?аза?станны? Ресейге ?осылуыны? ая?талуы


«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 11 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы»
Сыныбы: 8 «А»
Пән мұғалімі: Бейсенбекова Шарипа Асанқызы
Тараз қаласы
2016-2017 оқу жылы
Өтілу мерзімі: 20.12.2016 жыл.
Сыныбы: 8 «А»
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақ №30
Тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы.
Мақсаты: Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарларын ашып көрсету
Міндеттері: Білімділік: Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына кіруін, патша үкіметінің отаршылдық саясатын көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. (1мин)
Нәтижесі: Қосымша әдістемелік материалдарды қолдана алады.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы.
Көрнекілік құралдары: Интербелсенді тақта, карта, слаид, кеңсе заттары (түрлі-түсті маркерлер, ватман, стикерлер).
Түйінді идеялар Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі тақырыбын оқу барысында өз өмірлерінде қолдана білуі
Сілтемелер Қазақстан тарихы (8 сынып),166-175 оқулық беті
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі интерактивті
Сабақтың барысы
Оқыту әдістері
Тапсырмалар.
Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Нәтижесі
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Топқа бөлу, (стикер түстері арқылы) 1м
«Миға шабуыл» (сыныптағы диалог) Қазақстан неге мұсылмандық Қоқанды емес християндық Ресейді қабылдады деген болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда осы сұрағымыздың оң және теріс жақтарын көруге тырысамыз.
(1 мин) Топқа бөлу
Мұғалім бағыт береді Бірлесіп, ақылдаса отырып топтасуды үйренеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.«Шығыршық» әдісі бойынша үй жұмысын тексеру.(5 мин)
2.Сынама тест даталық диктант.
1.1731 ж-кіші жүздің Ресей империясының қол астына кіруі
2.1723 ж-Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама
3.1729-1730 жж-Аңырақай шайқасы
4.1748 ж-Әбілқайыр ханның өлімі
5.1758-Жоңғарияның құлауы
6.1761ж –Шыңжаң бірлестігінің құрылуы
7.1711-1781 жж-Абылай ханның өмір сүрген жылдары
8.1771 ж-Абылай үш жүздің ханы
9.1778 ж-Абылай орта жүздің ханы
10.1773-1775 жж-Е.Пугачев көтерлісі
11.1783-1797 жж-С.Датұлы көтерлісі
12.1821 ж-Тентектөре бастаған азаттық көтерліс
13.1822 ж-Сібір жарғысының қабылдануы
14.1824 ж-Орынбор жарғысының қабылдануы
15.1836-1838 жж-Бөкей ордасындағы шаруалар көтерлісі
16.1837-1847 жж-К.Қасымұлы көтерлісі
17. 1839-Хиуа жорығы
18. 1871-Хиуаның бағындырылуы
Бір бірін тексеру бағалау:20-16/5, 15-11/4, 10-7/3, 6-0/2
5 мин
Мұғалім бақылаушы. Оқушылар қосымша материалдарды пайдалана отырып диалогке түседі.
Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады, диалогке түседі.
3. Білу: Топтық жұмыс Оқушылар166-168 беттегі материалды оқып, топтастыру стратегиясы бойынша
1-топ: Ресей империясының Оңтүстік Қазақстанды отарлауының алғышарттары туралы жазады.
2-топ: Қоқан хандығының билігіне қарсы күрес жайлы жазады.
3-топ: Ш. Уәлиханов бейнесін топтастырады.
Үш топ ортада қорғайды және талқылайды. (8 мин) Мұғалім бағыттаушы, кеңесші Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, сыныптастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.
4.Түсіну: Топтық жұмыс Жаңа тақырыпты тірек сөздері бойынша игеру,ашу
1.Іле өңіріндегі Ресей империясының іс шаралары2.1859 жыл3.1860 жыл (полковник Циммерман)
4.1860 жыл Ұзынағаш Колпаковский
5.1863 жыл6.1864 жыл Черняев басқарған орыс әскері7.1865 жыл8.Ұзынағаш түбіндегі шайқас
9.Қоқан-орыс соғыстары
(7 мин) Оқушылардың жауаптарын қадағалайды. Өзара оқыту үдерісі жүреді (білетіндері білмейтіндерін үйретеді)
5. Қолдану: Жұптық жұмыс Отарлау саясатының аяқталуына байланысты іс-шаралар  Үш топқа: 1.Верный, Торғай, Ырғыз бекіністері туралы жазады.
2. Әулиеата, Меркі, Пішпек бекіністерін бейнелейді.
3. Ш. Уәлиханов бейнесін топтастырады.
Үш топ ортада қорғайды және талқылайды. (8 мин) Мұғалім оқушы жауабын тексереді. 6. Талдау:
Топтық жұмыс
Қорытынды жасау: Әр топ өз ойларын білдіру. Сабақтың басында айтылған сұрақпен байланыстыра отырып сабақты қорытындылау.
Бұл оқиғаның прогрессті жағы:
1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.
2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.
3. Қазақстан жалпы ресейлік рынокқа тартылды.
4. Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.
(5 мин) Қадағалайды Өз ойларын ашық айта алады.
7. Жинақтау:
Кері байланыс орнату Өз ойларын жазу; Қазақстан: кеше,бүгін,
ертең 5 мин Мұғалім бақылаушы Сабақты пысықтауды үйренеді
8. Бағалау:
Бірін-бірі бағалау критерийлерімен танысу.
Стикерлерге жаңа не үйрендіңдер?
Бәрінен де неге риза болдың?
Сізге ең оңайы не болды?
Сізге не ерекше қиын болды?
өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіреді. (3 мин) Бірін-бірі бағалау парақшаларын таратып береді. (стикерлер таратып береді)
Критерийлер тұрғысынан
қорытынды жасауды үйрену.
Сабақтан алған әсерлерін білдіруді үйренеді.
9. Үйге тапсырма §34 Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы
Эссе «Ш. Уәлиханов».