Биоа?параттану ж?не синергетика технологиясы ?дебиеттік о?у п?ні



Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Чадаева Гульнур Мухтаркановна
Биоақпараттану және синергетика технологиясы
Сабақтың пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақ тақырыбы: Абай мен Әбіш. (Ел аузынан)
Сабақ мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Мәтін дегі ақ пен қараға байланысты ой-пікірді ашу.
Дамытушылық:Өз ой-пікірін айтуға үйрету.
Тәрбиелік: Ақ пен қараны айыра білуге тәрбиелеу.
1.Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасына Василий Сухомлинский. «Нағыз адам» мәтінін берген болатынмын.Үй тапсырмасы бойынша қарама –қарсы сұрақтар қойылады.
Мәтіннің авторы кім?(Васили Сухомлинскии)
Мәтін қалай аталады? (Нағыз адам)
Аптап, қуаң далада не тұр? (Жалғыз үй)
Үйдің қасында не бар? (құдық бар)
Бұл үйде кімдер тұрады? (атасы мен немересі)
Құдық басындағы ұзын арқанға не байланған? (шелек байланған)
Кімдер құдыққа бұрылып су ішеді? (жолаушылармен әрі бері өткен адамдар)
Бірде шелек қайда түсіп кетті? (терең құдықтың түбіне )
Атайдың басқа шелегі бар ма еді? (жоқ еді)
10.Келесі күні атайдың үйіне кім келді? (арбалы шаруа келді)
11. Ол не істеді? (Арбасында шелегі бар екен атасымен немересіне және құдыққа бір қарап кетіп қалды)
12.Ол қандай адам деп сұрады немересі? (Бұл адам емес деді)
13.Екінші жолаушы қай уақытта келді? (түске таман)
14.Ол не істеді? (ол арбасындағы шелегін алып арқанға байлап өзі қанғанша ішіп атаймен немересінніңде шөлін қандырды)
15.Шелегін не істеді? (Шелегін өзімен алып кетті)
16.Ол нағыз адам ба деп сұрады немересі? (бұны да әлі адам деуге болмайды деді)
17.Үшінші жолаушы қашан келді? (кешке қарай)
18.Ол шөлін қандырғасын не істеді? (рахметін айтты)
19.Шелегі қайда қалды? (құдық басында арқанға байлаулы қалды)
20.Ол қандай адам дер сұрады немересі? (бұл нағыз адам деді атасы)
21.Мәтінде неше жолаушы су ішті? (2 жолаушы)
22.Сен нағыз жомарт адам қандай болу керек деп ойлайсың? (
23.Мәтінді тағы қалай атар едің? (
24.Қай жолаушының адамгершілігі мол еді?(3)
2. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз .Ел ауызынан шыққан «Абай мен
Әбіш » мәтінімен танысамыз.
1.Балалар Абай кім?

2.Бұл мәтінде Абайдың баласы Әбіш жайлы жазылған екен.
3.Олай болса мен сендерге Абайдың балалары жайлы қысқаша мәлімет беріп кетейін.(Слайд)
Енді тақтағы жаңа тақырып бойынша тірек сөздерге назар аударайық.
1.ақыл
2.ми
3.көз
4.қағаз
5.мектеп
6.сия
7.сұрақ
8.білім
9.сақал
10. шаш
Жақсы ендеше 10 сөзге 45 секунт беріледі жаттап алайық.
Жаттап болсақ 45 сек. беріледі жазайық. Тақтадағыны алу.
Көршіге тексерту
3.Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар
1.Мәтіннің аты? (Абай мен Әбіш)
2.Жол жүріп келе жатқан адамның аты? (Наушабай)
3. Наушабай кімнің үйіне түсті? (Абайдың)
4. Абай кім? (Әбіштің әкесі)
5. Наушабайдың Абайға қойған сұрағы? (сізге алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма?)
6. Абайдың кім деген баласы бар еді? (Әбдірахман)
7. Оны неше жасында оқуға берді? (9 жас)
8. Қайда оқуға берді? (Семей)
9. Оқуды бітіргесін қайда жіберді? (Петербургке)
10. Қашан үйге келді? (қыс оқып,жазда демалысқа келді)
11.Кімнің оқуы жақсы көрінеді? (Абайдың ұлы Әбдірахманның)
12. Мәтіннен Әбіш туралы айтылған жолдарды тауып оқы.
13. Абай Әбішке қандай сұрақ қойды? (әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма,қара зат асыл ма?)
14. Әбіш не деп жауап берді? (Ақ зат асыл деп жауап береді)
15. Абай қай зат асыл деді? (қара зат асыл деді)
16. Абай Көз туралы не деді? (Адам баласы барлық дүниені қөздің ортасындағы кішкентай қарашығы ғана көреді)
17. Абай Қағаз туралы не деді? (қағаз ақ,одан адам оқып біле алмайды үстіне жазған қара сиядан білім алады)
18. Адамның сақал-шашы туралы не деді? (жас кезіне адамның сақал шашы қара болады осыған байланысты жас кезінде адам ақылды болады деді)
19. Әбіш әкесіне оның бәрін қалай білдіңіз деді? (Ақылмен білдім деді)
20. Әбіш ақыл туралы не деді? (Ақыл мида болмай ма,ал ми ақ зат деді)

21. Абай Әбіштің сөзіне қалай риза болды? (жауабына риза болып маңдайынан иіскеді)
22.Саған кімнің жауабы ұнады? (Абайдың ұлы Әбіштің)
23.Өзің осы сұраққа қала жауап бере едің?
4.Сыни тұрғысынан сұрақтар (келісемін, келіспеймін) шапалақ
1.Мәтіннің атыАбай мен Әбіш+
2.Жол жүріп келе жатқан адамның аты Наушабай+
3.Наушабай Абайдың үйіне түсті. +
4.Өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма?-деп сұрады.+
5.Абай «жоқ» деді. –
6.Әбіштің әкесінің аты Абай+
7.Абайдың Әли деген баласы бар еді. –
8.Оны 5 жасында оқуға берді. –
9.Оны Семейдегі қазақ мектебіне оқуға берді. –
10.Оны бітірген соң елге жіберді.-
11.Жазда демалысқа барды. +
12.Оқуы жақсы екен. +
13. Абай Әбішке сұрақ қойды. +
14. Әбіш: «Қара зат асыл» деді. –
15. Абай «Ақ зат асыл» деді. –
16. Адам баласы барлық жаратылысты көзбен көреді. +
17. Көздің ағы көреді. –
18. Адам қағазға жазған қара сиядан өнер-білім алады. +
19. Жас шақта адамның сақал-шашы ақ болады. –
20. Қартайғанда шаш, сақал қараяды. –
21. Адамда жас кезінде күш көп болады. +
22. Абай осының бәрін күш-қайратымен білді. -
23 .Ақыл мида болмай ма, ми ақ зат емес пе, -деді Әбіш.+
24. Абай баласының тауып айтқан сөзіне риза болды. +
5.Тақырыптық сөздік қор.
Жаңа тақырып бойынша сөздік қор 5 минут беріледі шағын эссе жазамыз
37 сөзден асу.Сөздер қысқартылмайды толық жазамыз.
Көршімізге беріп санаймыз. Бағалаймыз ең көп жазған балаға оқыту.
5-4 алған балаларға үй тапсырмасы берілмейді
Рефлексия
1.Адамның бойында әр түрлі қасиеттер дамиды.Сол бойымыздағы қасиеттерді дамытып жетелеу үшін не қажет?