ТЕХНИКАЛЫ? Ж?НЕ К?СІПТІК БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНІ? МАЗМ?НЫН ЖА?АРТУ


ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ
Эльмира АБДРАХМАНОВА,
Орал гуманитарлық колледжінің қаржы және экономика пәндерінің оқытушысы
Кәсіби білім берудің мақсаты — әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағытталған білім беру. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «соmpetens» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай - ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның ойлауына, келешегі жайлы толғануына, жаңа ойлармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болады. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың деңгейіне байланысты. Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды қалыптастырады. Әдіснамалық деңгейге соңғы кездері қолданысқа «құзырлылық» ұғымы еніп отыр. Ғылыми әдебиеттерде құзырлылық қайсы бір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, студенттің қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Құзырлылық дегеніміз - студенттің алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырманы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, профессионалдық векторы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында мұғалім мамандардың кәсіби-тұлғалық құзырлығын қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде мұғалімдердің төмендегідей құзіреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Аталған құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан - жақты болуы талап етіледі. Егер мұғалім өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қойып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілуі арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзырлығын қалыптастыруға мүмкіндік табады. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан - жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандайда бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну мұғалімнің құзіреттілігіне байланысты болады.
Құзырлылық - танымдық, пәндік - практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы.
«Құзырлылық» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. «Competent» сөзі французша «компетентті» «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді. Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік және тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым - қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. Осы «компетенттілік» шетелдік түсіндірме сөздікте меңгеруші ретінде қарастырылған. «Компетенттілік» ұғымының мазмұны мынадай:
Компетенттілік меңгерген, заңға сәйкес;
Белгілі бір саланы білетін тұлға.
Компетенция – оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттері. Компетенцияның түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы компетенттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс - әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді компетенттіліктерді бөліп қарастырайық. Түйінді компетенттіліктердің құрылымы төмендегідей бөлінеді: өзіндік танымдық іс - әрекет саласындағы базалық компетенциялар. Олар: оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу, және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу, оқу іс - әрекетінің нәтижелерін талдай алу, әртүрлі ақпарат көздерінен білім жинақтап білуді меңгерту жатады (кітаптан, газет -журналдардан, теле - радиохабарлардан, интернеттен т.б.)
Мәдени іс - әрекетіндегі компетенцияларға бос уақытын өзінің рухани және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (көркем әдебиеттер оқу, түрлі лекциялар мен баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар) жатады.
Тұрмыстық саладағы компетенциялар: жеке гигиенаға, өз денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.
Әлеуметтік еңбек іс - әрекеттері саласындағы компетенциялар – бұл оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынасы этикасы, өз мүмкіндігін бағалау, жауапкершілік жүгін арқалай білу.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада:
Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым;
Оқытудағы іс - әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған;
Оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады.
Колледждегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады.
Мұғалім мен студент арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу ісі әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.
Құндылықты – бағдарлы құзіреттілік - өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, саяси жүйені түсіну, азаматты белсенділігін көрсету.
Мәдениеттанымдық құзіреттілік – адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну, этномәдениеттілік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.
Оқу танымдық құзіреттілік – студенттің зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.
Коммуникативті құзіреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік – бағдарлай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу.
Әлеуметтік - еңбек құзіреттілік - әлеуметтік қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білу, шешім қабылдай білу.
Тұлғалық өзін өзі дамыту құзіреттілік - өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:
–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
–әрекеттерге үйрету,
–нақты ситуацияларды талдау.
Оқытушыға, өндіріс оқыту шеберлеріне өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.  Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады. Объективті критерийлер: Оқытушыға, өндіріс оқыту шеберлеріне өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғарғы еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері;
Субъективті критерийлер:  адамның мамандығы оның табиғатына байланысты. Оның еңбегіндегі бұл критерийлерге кәсіби - педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы;
Нәтижелі  критерийлер: оқыту нәтижесінде баланың психологиялық функциясының жетіліп, алған білімдерін өмірлік мәселелерді шешу барысында қолдана білуі;
Шығармашылық  критерийлер: оқытушы, өндіріс оқыту шеберлері, мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағанна гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын,  тұлғалық - ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс - қимылын  жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымы: құзырлық – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы. Бүгінгі таңда «құзырлық» ұғымымен қатар «түйінді құзырлықтар» ұғымы да кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзырлықтар» бағытын ұстанатын Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді құзырлықтар саны жағынан да, мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзырлық, т.б.) әркелкі. Педагог іс - әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс - әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс - әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс - әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс - әрекетінің моделі пайда болады. Іс - әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс - әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс - тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін - өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары, рухы мен ойлау дәрежесі биік, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, ғылым мен техниканы меңгеруге қабілетті мамандар дайындау мақсатына жұмылған ұжымды осы мәселе мазалайды. Әрине, мемлекетке сапалы мамандарды дайындауда колледж ұжымы өз үлесін арттыра түсері сөзсіз. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзіндік дамуында. Алматы 2006.
2. Қазақбаева Д., Ш.Кәрібаева Компонеттік тәсіл білім сапасын қамтамасыз етудің басты шарты. Физика және астрономия № 2- 3 2004.
3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеументін білікті арттыру жағдайында дамыту теория және тәжірибе. Алматы 2005.
4.  А. Құсайынов «Білім және реформа» Алматы. 2006.
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Д.Қонаев атындағы шағынаудан 9 үй, 22 пәтер
8701 465 3194