Баяндама: Интерактивті технология элементтерін пайдалана отырып, о?ушыларды? біліктілігін арттыру.


Интерактивті технология элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың біліктілігін арттыру.
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Әлем елдерінің біразы бұдан 40-50 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы болып отыр.
Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа технологиялардың өзі жаңадан пайда болған емес, оның негізі бұрын қаланған, тек қазір өзгеріске ұшыраған. (2-слайд)
Елбасымыз «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ” -деп бізге, яғни ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеді. (3-слайд)
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – ақпараттық – коммуникативтік технологиялары арқылы білім мазмұнын жаңарту. Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың басты бір бағыты білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық – коммуникативтік технология дегеніміз - адам қызметінің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы (4-слайд)
А
К
Т

БағыттарыМақсаттарыЭлектронды оқулықтарОқу-әдістемелік, электронды кешендер құру, әдістемелік Web-сайттар ашуТелекоммуникациялықтехнологияларЖалпы компьютерлікжелілерді пайдалануМультимедиалық және гипермәтіндік технологияларБағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалықсайттар, құралдар жасауҚашықтан оқыту(басқару) (Internet)Өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз етуЖаңа ақпараттық -коммуникативтік технология(5-слайд)

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері ( 6-слайд):-          ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;-          білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап , жүзеге асыру;-          оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу -әдістемелік жұмыстарын жүргізу;-          мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;-          білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды , электрондық оқулықтарды жасақтау;-          педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары (7-слайд):-          қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктідігі;-          жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;-          білім мен тәрбиенің бірізділігі;-          жалпы компьютерлік сауаттылық;-          оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы ( интенсификация).
Нәтижелер (8-слайд):-          жаңа ақпараттық технолгияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;-          жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;-          біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;-          білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;-          республиканың  білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп , білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.
ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай деген екен: «Білімнің нұры себілмейінші , бірде-бір озық ел бола алмайды» . Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық , білімді азамат болып жетілуіне байланысты.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде , ұстаз алдында мынадай талап , міндеттер туындайды:
(9-слайд)-          ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;-          шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;-          білімді тыңдаушы болуы;-          сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты- өз пәнінен білім беріп қана қоймай ,әр баланы шығармашылыққа шыңдау , баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Жаңа формация мұғалімі – рухани –адамгершілігі , рефлекцияға қабілетті , ақпараттық – коммуникативтік, әлеуметтік – тұлғалық және басқа да құзырлылықтары қалыптасқан , шығармашыл ұстаз.
            Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   и  н  т  е  р - а к т и в т i  деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.(10-слайд)
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы . (11-слайд)
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.
«Интерактивті оқыту әдістемесі».
Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.
Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);
шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);
өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);
шағын топтармен (3-5 оқушымен);
оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).
Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады
. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
            Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң  м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты. Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу..(12-слайд)
            Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұғалiмдер, тек ақпарат беретiн және өздерiнiң қатысынсыз берiлген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы көтермелеушi қор – құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп  есептейдi. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Зерттеулердiң "бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.(13-слайд)
Қарапайым тақта  және компьютер проекторын қарағанда , интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіндігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интеркативтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы , әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда , көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағымда интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен бірге отырып сабақа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады , бұл  тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес , сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады , мысалы: белгілі бір материалдарды интерактивтілік тақтада орындау арқылы файлдарды белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады , бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы қолдануға болады. Оқу материалдар базасын жасау , қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді , сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек  болады. Көп сабағымда байқағанымдай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді болды , және оны жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы  да  мұғалімдердің уақытын үнемдейді , оған бұрын өтілген материалдардың екінші қайталауға қажеті жоқ. Сабақ алдын – ала дайындалған болуы керек , сонда  ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрыңғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан , тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес , қабылдау , есте сақтау жоғары деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескіндермен салыстыруға болмайды.
Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
Слайдтарда, флипчартта кестелер жіберілсе , тез арада түзетуге болады.
Сабақта ACTIV ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
ACTIV wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
Сабақтың өнімділігі артады.
Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге , дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Оқу процесінде , оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың жеке тәжірибесіне , шығармашылық ізденісіне байланысты.
Интерактивті тақтада интерактивті оқыту әдістерін пайдаланған өте тиімді болады. (15-слайд)
Интерактивті әдістерге:
Проблемалық шығарма әдістері
Презентациялар
Пікір-таластар
Кейс-стадийлер (оқытудың нақты жағдайы)
Топпен ұмыс
Миға шабуыл әдісі
Сын тұрғысынан ойлау әдісі
Викториналар
Мини зерттеулер
Іскерлік ойындар
Рөлдік ойындар
Блиц-сұрақтар әдісі
Анкета алу әдісі т.б жатады.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады. Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, бекітуде жиі пайдаланамын. Мысалы: Құжаттармен жұмыс, файлдарға , бумаларға амалдар қолдану тақырыбын өткенде көшіру мен қиюды салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады. Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін. Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер бұл тәжірибе жаңалықты ендіру емес бұл педагогикалық , шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді.
8 -сынып информатикасында «Санау жүйелері» тақырыбын өткен кезде сабақты бекіту кезеңінде «Үш қадамнан тұратын сұхбат» тәсілі арқылы және «Перфокарта» арқылы сабақты қорытындыладым. Ол тапсырмалар былайша 2. «Үш қадамнан тұратын сұхбат»:1. Сұраушы. (Оқушы сұрақ қояды. )2. Жауап беруші. (Сол сұраққа жауап береді. )3. Сарапшы (Жауапқа сараптама жасайды. )Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа технологиялар:- Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;- Оқушыны ынталандыруға;- Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына;- Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім. 
Ақыл –ойын дамытадыЕркін ойлауға мүмкіндік бередіШығармашылық белсенділігін арттырадыИнтерактивтітехнология әдісімен оқығандаҰжымдық іс-әрекетке тәрбиелейдіТіл байлығын жетілдіредіЖан-жақты ізденушілігін арттырады16-слайд
Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседіОқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туадыИнтерактивті технологиялық әдістің біз үшін пайдасы:Әр оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік бередіОқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.Оқушылардың барлығын бағалауға мүмкіндік аламыз.17-слайд
Қорытынды
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.