санаймын және болашақта басқа да мұғалімдердің осы әдісті өз жеке педагогикалық шеберліктеріне енгізсе, жақсы болар еді.
Мен зерттеу бастамас бұрын өзіме мынандай сұрақтар қойдым:
Мен өз педагогикалық шеберлігіме қандай жаңалық енгізгім келеді?
Сабақтарымда интерактивті әдістерді қолданып, оқушылардың белсенділігін арттырғым келеді.
Мен болашақта нені өзгерткім келеді?
Сабақтарымдағы оқушының өзіндік менін қалыптастырып, өздері іздену арқылы білімдерін арттыруға байланысты оқу әдісін өзгерткім келеді.
Өзгерту үшін мен жұмысты неден бастауым керек?
Оқушыларды жетістіктерге жетелеу үшін жаңа технологияларды, инновациялық әдістерді тиімді қолдану, оқушылардың ынтасын, сабаққа деген қызығушылықтарын, өздеріне, өз пікірлеріне деген сенімділіктерін қалыптастыруға, талаптарын арттыруға көп жұмыстар жүргізуім керек. Соның барысында оқушыларға инновациялық әдістердің тиімділігі жайлы түсіндіруім қажет.
Зерттеу жұмысымды болашақта дамыту үшін не істеуім керек?
Әр сабақта оқушылардың жіберген қателіктерін өздеріне талдатып, жетістіктерін мадақтап, өзіндік жұмысты интерактивті әдістердің түрлерімен байланыстыруым керек. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру үшін өз жұмысымның жоспарын өзгертіп, интерактивті әдістерді жан–жақты зерттеп, тиімді түрлерін қолданып отырамын
Мен кездесетін қиындықтардың алдын алуым үшін кімнен кеңес ала аламын?
Мектеп әкімшілігімен кеңесе отырып, сынып жетекшісі, психолог маманы, басқа да әріптестеріммен кеңес өткізу барысында ол кісілерге де интерактивті әдістердің тиімділігін жете түсіндіруім қажет.
Менің педагогикалық тәжірибемнің дамуына кімдер қызығушылықтарын білдіруі мүмкін?
Жас мамандар, мектеп әкімшілігі, әріптестерім өз қызығушылықтарын білдіреді деген үміттемін.
Алған білімімді тәжірибеде қолдану үшін өзім қызмет атқаратын Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кентінің №1 орта мектебінде іс–тәжірибемді өткіздім.
Мектеп әкімшілігімен, ұстаздар қауымымен кеңестер өткіздім. Алып келген тәжірибеммен бөлістім. Алғашқы апталарда әріптестеріме коучинг өткізумен айналыстым. Кейін таңдап алған сыныбымды жаңа инновациялық әдістерге дайындауды қолға алдым.
2-бөлім: Іс–тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған деректер жинау әдістері туралы есеп.
Мен зерттеу жұмысымды өзім сабақ беретін 7«В» сыныбында өткіздім. Сынып ұжымы бір–бірлерімен өте тату. Сыныптың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында іс–тәжірибемді осы сыныпта өткізуді жөн деп есептедім.
Менің тәжірибені жүргізу кезінде сабақ өткізу үрдісіне көптеген өзгерістер енгізілді.Ең алдымен орта және қысқа мерзімді жоспарларын жасадым.Осы тізбектелген төрт сабағымда әртүрлі әдістерді қолдандым. Айта кетсем: топтық жұмыс,ыстық орындық,қарлы кесек, ақылдың алты қалпағы,постер қорғау, сұрақты қағып ал, АКТ-мен жұмыс ,рефлексия , кері байланыс(екі жұлдыз,бір тілек, бағдаршам,менің бейнем), жұмбақ құрастыру, өзін–өзі бағалау,сергіту сәті.Іс–тәжірибені зерттеуді бастамас бұрын кіру сауалнамасын және соңында шығу сауалнамасын алдым. Деректерді жинау кезінде мынадай тәсілдерді қолдандым: әңгімелесу ,бақылау, сауалнама алу, сабақтың бейнежазбалары,фотосуреттер. Балалармен топтар арқылы жұмыс істегенде бақылау жүргізіп отырғанымда байқағаным қыры мен сырлары таныс оқушылардың білім деңгейлері анықталды.
Оларды А, В, С деңгейлеріне бөлуге болады:
А деңгейіндегі оқушы өз қатарластарының ішінде өте талантты, сабаққа деген қызығушылығы жоғары, сабаққа өте белсенді қатысады. Өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, топпен жұмыс жасағанда топ мүшелеріне құнды мәліметтер бере алатын, барлық пәндер бойынша үздік білімді, қабілеті жақсы. Оның бойында көшбасшылық қабілетін көруге болады.
В деңгейіндегі оқушы ерекшеленіп көрінбейді. Білімі орташа, білгенін сұрамасаң, өзі суырылып айта бермейтін, өзгелерден ерекшелініп көрінбейді. Бірақ өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындап отырады. Сұрақтар қою арқылы білімін тексеріп, жоғарғы деңгейге көтерілуіне жол ашу керектігі байқалатын оқушылардың қатарына жатады.
С деңгейіндегі оқушы күнделікті сабақққа дайындығы нашар, өзін ортада көрсете алмайды, білімі басқа сыныптастарынан анағұрлым төмен оқушылардың қатарын айтуға болады. Өзіне деген сенімсіздігі басым, сұрақтарға тиянақты дайындалмайды. Өзінің «мені» төмен. Бұл оқушылармен жұмыс жүргізу барысында өзіне деген сенімділігін арттырып, өзіндік «менін» қалыптастыру керек.
533404307205Сабақ барысында топтарға бөлу арқылы зерттелетін оқушылардың өздеріне, өз білімдеріне деген сенімділігін арттыру мақсатында А оқушылардың өз мүмкіндіктеріне сеніп, сыныпта көшбасшылық қабілетін арттыру, білім деңгейін одан әрі көп іздену арқылы шығармашылық қабілетін молайта алатындығын сезіндіру; В оқушыны білгенін жасырмай айтуға, өзінің қабілетін жоғарғы деңгейге көтеруіне жол ашу; С оқушының өзіне деген сенімділігін арттырып, өзіндік «менін» қалыптастыру.Мен осы оқушылармен өзімнің сабақтарымда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін және білім сапаларын арттыру үшін интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушыларды сабақта белсенді жұмыс жасауға дағдылануларын қалыптастырғым келді. Сол үшін әр сабағымды түрлендіріп өткізуді жоспарға алдым. Әріптестерім де бұл әрекетімді қолдап, оқушыларға үнемі пайдалы кеңестер беріп отыруымды сұрады. Әр деңгейдегі оқушылардың білім сапаларын тиісті деңгейге дейін көтеру басты мақсатыма айналды.Мектептегі тәжірибе кезеңінде алғашқы күннен бастап–ақ сабағымды жаңашылдық тұрғысынан интерактивті әдістерді қолданудан бастадым. 7«В» сыныбындағы алғашқы сабағымды бастамастан бұрын, сыныпта психологиялық ахуал орнату мақсатында шаттық шеңберімен бастадым. Оқушылар бір–біріне сабақтың басында жақсы тілектер айтып,көңіл күйлерін бір көтеріп алды. Оқушыларды пазлдармен ойын ойнату арқылы топтарға бөлдім Олар фото қималарын құрастыру арқылы топтарға бөлінді.
Шаттық шеңберінде бір-
біріне жақсы тілек айтуы
Айта кететін жай оқушыларды топқа бөлгенде қай топқа отыратынын білмей сынып оқушыларының басым бөлігі шулап жүріп алды.Осындай келеңсіздіктерді бақылап жазып алып отырдым. Топтық жұмыстың ерекшелігі оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге үйретеді. Топтық жұмыстың тиімді болуы үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық,78-бет).

Ыстық орындық арқылы
үй тапсырмасын тексеруім

1206515875Жаңа тақырыпты бастамастан бұрын «Ыстық орындық» тәсілі арқылы өткен тақырыпты тексердім. Бес оқушы тақта алдында орындыққа отырды, қалған оқушылар сұрақтар қойды.Сөйтіп оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын анықтап алдым.Нәтижесін эксперт баяндады.Осы жерде байқағаным оқушылар бұрын – соңды үй тапсырмасына бұлай жауап бермегендіктен, оларға қызық көрініп «ыстық орындыққа» барлығы отығысы келді және сұрақтар қойғанда өткен тақырыпты толығымен қамтыды .
Бірінші сабағымда «Қарлы кесек» әдісін қолдандым. Оқушыларға бағыттау парағын және қатысушылардың нөмірлері
2567940155575В-оқушы

Берілген тапсырмаларды өздері оқып, бір-біріне түсіндіруі және жақсы түсіндірген оқушыларды күлегештермен мадақтауым.
А-оқушы
234315-52705
жазылған бейджиктерін таратып беріп, уақыттарын белгілеп отырдым. Берілген жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқыды, жаңа тақырып бойынша әңгімелесті, бір–біріне жаңа тақырыпты түсіндірді, бір–бірін тыңдады, ең жақсы сөйлеген оқушыны белгілеп отырды. Сабақтың соңында мен барлық бағыттау парақтарын жинап алып, жиынтық бағаны интербелсенді тақтаға шығардым.
Осы атқарылған жұмыстардың дәлелін бейнежазбадан көруге болады. Сабақ соңында оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы бойынша оқушылар өздеріне таратылып берілген қағаздарды толтырды. Өздеріне сабақта ұнаған екі іс–әрекетті және келесі сабақта жақсартуды қажет ететін іс–әрекетті тілек ретінде жазды.Оқушылардың кері байланысын оқып шығып келесі сабаққа нені жақсарту керек, оқушылардың нені қалайтынын біліп алдым. Үйге шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тақырып бойынша ашық сұрақтар, сөзжұмбақтар дайындап келуді бердім. Себебі осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өздерінің жаңа әдіс арқылы өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін дәлелдеп береді, ізденеді.
7«В» сыныбындағы екінші сабағымды әдеттегідей, психологиялық ахуал орнатып, түрлі–түсті тулар арқылы топтарға бөліп алдым. Бұл жолы оқушылар топқа тез бөлінді. Жаңа тақырыпты ашу үшін үйден алдын ала дайындап әкелген сұрақты интербелсенді тақтада көрсеттім.
Сабақ тақырыбын ашуға арналған сұрақ мынадай еді. «Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін?» деген сұраққа оқушылар біраз ойланып оны өткен тақырыппен байланыстырып ішіндегі А оқушым «сиыр цепені» деп жауап беріп жаңа тақырыпты өзі ашты.Бұл сабағымның қызықты өткен тұстары әр топқа жаңа тақырыпты түсініп оқып шығып төрт жолдан тұратын жұмбақ құрастыруды тапсырдым. Оқушылар жұмбақ құруда асқан қызығушылықпен тақырыпты түсініп оқуға талпынып, барлық топ мүшелері бірігіп, тіпті С оқушым да өз идеясын айтып жатты.
Көк туды таңдаған топ мынадай жұмбақ құрастырыпты.
Төрт сорғышпен қармақшалар басында,
Шала піскен етті жесең байқамай, Етпен бірге қосылады асыңа,
Қауіп – қатер туғызады басыңа. (сиыр цепені)
Жасыл туды таңдаған топ мынадай жұмбақ құрапты: Кірпікшелер көп денесін қаптаған, Су ішінде тыным тауып жатпаған,
Екі құлақ, екі көзі тағы бар, Осы құрттың атын өзің тауып ал. (ақ сұлама)
Оқушылардың шығармашылығын тыңдап, олардың оқулықпен жұмыс жасап қана қоймай өздіктерінен ойланып, ой өрістерін дамытқанын көріп қуанып қалдым.Менің ойымша осындай тапсырмаларды орындату арқылы сынып оқушыларының белсенділігін арттыруға болады.
Оқушыларға жаңа сабақты тиянақтау барысында балаларға тапсырмаларды бөліп беріп, «ақылдың алты қалпағына» орындаған тапсырмаларын салғыздым. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалары топ болып бірлесе отырып, орындап, өздерінің белсенділіктерін танытты. Тапсырмаларға ойланып, қорытынды шығарып, сын тұрғысынан ойланды. Осы ойлаудың алты қалпағына салғызғанда сары түсті қалпақты таңдаған топтың қалай жауап беретінін қадағаладым.Себебі,жалпақ құрттардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді, ал сары қалпақтың міндеті (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойларды білдіреді.Оқушылар бұл тапсырманың да жауабын тауып былай деп жауап берді:
- Жалпақ құрттар адам денесінде дамымайды, ең алдымен жануар денесінде дамып адам ағзасына түседі деді.
Тапсырманы ақылдың алты қалпағына
салып, ойлану кездері.
С-оқушы
72390-78740Сын тұрғысынан ойлау – «ойлау туралы ойлау» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды... ...сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. (МАН,4-бет).
Осы себепті оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға бағыт беремін. Себебі,оқушылар алдарындағы тапсырманы жан–жақты ойлану арқылы орындады, қорытынды шығарып, «ақылдың алты қалпағына» салды. Сол арқылы өздерінің жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін байқатты. Сабақтың соңында «Бағдаршам» рефлексиясын орындаттым. Оқушылардың сабаққа қалай қатысқандарын критераилды бағалау және ұпай сандарын санап, оқушыларға жиынтық бағаны қойдым.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата–аналар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс (МАН,130-бет).
Үйге бүгінгі өткен тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып, қосыма материалдардан кітапша жасап келу шығармашылық тапсырманы бердім. Себебі,оқушылардың ізденуі сабақ үстінде ғана емес, үй тапсырмасын орындауда да жан жақты ізденуін қаладым.
Осы өткізген екі сабағымда оқушыларды бақылағанымда А, В, С оқушыларының өз жұмыстарын белсенді атқарғандықтарын анықтадым, яғни А оқушы жаңа тақырыпты ашу барысында сын тұрғысынан ойланып, берілген сұрақтарға толық жауап беруге тырысты, сабақ барысында тапсырмалардың тиянақты орындалуын қадағалап отырды, берілген тапсырмаларды жан–жақты қарастырып, тобының басшысы болуға төселіп қалғандығын байқатты, тобындағы оқушыларға баға берді, В оқушыларға көмек берді және қосымша деректер іздеп, өзінің көшбасшылық, шығармашылық қабілетінің бір қырын байқатты; ал В оқушы өзінің деңгейіндегі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға тиісінше әрі нық, дұрыс жауап беріп отырды. Берілген тапсырмаларға байланысты талдауға қатысып отырды,тапсырмаларды орындау барысында ширақтықтарын танытты; ал С оқушылар тек қарапайым ғана сұрақтарға жауап беруге талпынып, өздерінің қызығушылығы ашылғандығын байқатты.
Екінші сабағымнан кейін сынып оқушыларының жаңашылдықты тез қабылдайтындықтарына тағы да көзім жетіп, өзіме қуаныш сезімі ұялады. Мектеп әкімшілігі мен тәлім алушы ұстазым менің екі сабақта қандай жетістіктерге жеткендігімді байқағандықтарын айтты. Оқушылардың бағдаршамға жазған тілек–сұранымдарынан оларға қолданып жүген әдіс–тәсілдердің ұнағандығын байқадым. Келесі тақырыбымды одан да жоғары деңгейде өткізуді жоспарға алдым.
Сабақ барысында оқушылардың тапсырмалар орындап отырғанына көңіл бөлген кезде, әр оқушы жас ерекшелігіне орай жұмыс жасап отырды. Сол кезде байқағаным он үш жастағы балалар тез ойланып, тез жауап беріп отырса, он екі жастағы балалар өз деңгейіне сай орындап отырды. Зерттеу кезінде балалармен жұмыс жасау барысында жалпы тапсырманы топ арасына ортақ талдауға тастаймын да осында отырған оқушылар кімнің қаншалықты, қандай дәрежеде орындап отырғанына қатты назар аудардым. Тапсырманы орындап отырған оқушылар жас ерекшелігіне сай жауап беріп отырды. Олардың жауаптары өте алшақ болған жоқ. Осыдан түйгенім балалардың жастарында айырмашылық болса да, тапсырманы шешуде үлкен айырмашылық байқалған жоқ. Тапсырманың сұрағына оқушылар өз деңгейіне қарай жауап беріп отырды.
7«В» сыныбындағы үшінші сабағымда сәлемдесіп, шаттық шеңберінен бастадым. Оқушылар бір–біріне сабақтың жақсы өтуіне байланысты өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, түрлі–түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түстерін таңдап, топтарға бөлінді. Осы жолы байқағаным топтардың оқушылары жылдам қимылдап, уақытты тиімді пайдалануға тырысты.
Үй тапсырмасын алдын ала дайындалып келген тапсырмаларды интербелсенді тақтада көрсеттім. Мынандай сұрақтар болды:
Суретке қарап жануарларды ата
Жалпақ құрттар типінің кластарын ата.
Сұлама денесінің көлденең кесіндісіндегі
белгілерді ата.
Ақ сұламаның мүшелерін ата.
Қай топ сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол топқа фишка беріп отырдым,топ мүшелері өздеріне берілген бағалау парағына өз топтарында дұрыс жауап беріп отырған оқушыларды белгілеп отырды.Оқушылар суретте көрсетілген ақ сұламаның көлденең кесіндісіндегі белгілерді ата деген тапсырманы орындай алмады себебі,тақырыпты оқығанда оқулықтағы суретке мән бермеген.Осы кемшілікті жою үшін үй тапсырмасына оқулықтағы суретпен жұмыс жасауды бердім,
Постер жасау кездері
і
62865745490 Бүгінгі жаңа тақырыпты тағы да оқушылардың өздеріне топ бойынша тапсырма беріп, сол тапсырма бойынша постер жасаттым. Тақырыпты өздері оқып, жаңа тақырып бойынша әңгімелесіп, бір–біріне түсіндіріп, тақырып бойынша постер құрып, тақтаның алдына шығып қорғады. Алдарына берілген проблемалық тапсырманы шешу жолында топ мүшелері жаңа білімді игере отырып, өздерінің ізденістерін білдірді. Қаншалықты жоғары деңгейде тапсырманы орындай алатындықтарын байқатты. Топтық жұмыста өздері топ басшысын тыңдап, бағынып, берілген тапсырманы тиянақты
орындауға, уақытты тиімді пайдалануға тырысты. С оқушым постер қорғауда өзін еркін сезініп, өз білімін жаңа қырынан байқатты, ал В оқушы оған постер қорғауда бірге шығып оның ойын толықтырды. А баласы өз тобында көшбасшы болып, сыныптастарына көмектесті. Бүгінгі тақырыпты тиянақтау барысында «Сәлем, бұл мен» тренингін өкіздім. «Тренинг» термині ағылшын тілінен аударғанда оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Тренингтің басты мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын игеру (Тренингтік ойындар. Әдістемелік құрал. А. –2014. 4-бет).
41205151701800Тренингтік ойынның барысы: оқушылар құрттар туралы мәліметтерді өз аттарынан айтты. Әр топ тапсырманы орындағаннан кейін мен смайликтерді үлестіру арқылы оқушыларды мадақтап отырдым.Осы тренингті бейнежазбадан көргенде А оқушының бұл тапсырманы еш қиындықсыз өз атынан айтқанын, В оқушы да А оқушысынан ерекшеленбей жауап берді, ал С оқушы аздап шатасып,сонда да соңына дейін айтып шықты.Осы тақтаның алдына шығап жауап берудің өзі ол оқушы үшін үлкен өзгеріс болды. Әр жауап берілген сұрақтарға сынып оқушылары қол шапалақтап қошемет көрсетіп отырды. Сабақтың соңында оқушылар бірін–бірі бағалап, бағалау парағын маған бергеннен кейін мен жиынтық бағаны қойдым.
Менің бейнем рефлексиясы
Сабақтың соңында оқушылар «Менің бейнем» рефлексиясын орындады. Оқушылар таратылып берілген түрлі түсті қағаздардан өз бейнелерін жасап, сол уақыттағы көңіл–күйлерін бейнеледі және сабақтың қай бөлімінің ұнағанын және несімен ұнағанын жазып берді. Рефлексия оқу барысында оқушыларға ненің ұнағанын түсіндім. Үйге тапсырма ретінде бүгінгі өткен тақырып
бойынша ашық сұрақтар мен сөзжұмбақтар дайындап келуді бердім.
Бүгінгі сабақтан менің байқағаным, зерттеудегі үш оқушы өз деңгейлері бойынша белсенділіктерінің арта бастағандықтарын байқатты. А оқушым тақырыпты түсіндіру барысында өткен тақырыппен тығыз байланыс орната білді. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығын нақты мысалдарды келтіре отырып, дәлелдеп берді.
В оқушым өздерінің тақырыпты жақсы меңгергендіктерін байқатты. Сабаққа өте жақсы белсенділікпен қатысты. Берілген сұрақтарға жауапты дұрыс беріп, С баласына постер қорғауда көмегін тигізіп отырды. Өзінің білімінің шыңдалып келе жатқандығын байқатты.
С оқушым алдындағы сабақтарағыдай емес, бүгін жолдастарымен бірігіп, қызу еңбектің үстінде көзге түсті. Өздеріне сенімділіктері арта түскендіктерін байқатты,постерді тамаша қорғап шықты. Постердегі әр сөздің мағынасын тереңнен ашып, басқа топ мүшелеріне нақты–нақты мәіметтерді келтіре отырып түсіндірді.
Топтық жұмыстың нәтижелі жемісі осында болатын. Сыныпта қол қусырып бос отырған оқушы болмады. Бәрі өз топтары үшін намыстанып, бар ынта–жігерлерімен берілген тапсырмаларды уақытымен орындап жатты. Керемет ынтымақтастық атмосферасы орнады. Сынып оқушыларының бірлесе атқарған жұмыстары көңілімнен шықты. Мектептегі зерттеу тәжірибе жұмысымның өзімнің жоспарлағанымдағыдай өтіп жатқандығына іштей қуандым. Жеті модульді біріктіре өткізіп жатқан осы жаңашылдық сабақтарымның арқасында сынып оқушыларының білім деңгейлерінің жоғарылап келе жатқандығын байқадым.
Төртінші сабағымда сынып оқушылары әртүрлі күлегештерді таңдап, күлегеш түріне қарай топтарға бөлінді. «Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша өткен сабақты тексердім. Әдеттегідей әр топтан бір оқушы қағазға сұрақ жазып келесі топтарға сұрақты лақтырады. Қағазды ұстап алған топ мүшелері, сол қағаздағы сұраққа жауап береді. Осылай сұрақтар жалғаса берді. Топ мүшелері сұраққа дұрыс жауап берген оқушыны бағалау парағына белгілеп отырды. Әр топтың сұрақтары мен жауаптары талданды, жауаптары толықтырылып отырды. Топ мүшелері өз топтары үшін қосымша дерек көздерінен мысалдар келтіріп, үй тапсырмасына жан–жақты дайындалып келгендіктерін байқатты.
Осы тапсырмалар аясында зерттеуге алған оқушыларымның бойынан сабақ барысында үлкен өзгерістер байқадым. Олардың бойында сенімділік, батылдық, ұшқырлық, өз ойларын кідірмей ашық айта алу қабілеттерін көрдім. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Әр сабаққа ерекше көңіл күймен кірісіп отырды. Сабақта өз ойларын жинақтап нық жауап бере білді. Шағын топта тапсырманы орындау барысында оқушылар белсене араласты.
Жаңа сабақты бастамастан бұрын «Миға шабуыл» тренингі бойынша оқушыларға проблемалық сұрақ қойдым: «Жуылмаған таңқурайды жеген бала бір аптадан соң күн жылы болса да, жөтел басталып, өкпеге суы тиген белгісі байқалды. Екі жарым айдан кейін зертханалық сараптаманың нәтижесінде балада паразит құрттардың жұмыртқасы бар екендігі анықталды. Бұл қандай құрт болуы мүмкін?» Мен қойған сұраққа ой тастау арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздері ашты. Жаңа тақырып бойынша электрондық оқулықтан мәлімет бердім және бейнежазба көрсеттім. Тақырыпты жан–жақты ашып, оқушыларға түсінік бердім. Топпен жұмыс жасап, тақырыпты бір–бірлеріне әңгімелеп, түсінбегендерін сұрап алды.
628651214120Оқушыларға тақырыпты қаншалықты түсінгендерін анықтау мақсатында тапсырма беріп, постер жасаттым. Постерді жан–жақты дайындап, дайын плакаттарымен тақтаға шығып әр топ өздерінің постерлерін қорғап шықты. Постер қорғаған оқушыларды бағалау мақсатында оқушылар өздеріне ұнаған постерлеріне күлегештерін көтеру арқылы баға берді.
Күлегештермен бағалау
Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту барысында «Қатені тап» оқыта үйрену ойынын ойнаттым. Оқушылар берілген мәтіндегі жіберілген қателерді іздейді. Тауып алып жеке параққа түзетеді. Түзетіп болған соң, түзетілген үлгісін дауыстап оқып береді. Оқушыларға смайликтер беру арқылы мадақтап отырдым.Оқушылар бір–бірін бағалады. Мен жиынтық бағалауды жүргіздім. Сабақтың соңында егер сабақ ұнаған жағдайда күлегештерін тақтадағы көңілді күлегешке жапсыру,ұнамаса ашулы күлегешке жапсыру арқылы білдірді.Сабақтан соң қай бала күлегешін ашулы күлегешке
жапсырғанын сұрап неліктен сабақтың ұнамағанын анықтадым. Рефлексия арқылы оқушылардың көңіл–күйлерін, сабақтың қалай өткендігін анықтадым. Үйге тапсырма ретінде интернет желісі арқылы бүгінгі өткен тақырыпқа байланысты реферат немесе презентация дайындап келуге бердім. Бүгінгі өткізген сабағымдағы оқушылардың білім деңгейлері, өздерінің пәнге деген қызығушылығы артып,өзгергендігін байқадым.
Осы жүргізген тәжірибемде байқағаным оқушыларға көбіне топта бірлесіп жұмыс жасаған, бейнеролик көрген, әр түрлі жаттығулар жасаған және де сұрақ қойғанның ұнағанын білдім.Әр сабақ соңында сынып оқушыларымен әңгімелесіп,пікірлерін біліп отырдым. Алдағы уақытта балаларымның қызығушылығын арттыра берем деген ой түйдім. Сабақта енжар отыратын оқушылардың өзгергенін байқадым, олардың қызығушылығы оянғанына көңілім толды. Рефлексия жазуда балалар еркін әрі нақты жазуға дағдыланды.
Мектептегі тәжірибе барысында атқарылған зерттеу жұмыстарымның нәтижесі өзімнің жоспарлағанымдай көңілімнен шықты. Жеті модульді кіріктіре өткен тізбектелген жаңашыл сабақтарымнан оқушыларымның белсенділігі жоғарылағаны көрінді.
3-бөлім: Қорытынды және талдау
Оқушылар оқу барысында белсене қатысқанда ғана жаңа материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Былайша айтқанда, жеке бағдарланған оқу процесінде оқыту шеңберінде, оқушылардың мектепке білім алуға келгендегі бастапқы сенімдерін, өздерінің білімдерінің қаншалықты деңгейде екендігін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз ойын, ынта–жігерін қаншалықты деңгейде екендігін тек сабақ беретін мұғалім ғана түсіне алады. Сабақ беретін мұғалімдер ғана оқушылардың не білетіндіктерін, нені жасай алатындықтарын, сондай–ақ олардың қызығушылықтарын қалай жоғарғы деңгейге көтеруге болатындықтарын, сабақ барысында не істегілері келетіндіктерін түсінуге тырысады.
Іс әрекетті бастамас бұрын тәжірибеден өтетін сынып оқушыларынан төмендегідей сауалнама алдым.
Оқушылардың биология пәнінен қызығушылығын анықтау сауалнамасы
№ Сауалнама сұрақтары Дейін Кейін
«+» «-» «+» «-»
1 Биология пәні маған ұнайды. 20 0 20 0
2 Биология сабағында қызықты қылдырып түсіндіріп жатқанда зейін қойып тыңдаймын. 19 0 20 0
3 Биология пәнінде көптеген мәліметтер аламын. 20 0 20 0
4 Биология пәні мені ойлауға мәжбүрлейді. 14 6 20 0
5 Биология пәнінен қосымша мәліметтер оқимын 4 16 14 6
6 Биология сабағын тағатсыздана күтемін. 4 16 20 0
7 Үй тапсырмасын үнемі қуана орындаймын. 12 8 16 4
Қызығушылығы жоғары деңгей 8-9 компонентті белгілейді.
Қызығушылығы жеткілікті деңгей 7-5 компонентті белгілейді
Қызығушылығы төмен деңгей 4 компонентті белгілейді
Іс әрекетті жүргізуге дейінгі және кейінгі сауалнама мониторингі:

А,В,С оқушыларының зерттеу сабақтары барысында алған жиынтық бағаларының қорытындысы.
Зерттеуге алынған оқушылар №1 сабақ №2 сабақ №3 сабақ №4 сабақ
А оқушы 5 5 5 5
В оқушы 4 4 5 5
С оқушы 3 3 4 4
А,В,С оқушыларының зерттеу барысында алған бағаларының мониторингі.

15240-201930Графиктен зерттеуге алынған оқушылардың әр сабақ сайын интерактивті әдістерді сабаққа қолдану нәтижесінде қызығушы-лық тарының,белсенділіктерінің артқанын көруге болады.
4-бөлім: Іс әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс тәжірибеге жасайтын ықпалы
Осы тәжірибемнің барысында сабақ өткізуге алған «Биология сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?» сұрағымның арқасында біршама жетістіктерге қол жеткіздім. Алдымен, интерактивті әдістің қыры мен сырын оқушыларға түсіндіру арқылы өзім де көп нәрсені үйрендім. Интерактивті әдістермен қатар оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, сергіту сәттері, топтарға бөлу, рефлексия жазғызу сынды сабақтың дәстүрлі емес түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың ізденімпаздықтарын арттырып, білім деңгейлерін көтеруге зор мүмкіндіктер туғыза алдым. Сонымен қатар оқушылар өздері ізденіп, проблеманы шешуге тырысып, постер жасап, оны қорғау арқылы өз білімдерін шыңдай түсті, өздеріне деген сенімдері арта түсті. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мен «оқушыларға білімді, жаңа тақырыпты өзім айтып түсіндіргеннен жақсы ұғады» деген ұстанымды қолданбаған жөн екендігіне көзім жетті. Осы тәжірибені өткізіп болған соң, есептерімді жаза бастағанымда мынандай сұрақтарға жауап іздестіріп көрдім:
Оқытудың «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде оқушылар арасында қандай іс–әрекеттің куәсі болдым?
Ойын ашық айта алмайтын, оқу үлгерімі нашар, өзіне деген сенімсіздігі басым оқушылардың топпен жұмыс жасау барысында қарым–қатынасқа түсіп, сынып оқушыларымен белсене жұмыс жасағандықтарына кәу болдым.
Оқушылардың білім деңгейлерінде қандай өзгерістерді байқадым?
А деңгейіндегі бұрыннан жақсы оқитын оқушыларым, сыныпты басқара алатындықтарын, сонымен қатар өз білгендерін өзгелерге үйрете алатындықтарын;
В оқушылардың білгендерін жасырмай айта алатындықтарын, топ мүшелеріне өз көмектерін көрсете алатындықтарын, сұрақтарға қол көтеріп жауап бергенде жан–жақты өз білімдерін тиянақты түрде жеткізе алу қабілеттерінің арта түскендіктерін;
С оқушылардың өздеріне деген сенімдерінің нығайғандықтарын, топ мүшелерімен тығыз қарым–қатынасқа түсе алатындықтарын, сабаққа енжар қарамай, белсенділіктерінің артып келе жатқандықтарын байқадым.
Интерактивті әдістердің пайдасы қандай болды?
Жаңашылдықтың пайдасы зор болды. Себебі,оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары,белсенділіктері арта түсті. Олар өз ойларын ашық жеткізе алатындықтарымен ерекшеленді.
Іс–әрекет барысында оқушыларға бағалау парақтарын ұсынып, бір–бірлерінің білімдерін әділ бағалап отырды. Әрбір оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір тапсырмаға нақты критериалды баға қоя білуді үйренді. Сабағымда оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау нәтижесі оң септігін тигізді. Оқушылар да өздері күнделікті алып жүрген бағаларынан бөлек смайликтер, мадақтамалар, бармақпен бағалау, қол шапалақтау сынды тәсілдерді пайдаланғанда ынталары арта түсті. Ең бастысы, өздеріне деген сенімдері ұлғая түскені менің көңілімнен шықты.
Қазіргі дамып келе жатқан еліміздің білім саласындағы басты мәселе – оқушылардың белсенді іс–әрекеттерін ұйымдастыру. Белсенді іс–әрекеттердің нәтижесінде оқушылар білімді өздігімен меңгереді, үйренеді, талпынады, ізденеді. Негізгі қағида «не білу» емес, – «не жасай білу» болып табылады. Оқушылар өздігімен ізденулері арқылы дүниетанымы кеңейіп, ой–өрістері дамып, жаңашылдықты игереді.
Ескінің сарынымен жүре бермей, қазіргі қоғам талабына сай алға қарай жылжып отырсақ, біздің еліміз дамыған елдердің қатарында білім жағынан да алдынғы орынға көтерілетіндігіне сенімдімін. Сол себепті ұстаздар қауымы тек қана іздену үстінде болуымыз қажет және де оқушыларымызды да іздене білуге, оларға мақсат қоя білуге, сол мақсатқа жету жолында тынбай еңбек етулеріне жол ашу – біздің, яғни ұстаздар қауымының, ата–ананың басты міндеттерінің алдыңғы қатарлы орындарында болуы қажет. Тек қана оқулықпен шектеліп қоймай, интернет желісін, электронды оқулықтарды, интерактивті әдістерді, тренинг ойындарын, проблемалық сұрақты шешуге талпынуға оқушыларға түрткі болар ой тастап отырсақ, олар да өздігінен ізденіп, проблемадан шығу жолдарын қарастырады.
Іс әрекетті зерттеуде сәтті өткен тұстары:
Оқушылардың жаңа тәсілдерді қызығушылықпен қарсы алуы;
Оқушылардың бағалаулары, тақырыпты меңгеруде өздігінен ізденіп, мәлімет жинауы;
Зияткерлік қыры,
шығармашылық әлеуеті біршама ашылды.
Постерді тамаша қорғаулары
Топта ынтымықтастықта жұмыс жасауы
Іс әрекетті зерттеуде кездескен кедергілер:
Топқа бөлінуде оқушылардың шулауы;
А деңгейіндегі оқушының басшылықты өз қолына алғысы келетіндігі;
Уақыттың жетіспеуі, себебі жоспарлаған мәліметтері толығымен бере алмадым;
Осы туындаған кедергілерді жою жолдары:
Оқушыларды топқа бөлуді дағдыға айналдыру;
А деңгейіндегі оқушыға топтық жұмыс топ болып бағаланатытын түсіндіру.
Уақытты қадағалап отыру немесе сабақ жоспарын тиімді құру;
Мен осы тәжірибемде кездескен кейбір келеңсіздіктерді іздену арқылы жоюға, әрі қарай білімімді арттыра отырып жеңуге тырысамын. Алдыма қойған мақсатыма жету жолында тынбай еңбек етемін.