?ылыми жоба Бал-шипалы та?ам орында?ан Алтынбек?лы Олжас


Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы «Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені» КММ
Ғылыми проект тақырыбы: Бал- шипалы тағам.
3 «а» сынып оқушы Орманбеков Темірлан
Мазмұны:
   1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
 
    2.1.  Балдың шығу тарихы жайында.
   2.2. Балдың түрлері.
   2.3. Балдың құрамы.
   2.4. Балдың жасалу жолдары.
   2.5. Дәрігерлер кеңесі.
   2.6. Балдың қолданылуы.
3. Біздің зерттеу жұмысымыз
 
   3.1.Биология кабинетінде3.2.Химия кабинетінде3.3.Дәрігермен кездесу3.4.Балдың қолданылуын зерттеу3.5.Ауылдағы омарташымен кездесу3.6.Сауалнама нәтижесі
4. Қорытынды
 5. Қолданылған әдебиеттер
     Кіріспе       Менің туыстарым, жақын адамдарым балды жиі қолданады..Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Бал деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?Аралар оны қалай жасайды?»
Менің ойымша бал-бұл тәтті тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас досым Айнұр,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін деді.
Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:
«Бал- жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйық зат.»
Осы  анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін мен осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға кірістім.
Біздің жобамыздың басты мақсаты– балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
Балдың пайда болу тарихымен танысу;
Балдың жасалу технологиясымен танысу;
Балдың құрамын оқып-білу;
Балдың түрлерін анықтап білу;
Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.
Зерттеу  нысаны– адамЗерттеу заты- бал
Зерттеудің өзектілігі- біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.
 Зерттеудің болжамы-егер біз бал  жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашамыз
  Зерттеу әдістері
– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
– бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.
 
2.Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихыАрхеологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің  Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы  тастарда бейнеленіп,сақталған екен.
Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында  3000  жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.
Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.
Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.
Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың  Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,
қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80  пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.
 
2.2.Балдың түрлері
Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.
Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол –балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
 
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
  Балдың құрамы
 Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.
-118110189230

Дәрігерлердің пайдалы кеңестері:
Балдың пайдасы
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.
Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.
АраменемдеуАраменемдеу медицина ғылымында «Апитерапия» депаталады. Отандықдәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтыңбергенмәліметтерінесүйенсек, араменемдеугеараның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүлтозаңыжәнеемдікәсеріөтекүштісүтжатады. Ал ара уыныңқұрамындаадамағзасыүшінпайдалытүрліферменттер мен аминқышқылдарыжәнемилитин бар. Апитерапия арқылыкөптегенауруларды, соныңішіндеревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйкеаурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкіқұрылыс, буынаурулары, колит, асқазанжарасы, холецистит секілдіаурулардыемдеугеболады. Негізіненемгежұмысшыараларпайдаланылады. Ара уыныңшипасыбүгінгікүнітолық дәлелденген.
Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынныңасқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
Балмен нені емдеуге болады екен?

Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.
Жоғары тыныс жолы ауруларын емдеуге болады дейді?.Бал ингаляциясын (демалу арқылы балды ағзаға енгізу) қолдану ісі ерте кезде дамыған. Ингалияциялағанда бал мұрынның кілегей қабығы мен кеңірдекке ғана әсер етіп қоймайды, өкпенің альвеолы арқылы қанға түсіп, денсаулықты нығайта түседі.Суық тиюден болған ауруларды емдеуге де болады екен?.Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп ауырғанда балды дәрі ретінде қолдана отырып, екі- үш күн үйде отыру керек.Себебі, бал қатты терлетеді.Өкпе ауруларын емдеуге пайдаланады.Гиппократ бал ішімдігі қақырықты түсіріп, жөтелді басады деп жазды. Ибн Сина туберкулез басталған кезде раушан гүлінің жапырағы мен бал қоспасын қолдануды ұсынды. Бұл қоспаны күндізгі сағат 12-ге дейін қолдануды тиімді деп санады. Балға қосылған орман жаңғағы да үздік-создық жөтелден сауықтырып, қақырық түсіреді. Осы арқылы бал ағзаның туберкулез инфекциясына қарсы күресіне көмектеседі.Жүрек ауруларын емдеуге қолдануға болады екен.Жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін глюкоза қажет. Балды қолдану жүректің бұлшық етіне жақсы әсер етеді. Себебі, онда жеңіл сіңетін глюкоза өте көп. Неміс дәрігерлерінің айтуынша, балдан, тіпті, қант ауруымен ауырғанда да бас тартуға болмайды. Өйткені, фруктозаны немесе ара балын енгізгеннен кейін жүректің қызметі жақсарады.Тәулігіне 50- 140 граммнан (орташа есеппен 70 граммнан) ұзақ уақыт бойы (1-2 ай) бал жеу жүрегі қатты ауыратын адамдардың көңіл-күйін көтеріп, оның қан құрамын қалпына келтіреді. Сонымен бірге, гемоглобинді өсіріп, жүрек -қан тамырларының айналымын жақсартады.
Асқазан ішек ауруларын емдеу.Балды асқазан жарасын емдеу үшін де қолданады. Мұндай жағдайда
балды тамақ ішуден 1,5-2 сағат бұрын немесе тамақтан соң 3 сағаттан кейін жеу қажет.Ең дұрысы, ертеңгі және түскі тамақтың алдында 1,5- 2 сағат бұрын, кешкі тамақтан соң 3 сағаттан кейін жеген жөн. Оны қайнаған жылы жылы суға ерітіп ішу де жақсы нәтиже береді. Суға ерітілген балды жылылай ішу асқазан сөлін сұйылтып, оның ішекті тітіркендірмей тез сіңуіне көмектеседі. Керісінше, балдың салқын ерітіндісі қышқылдылықты арттырып, асқазандағы асты бөгейді де, ішекті тітіркендіреді.Жүйке жүйесі ауырғанда қолдану.Жүйкесі шаршаған адамдардың күш -қуатын қалпына келтіру үшін кешке қарай бір қасық бал және жарты лимон сөлі қосылған бір стақан ыстық су ішу немесе екі ас қасық бал жеу керек. Бір стакан бал суынан артық ұйқы келтіретін дәрі жоқ көрінеді.Бауыр ауырғанда қолдану.Бал құрамындағы глюкоза бауырдың да жұмысын жақсартады. Глюкоза тін жасушаларын қоректендірумен бірге, бауырдағы глюкоген қорын арттырады, тіндік алмасу жұмысын жақсартады.Бүйрек ауырғанда қолдану.Бүйрек ауруына балдың пайдалы болу себебі, онда бүйрекке өте зиянды ақуыз аз.Ал тұз мүлде болмайды.Бүйректе қиыршық тас бар болса, балды зәйтүн майы мен лимон сөліне араластырып, бір ас қасықтан күніне үш реттен ішкен дұрыс. Бал құрамындағы глюкоза бүйректің қатты қабынуы кезінде бұзылған қан мен тін арасындағы осмотикалық тепе-теңдікті реттейді.Операциядан кейін қолдану. Бет, жақ сүйек операцияларынан кейін ерекше диета қолдану ға тура келеді.Шайнау толық мүмкін болмаған әрі жұту қиындаған жағдайда ара балы таптырмайтын тамақ.Мұны ауру адамға итмұрын тұнбасының ерітіндісіне, жемістен алынған сөлге қосып беруге болады. Науқасқа ақ ірімшік, жұмыртқаның сары уызы және қаймақпен араластырылған сұйық бал берген дұрыс. Сұйық балды жегеннен кейін-ақ ауыз ішін дезинфекциялаудың қажеті жоқ.Сондай-ақ, ол жарақат бетінің жазылуына да қолайлы әсер етеді.
Жараны емдеу.Бал ластанған жаралардың тазарып, жазылуына, ал балық майы жараның тез бітіп кетуіне ықпал етеді.Эараның жазылуына балдың антибиотикалық заттарының пайдасы ерекше. Балдың әсерімен жараға қан мен лимфаның келуі күшейеді. Лимфа өздігінінен бактерияларды жуып-шайып кетеді.
Балдың қолданылуы
Медициналық жағдайдаТағам түрлерін жасауда

Косметологиялық жағдайда

Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.
Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.
Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы.
Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдың қолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.
Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие.

Біздің зерттеу жұмысымыз
1.Биолгия кабинетінде
Мен өз зерттеу жұмысымды биология кабинетінен бастадым.Бұл жерде мен араның дене құрылысымен,оның жалпы түр-сипатымен таныстым. Биология пәнінің мұғалімі Ерен Айнагүл апай әңгімелеп түсіндіріп берді.
2.Дәрігермен кездесу
Балдың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін, мектебіміздің дәрігері Ләззат Жексенбайқызымен әңгімелесіп, кеңес сұрадым.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы да көп нәрсені біліп,таныстым.
Менің болжауым бойынша балдың кері әсері де болуы керек қой. Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадым. Дәрігер маған оны да түсіндіріп берді. «Әрине, ол адамда аллергиялық реакция туғызуы мүмкін, оның өзінде тек кішкентай балаларда. Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспағандықтан. Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға балды қолданғанда өте сақ болған жөн.» -деді.
3.Балдың қолданылуын зерттеу
Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін бізге анамыз көмектесті.Анамның көмегімен алма мен бал қосылған бәліш пісірдім.Ол үшін-2 алма, 4 ас қасық бал,1 стақан қант,1,5 стақан ұн,100 гр маргарин,2 жұмыртқа қажет. Бұл жұмыс өте қызықты болды
4. Сауалнама нәтижесі
Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра біз өте көп маңызды мағлұматтармен таныстық.
Бал-бұл бірегей өнім.Ол бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген қызықты деректер аштық.
Біздің осы тақырыпқа деген қызығушылығымыз арта түсті. Сондықтан біз 2-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.

Балдың қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:
Өз басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп қой. Сұрайын дегенім, балдың қай түрі ең пайдалы болып есептеледі?
Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ ұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (акация), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады.
Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп болады. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.
4. Қорытынды
Балды пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік.
Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.
Балдың өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік.
Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз.
Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.
Оқушы Орманбеков Темірлан жасаған зерттеу жұмысына
Пікір
Орманбеков Темірлан өзінің ғылыми жобасында балдың түрлерін анықтап, оның адам денсаулығына пайдасы туралы жазған. Темірлан өз жұмысында өзін толғандырып жүрген балдың пайдасы мен зияны туралы жүйелі ой қозғайды. Себебі бүгінгі таңда балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік барын атап көрсеткен. Жалпы оқушымыздың ой-санасында адам денсаулығы үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.
Жетекшісі: Токтарова Р.К.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Ақ дастарқан» кітабы 1985 ж.
Интернет жүйесін пайдалану
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (2-том,1-том)
«Балдырған» балалар журналы 2009 ж. 9 нөмірі
5. «Егемен Қазақстан» газеті 2011 жыл