Статья Орыс тілі мен ?дебиет саба?ында а?паратты? коммуникациялы? технологияны? ?олданылуы.


Орыс тілі мен әдебиет сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияның қолданылуы.
Дәмді орта мектебі
Байгенжина Д.Т
Менің мектебімде АКТ-ны кеңінен қолданып келеді. Мен және менің әріптестерім ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланып,сабақты тартымды ,қызықты ,материалды толық жеткізуде жеңілдік туғызатынын байқадық.
Мен орыс тілі сабағында мынадай АКТ ресурстарын пайдаланамын: электронды оқулықтар, интерактивті тақта ,Power Point арқылы мультимедиялық презентация,кестелер, компьютер,аудио ,видео материалдар сабақты жан-жақты жеткізуге көп көмегін тигізіп, осының әсерінен оқушылардың сабаққа деген ынтасы,қызығушылығы ,танымдық қабілеті арта түседі. Жаңа сабақта иллюстрация, сурет, портрет, видеофрагмент, кесте осының бәрін интерактивті тақтада экраннан көрсете отырып , қосымша түсіндіріп өтемін.Пәнге деген қызығушылығын арттыруда орыс жазушыларының шығармашылығынан видеофильм фрагменттерін пайдаланамын.
Орыс әдебиетінен 9-11 сынып аралығындағы жоғары деңгейлі оқушылар сабаққа тақырып бойынша өз презентациясын жасап, сынып алдында қорғауға тырысады.Бұдан байқағаным оқушының өз бетінше ізденіп , жұмыс жасай алатыны.Бұндай жұмыстар оқушының жеке шығармашылығын артуына көмектеседі.Алған білімдерін іс жүзінде қалай қолдануын тереңірек түсіндіреді,өздігінен жұмыс істей алу сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.
Аудио материалдар оқушының тілді дұрыс үйренуіне , дыбыстауына үйретеді.АКТ тек сабақ түсіндіруде емес , сондай-ақ интерактивті тақтаны оқушылардың өздері қолдана білуіне , жаза білуіне көп көңіл бөлемін.Компьютерлерде материалды бекітуде тест тапсырмаларын беремін.Бұндай жұмыс оқушының тақырып бойынша білімін тексерумен қатар , компьютерді қолдана алуына мүмкіндік беремін.
Қорыта айтқанда , АКТ –ны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы көзбен көріп есте сақтауына көп көмегін тигізетін, қабылдау мүмкіндіктерін қаматамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.Интерактивті тақтаның сабақ мазмұнын кеңінен ашуға мүмкіншілігі өте зор. Үлкен жетістікке жету үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалды дайындау керек.Тиімділігі жөнінде айтар болсам: оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеті ,даралық қасиеті ашылады , этнопедагогикалық тәрбие береді, шығармашылық жұмысқа баулиды, оқулықтан тыс , қосымша мәліметтер береді ,ыңғайлы және уақытты үнемдеуге болады.
Қазіргі заман талабы білімді , бәсекеге қабілетті ,сандық технологияны меңгерген , жаңа заманға сай жас ұрпақ тәрбиелеу.