?аза? тілінен саба? жоспары К?ндер ?андай болады (3 сынып)


Сабақтың тақырыбы : Күндер қандай болады?    Сабақтың   мақсаты : 
1. Білімділік: жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінмен таныстыру, ауа райы туралы білімін толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, мәтінді оқу арқылы сөйлеу әрекеттерін үйрету;
2. Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі жеткізе білу,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғап сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасының стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,сөз сурет,кесте.
Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, презентация, тапсырмаларға
байланысты слайдтар, жазылған көрнекі құралдар.
Болжамдалған нәтижесі: Оқушылар жыл мезгілі туралы айта алады, мәтін бойынша жұмыс істей алады, қазақша ай атауларын біледі. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Психологиялық ахуал
1.Топқа бөлу Әр оқушыға әр түрлі қағаздар (ақ, жасыл, қызыл, сары) таратамын, олардың қандай жыл мезгіліне қатысы бар екенін сұраймын.Әр түрлі қағаздарда жұмбақтар жасырылады тапқан топты жыл мезгілімен бөлемін.
 1- топ «Қыс».
2-топ «Көктем». 
3 - топ « Жаз».
4 -топ «Күз»

ІІ. Жаңа сабақ. «Қызығушылығын ояту» сатысы
-Видео көрсету (Жыл мезгілдері)
-Балалар бұл бейнероликтен нені көрдіңдер?
(оқушылардың жауабын тыңдау)
-Оларды қалай атаймыз? ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
-Балалар сендерге саяхатқа шығу ұнай ма?
-Онда біз бүгін сендермен қызықты саяхатқа шығамыз. Өзімізбен бірге мына сөздерді алайық. Сөздікпен жұмыс
1.Суық-холодно 2.Ыстық-жарко
3.Күн-день 4.Салқын-прохладно (хормен қайталау)
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ қаласына барамыз
-Немен барамыз? ( Оқушыларды тыңдау)
-Онда бізге көлік жүргізушісі керек қой, ол сендерді жол бойы бақылап отырады, әр топтан бір топбасшыдан сайлайды, (Бағалау парағын беру)
Ал бізді көлікке тегін алмайды ғой, билет алу керек. 1 билет – жұмбақ жасыру.
Жапалақтап ала қар,  Жауады күнде қайталап.  Қырға шықты балалар,  Шаңғыларын арқалап Ол не?
1 аялдама –Қыс
Қыс туралы білу үшін 135 бетті ашып қыс мәтінін оқимыз. 1-топ. Тон, қолғап, етік, бөкебай, құлақшын сөздеріне көптік жалғауларын жалғайды, дәптерлерін ауыстырады , тексереді. 1 топтың бір оқушысы тақтаға жазады.
2 аялдама –Көктем
Қар, мұз еріп, су көбейіп, сай-салаға ағады.
Бұл қай кезде болады?
Көктем туралы білу үшін 135 бетті ашып көктем мәтінін оқимыз. 2-топ. Сәуір сөзіне дыбыстық талдау жасайды, дәптерлерін ауыстырады , тексереді. 2 топтың бір оқушысы тақтаға жазады.
Сергіту сәті
3 аялдама –Жаз
Өрік, алма, шие, алша, жидек, жүзім піседі
Бұл қай кезде болады?
Жаз туралы білу үшін 141 бетті ашып жаз мәтінін оқимыз. 3-топ.
І жақ .... суға шомыла..., ІІ жақ .... суға шомыла..., ІІ жақ .... суға шомыла..., ІІІ жақ .... суға шомыла..., дәптерлерін ауыстырады , тексереді. 3 топтың бір оқушысы тақтаға жазады.
4 аялдама –Күз
Бұлттар төніп, жаңбыр төгіп, дымқыл тұман басады.
Құстар қайта бастады.  Жапырақтар сарғайып,  Жерге түсе бастады. Бұл қай кезде болады?

Күз туралы білу үшін мәтінді оқимыз. 4-топ.
Шабдалы, жүзім сөздерін тәуелдеу. Дәптерлерін ауыстырады , тексереді. 4- топтың бір оқушысы тақтаға жазады.
Ал міне біз барлық аялдамаларға тоқтап, Жыл мезгілдері қаласына да жеттік. Жол бойы алған білімдерімізді көрсетеміз.
1-тапсырма Топтық жұмыс. Әр топқа сурет таратылады.
Сурет бойынша жұмыс.
1- топ «Қыс».
2-топ «Көктем». 
3 - топ « Жаз».
4 -топ «Күз»
Әр топ шығып қорғайды.
2-тапсырма «Иә», «Жоқ» ойыны арқылы бекіту. 1 жылда 4 мезгіл бар. Иә
2.Күз айлары наурыз, сәуір, мамыр. Жоқ.
3. Қыста мен басыма етік киемін. -жоқ.
4. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. иә.
5. Жазда күн аязды болады. Жоқ.
6. Көктемде күн жылынады. Иә.
7. Қыстың бірінші айы – ақпан. Жоқ.
8. Жазда балалар суға шомылады. иә.
9. Жылдың ең суық мезгілі - көктем. Жоқ.
10. жылдың ең ыстық мезгілі. Жаз. иә.
3. Ст. «Бес жолды өлең»
Бүгінгі тақырыбымыз қандай болды?
Күндер қандай болады?
Үйге тапсырма: 154 бет,6 тапсырма
Рефлексия