Урок ?аза?станны? Ресейге ?осылуыны? ая?талуы ?орытынды


Сабақтың тақырыбы: Қорытынды. «Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру алғышарттары мен себептері, патша өкіметінің отарлық саясаты барысындағы саяси оқиғаларды, Ресейге қосылудың салдарлары мен тәуелсіздік жолындағы күрескерлер туралы қолда бар құжаттарды, тарихи зерттеулерді пайдалана отырып, тереңірек түсінік беру;Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа материалмен байланыстыру арқылы ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын терең оқып тануға деген қажеттіліктерін арттыру, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру, қорытынды шығару машықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын еске түсіру;
ХҮІІІғғ. тарихи тұлғаларды тану;
Қазақ жүздерінің Ресей қарамағына ену кезіндегі басты оқиғаларды білу;
Тарихи тұжырым, қорытындыға келу.
Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, пікір алмасу, карточкалар, плакаттар
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу;
Сабаққа қатысын тексеріп, зейінін сабаққа аудару;
Сабақтың мақсаты хабарланып, сәйкесінше міндеттер айқындалады.
«Естігенімді – ұмытамын,
көргенімді – есте сақтаймын,
өз істегенімді – меңгеремін» Конфуций
Қызығушылықты ояту
Құлақ салып көрейікші, қандай әуен естіледі? «Елім-ай» әніАталмыш ән қай кезеңде дүниеге келген? Жоңғар шапқыншылығыДұрыс айтасыздар, өткен сабақта біздер Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы туралы жан-жақты талқылаған болатынбыз.
Олай болса, сұмдық сипатымен қазақтың есінде өшпестей болып қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ақ мешін», «қайын сауған» кезеңін еске түсіріп, төмендегі тапсырмаларды орындайық.
Бағалау парағы үлестіріледі.
Миға шабуыл. Дұрыс жауабын табыңыз1. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:
A) Үш жүздің басын біріктіру
B) Хан сайлауC) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру
D) Руаралық тартыстарды шешуE) Заңдар жинағын шығару
2. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан:
A) АбылайB) ТәукеC) ӘбілқайырD) ТәуекелE) Сәмеке3. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілдіВ) Қазақ жері түбегейлі азат етілдіС) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегіндіD) Жетісу өңірі толық азат етілдіЕ) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер:
А) Сырдария маңыВ) Шығыс ТүркістанС) Ташкент
D) Қаратау маңыЕ) Жетісу5. Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан қазақ хандары:
А) Әбілқайыр мен ӘбілмәмбетВ) Сәмеке мен ӘбілқайырС) Сәмеке мен ӘбілмәмбетD) Батыр мен ТақырЕ) Әбілқайыр мен Батыр
Жауаптары:
1. С
2. С
3. А
4. Е
5. В
«Ой ашар»
Сәйкестендіру жұмыстары орындалады1ХҮІІІғ. қазақ жеріне шығысынан қауіп төндірген мемлекет
А Қанжығалы Бөгенбай
2 Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алған жыл
Ә Жоңғария
3 Бүкіл қазақ жасағының қолбасшысы болған батыр, дипломат
Б Сәмеке4 Алакөл, Бұланты шайқастарында найман жасағын басқарып, «Дарабоз» атанған батыр
В 1724-1725жж
5 1724-1738жж Орта жүздің ханы
Г Қаракерей Қабанбай1-Ә / 2-В / 3-А / 4-Г / 5-Б
Ендеше, кезекті ойынға берсек....«Иә» ма, «Жоқ» па» ойыныКел, баршамыз жиналып,
Иә ма, жоқ па ойналықМен бастайын ойындыТүрлі сауал қоюдыСұрақ қойған кезімдеСен «иә» де, не «жоқ» де
Қалмау үшін жаңылыпСұрағымның мәнін ұқ!
р/с
МазмұныИәЖоқ1 «Қазақ даласының Ликургі» атанған, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманды» негіздеген билеуші Тәуке хан болды + 2 1635, 1643, 1652жж. қазақтарға қарсы жорықты басқарған жоңғар қоңтайшысы Батыр еді. + 3 1710 жж жоңғарларға қарсы біріккен әскер жасақтарын құру туралы үш жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді + 4 Жоңғарлар қазақ жеріне 7 бағытта 700мың әскермен кірген
+
5 1723-1727жж қайғылы көріністі Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінің қайғылы әуенімен жырлайды
+ 6 Цинь императоры Кансидің өлімінен кейін жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен қазақтарға шабуылды күшейтті
+
7 Қара сиыр деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға бояды +
8 Аңырақай шайқасында үш жүздің бірлескен жасағына Әбілқайыр хан қолбасшылық жасады + 9 Ш.Құдайбердіұлы: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары қазақ халқының үштен бірі қырғынға ұшырады»- деген деректер келтірген. +
10 Шыңғыс ұрпақтарының тақ үшін таласуы нәтижесінде қазақ жасақтары Аңырақай шайқасындағы жеңістен туындаған қолайлы жағдайларды пайдалана алмады
+ Тарихымның тарауынҚайталадық әп-сәттеАйтыңдаршы білейінҰнады ма бұл ойын? Иә«Суреттер сыр шертеді» айдары
Экранға назар аударып, көрсетілген тарихи тұлғалар туралы не білетінімізді ортаға салсақ.

Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып «Қазақстанның Ресейге қосылуы»
Мағынаны тануБүгінгі сабағымызға арқау болған тақырып сіздерге жақсы таныс, сондықтан қазір еске түсіріп, пікір алмасатын боламыз.
«Ойды аяқта»
1.1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына ...................бекінісі тұрғызылды.
2. .................. ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілері С.Құндағұлұлы, Қ.Қоштайұлы болды.
3.1863жылы Ресейдің құрамына 5000 шаңырақ ............................... руы енді.
4.Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып Ұлы жүздің ....................... руы қабылдаған.
5.................. бекінісі 1847 жылы салынды.
6.Ұлы Жүзді басқаратын пристав ...............жылы тағайындалды
7.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын ................. хандығы билігінде ұстады8.Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі, ......................... өзені бойындағы Таушүбек бекінісін орыс әскерлері 1851 жылы 7 шілдеде қантөгіссіз басып алды.
9.1960 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері ...........................түбінде шайқасты.
10. Қазақ хандығының Ресейге қосылу процесі саяси-құқықтық қатынастары жағынан ............жылдай уақытқа созылды.
«Жұмбақ санды тап»
І.ХІХғ.басында Ресейге қосылмаған Қазақстан жерлері:
ІІ. Абылай хан жерленген қала:
ІІІ. 1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады:
0. Шығыс Қазақстан
0. Алматыда
0. Ресейдің
1. Орталық Қазақстан
1. Созақта
1. Сефевидтік Иранның
2. Жетісу
2. Таразда
2. Қытайдың
3. Солтүстік Қазақстан
3. Ташкентте
3. Башқұрттардың
4. Маңғыстау
4. Сығанақта
4. Жоңғарияның
5. Үстүрт
5. Қарқаралыда
5. Цинь империясының
6. Тарбағатай
6. Атбасарда
6. Хиуаның
7. Батыс Қазақстан
7. Әулиеатада
7. Қоқанның
8. Еділ мен Жайық
8. Түркістанда
8. Бұхар хандығының
Жұмбақ санның құпиясын кім ашып береді?
2011жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен бірге биыл Қазақстанның Ресейге қосылғанына 280 жыл
Сабақты бекіту
Дискуссия жүргізуТиімді Тиімсіз1.Қазақ елі жоңғар тепкісінен құтылды1.Қазақ халқы ұлан-байтақ жерінен айрылды
2.Патриархалдық-феодалдық қатынастар ыдырап, капиталистік бағыт қалыптаса бастады. 2.Орыстандыру, қоныстандыру саясатынан жапа шекті.
3.Қазақ халқы отырықшылық өмір салтына көшіп, егіншілікпен айналысып, ағаш үйлер сала бастады. 3. Табиғи байлығын сарп етті.
4.Орта Азия хандықтарының 4. Дәстүрлі шаруашылығы күйреді.
озбырлығынан құтылды. 5. Ұлттық тұтастығын жоғалтты.
Бағалау Үйге тапсырма