«Биоа?параттандыру ж?не синергетика» технологиясы


Тіркеу №8702
«Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясы
«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ, Семей қаласы
Математика пәнінің мұғалімі Кудайбергенова Кымбат Советкановна
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде.
Сол технолгиялардың бірі –БжС технологиясы. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді. « Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп Әл-Фарабидің айтатындары да осыдан болса керек.Ойлану, толғану болмаса математика да болмайды. Оқыту сапасын көтеру – бүгінгі қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі.Осы мақсатқа жетудің бір жолы БжС технологиясын игеру.
Бұл технологиялық карта арқылы оқушылардың қабылдауы,  есте сақтау қабілеті  өседі,  ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының  уақытты үнемді пайдаланып,  өз ойын  тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.
«БжС» технологиясы кезінде:
-Сабақ барысында оқушылар100% жұмыс жасайды;
-Оқушылардың 80% 4-5 бағаларын алады;
-Бағаны мұғалім емес, технология өзі қояды;
-Оқушылардың жігері жоғары болады;
-Сабақтың, мұғалімнің, оқушының сапасы әрбір сабақта назарда болады;
-Мұғалім барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған.
Бірінші қадам- жаңа тақырып- Алгоритм картасы.
Тақырыпты карта бойынша түсіндіру
Үш қадамды өткізу:байқау, бекіту, есте сақтау.
Деңгейлік тапсырмалар: ТКШ - АКШ – ЖКШ.
Ең қарапайым есептің шығарылу жолын көрсету
Балалар сұрауы керек, міндетті түрде сыныппен диалог болуы тиіс.
Сыныпта көп мөлшерде эксперт жинауға тырысу керек.
Сабақта норманың орындалмай қалуы мүмкін екенін түсіну керек.
Анализ және қорытынды.
63% - білім сапасының нормасы, тақтаның шетіне жазылуы керек.
У1, У2, У3 – уақыттары жазылып тұрады.
Кесте: Жылдамдық. Зейін. Есеп. Тақырып.
1. Сапаның өсу шегін көрсетіп тұрады.
2. Келесі түсіндірудің негізі болады.
«Егер-онда» кестесі – үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктейді.
5+30 – білімділік сапасын анықтайды.
Екінші қадам– «Биоинтернет» картасы. Эксперттерді дайындау.
Жұмыс регламенті:
1. Карта бойынша жұмыс жасау керек.
2. 2 нұсқаға срез алуы керек.
3. Үш группаға бөлу керек:
Альфа, Бета, Гамма
4. Эксперттер кішікене группалармен жұмыс жасайды.
5. Эксперттердің жұмысын мұғалім бақылап отырады.
6. Әрбір қадамдағы эксперттердің жұмысына рефлексия жасау керек.
Анализ және қорытынды.
63% білім сапасы;
Сыныптағы эксперттердің саны;
ООМ-Оқушыларды толық қамтуға, басқаруға арналған;
ОӘЖА бойынша оқушыларды сөйлеуге үйрету;
Ереже: Есепті шығару және түсіндру– түсіну;
Қайталау бақылау кескіндерінің көрсеткіші;
Альфа және бета топатрының тұрақтылығы.
Үшінші қадам –Жаттықтырғыш картасы.
Регламент
Карта бойынша жұмыс жасау керек.
Бақылау кескіні
Оқушыларды топпен отырғызу
Эксперттерді таңдау
Демалыс және бақылау
Анализ және нәтиже
63% білім сапасы
Альфа тобының құрамы
Оқушылардың орындайтын тапсырмаларының құрамы
Эксперттердің жұмыс істеу сапасы
Сабақтарда байқалғаны:
оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды;
дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді ;
өзара қарым-қатынас қалыптасады;
жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;
бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;
машықтандыру жаттығулары жасалады;
оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;
сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;
сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.
Қорыта келе, «Биоақпараттандыру және синергетика» арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады.1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтытуынакепілдік алады. 2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады.3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі.