Урок на тему: Т?ра?ты тіркестер (5 сынып)


Тұрақты тіркестерСілтеме: Күнтізбелік жоспар, 5 - сынып Қазақ тілі «Атамұра» 2010 жСабақ тақырыбы: Тұрақты тіркестер.Жалпы мақсаттар: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету.Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.Түйінді идеяларТұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады2. Сөздердің орны ауыстырылмайды3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке - жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады5. Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсаладыОқыту нәтижелері: Тұрақты тіркестер туралы түсініп, сөз арасында қолдана білді. Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерінің айырмашылығын ұғынды.Дереккөздер: А4 қағазы, оқулық, постер, маркер, түсіндірмелі сөздіктер, стикерлер, интербелсенді тақта.Қызығушылығын оятуМұғалім оқушыларға бір - біріне тілек айтқызады.Сынып оқушыларын жан - жануарлардың суреттері арқылы топқа бөлу«Жақсы тілек – жан жылуы»«Алғырлар», «Білгірлер» топтарына бөлуҮй тапсырмасын тексеруХалық ауыз әдебиеті үлгілерінен жазып келген мысалдарын талдатады.«Жұптастыру»(тапсырмаларды жұптасып орындау)І тапсырма. Эвфемизм беріледі, дисфемизмдік баламасын табады.Мысалы: Ұры - қолының сұғанағы барІІ тапсырма. Аталмыш сөздердің табу сөз ретіндегі баламасын табады. Мысалы: Найзағай - жасылІІІ тапсырма. Мақалдың жалғасын табады. Мысалы: Ақыл - жастан, асыл - тастан