Балалар?а ?андай т?с ?найды психологиялы? тест


Балаларға қандай түс ұнайды?
Түстерге деген талғам әр түрлі. Үлкендер сияқты балалардың өз таңдаған, ұнайтын түстері болады. Бір ғана түс емес, бірнеше түстерді ұнататындар бар. Өздеріне ұнайтын түсті сурет салғанда, киім кигенде, зат таңдағанда т.б. көбірек қолданғандығынан байқаймыз.
Сан түрлі түстер адам мінез-құлықының, тәрбиесінің де бір көрінісі екен. Түстерді таңдаудағы талғамын тәрбиелеу арқылы баланың мінез-құлқындағы кемшілікті түзетуге мүмкіндік болар мінез-құлқындағы кемшілікті түзетуге мүмкіндік болар деген оймен түстер туралы анықтамалар ұсынсақ....
Ақ : бұл барлық түстің қосындысы. Сондықтан, ақ түс пәктіктің, тазалықтың символы іспеттес. Дегенмен де бұл түс көп мағыналы түсінік береді. Мысалы, ақ түстің бойында жарықтың жарқылы мен мұздың ызғары бар. Осыдан-ақ түсті құбылмалы мінезді адам таңдайтынын байқауға болады. Сонымен қоса бұл түс ешқашан кері теппейді.
Сары: тыныштықтың, еркіндіктің, зиялылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адам көпшіл, қызыққұмар, батыл. Сонымен бірге жағдайға тез көндіккіш, адамды өзіне тартқаннан, ұнағанан леззет алатын жан. Ал ашуға берілгенде жүнжіп, тез босаңдық танытатын мінезді.
Қызғылт : бұл түс бар тіршіліктің, көктемнің белгісі. Қызғылт түсті ұнататындар сезімтал, сәл нәрсеге көңілі бұзылғыш адамдар. Болжамшыл жандар бұл түстен жиіркенеді.
Көк: аспанның түсі. Бұл түстің тазалығын, адамның рухани деңгейіне байланыстырады. Көк түс қарапайым және уайымшыл адамдарға ұнайды. Оларға сенімділік сезімі мен достарының тілектес ниеттері өте маңызды. Менмен әрі өзімшіл жандар ғана бұл түсті ұнатпайды. Көк түске көіл аудармайтындар сырт көзге сыпайы көрінгенімен, ішкі сезімі жеңілтек келеді.
Жасыл: табиғаттың, өмірдің өз түсі. Бұл ұнататындар, өзгенің жетегінде кетуден қорқып, өзін танытудың жолын іздестіріп жүреді. Ал, жасыл түсті ұнатпайтындар тіршіліктің тәлкегінен, тағдырдың құбылмалығынан, жалпы бар қиыншылықтан тайсақтайды.
Күлгін: бұл түс адамның өте қызба екендігінен, рухани байлығынан және сыпайылығынан хабар береді. Күлгін түс музыкаға бейімі бар адамдардың түсі. Романтиканы жек көретін жандар бұл түсті жақтырмайды.
Қызыл: құмарлықтың түсі. Бұл түсті батыл, тәуелсіз, өктем және ашушаң адамдар ұнатады. Ал, қызыл түсті ұрыс-керістен қашық жүретін, оңаша қалғанды жақсы көретін адамдар ұнатпайды. Бірақ осы мінездес адамдар қарым-қатынасқа тұрақты.
Көгілдір: қиын жағдайларға тап болудан қорқып, өз міндетін өзгеге артқыш, өктем адамдар ұнататын түс.