Балаба?шада?ы ?зге ?лт балаларына мемлекеттік тілді ме?герту


Эссе Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді . Әрбір саналы жан бақыт дегенді жүрек қалауымен өмір сүру, қызмет ету, өзгеге қуаныш сыйлау деп түсінетін болар. Мен үшін балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышы мен күлкісінен нәр алу бақыт.
Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі –жас ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету ерекше мән берілуде .Балаларды қазақ тіліне ауызекі сөйлесе білуге үйрету,сөйлемдерді дұрыс айту,мұғалімнің сұрағына дұрыс түсініп,жауап беру.Қазақ тілі — ғажап тіл.Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Менің әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану және ауызекі тілін дамыту» Бұл әдістемені мен өз тәжірибемде 2015 жылы қолдана бастадым. Ойын элементтерін пайдалана отырып балалардың қызығушылықтарын артамын. Ойын арқылы балалардың ауызекі тілін дамытамын.Сабақты бастамас бұрын балалардың жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл - күйлерін түсінуге аса мән беремін. Балалардың көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болу үшін ,сондай сәтте мен жақсы көңіл көтеретін видиотаспамен,музыкалық әуенмен, өлеңмен бастаймын. Мен тіл маманы болғандықтан өзге ұлттың балаларына қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын — өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді. Балалардың тіл байлығын дамыту үшін санамақтар, жаңылтпаштар өлеңдер, әндер жатқа айтқызу.
«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Балаларды сауатты болып өсіру біздің қолымызда. Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.