Жа?а технология — білім сапасыны? кепілі


№16 орта мектебіБаяндама
Тақырыбы:
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Орындаған; Байгереева Арай Болатбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
Талдықорған 2016
Жаңа технология - білім сапасының кепіліҚазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамытуміндеттері көзделеді.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамытуміндеттері көзделеді.Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан:- адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды- белсенділікті, қабілетті тұлғаны- жоғары мәдениеттілікті көре аламызСондықтан мұғалім жаңашыл, жан - жақты болу керек.Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі – стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:-«Түртіп алу» әдісі-«Ұжымдық оқыту» әдісі-«Ой толғау» әдісі-«Кубизм» әдісі-«Топтастыру» әдісі«Түртіп алу» әдісі- Өз ойын білдіреді- Білмегенін сұрақ - жауап арқылы біледі- Түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылайды.