Коучинг саба? теориялы? білімді практикада ?штастыруда о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын жа?а ?діс –т?сілдер ар?ылы дамыту


1-коучинг сессия 90 минут
Коучинг жоспары
Сабақтың тақырыбы: теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс –тәсілдер арқылы дамыту
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың мақсаты: « Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс –тәсілдер арқылы дамыту» тақырыбындағы әрекеттерді айқындау және шешу жолдарына дағдылану, алдына тұрған проблеманы айқындап, оны шешу жолдарын қарастыру
Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:
Оқушының оқу процесінде теориялық білімді қалай қабылдайтынын анықтай алады
Оқушылар бірлескен топтық жұмыстыұйымдастыруға дағдыландыра алады
Оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтап, эксперимент жасауға дағдыландырады
Мұғалім өз тәжірибесіндегі кедергілерді жеңуді нақтылай алады
Сабақтың нәтижесі: теориялық білімді практикада ұштастыра алады, тәжірибе жасай алады, алдында тұрған проблеманы шешіп, сабақта жүйелілік енеді
Коучинг өткізу әдісі:
тақырыпты, тапсырмаларды, эксперименттерді оқушыларға топпен жұмыс жасай отырып меңгерту әдістерін қолдану
Практикалық жаттығулар және мұғалімдермен кері байланыс рефлексиясын жазу
Ұсынылған ресурстар:Аудио таспа, постер, түрлі қаламдар, А4 қағазы, ноутбук
Коучинг барысы:
Коучингке қатысатын мұғалімдер:
1.Топ ережесін құру 10 минут. Мұғалім мүмкіндіктеріне қарай өздері құрады, осы ережеге бағынуға міндетті (нұсқау ретінде өтеді)
2.Сыни тақырыпты ойландыра алатын «Көбелектің қауызынан шығуы», «Құмырсқа» бейнетаспаларын қойып, оған мұқият зер салып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар
Нұсқау: Алдарыңызға бейне таспа қойылды, көрсетілген бейне таспаға мұқият мән беріңіздер. 15минут
Енді бейнетаспадан көрген мәліметтер туралы ой қозғайық, сіздерге мына төмендегідей сұрақ қойып, соған жауап берулеріңізді сұранамын.
А) бейне таспада не көрсетілді?
Ә) Бұл бейне таспа сізге қандай ойлар туғызды?
Б) Сіз осы жерде болсаңыз қандай іс – әрекет етер едіңіз?
Бұл бейне фильмде көрген жағдайларды Сіз қалай түсіндіңіз, және сіздің іс – әрекетіңіз (Эссе жазу)
Коучинг жүргізуші: Тақырып мазмұнын өздеріңіз ашып көрсеттіңіздер. Бүгінгі тақырыбымыз «Теориялық білімді практикада ұштастыруда оқушылардың қызығушылығын жаңа әдіс –тәсілдер арқылы дамыту »
3.Белсенді әдіс қолдану:топтық жұмыс
Нұсқау: Мұғалімдер қызыл, сары қағазға «Әлем өзгеруімен бірге мен де өзгеремін», «Мен жаңашыл мұғалім боламын»сөздері жазылған, өздеріне ұнаған түсі бар стикерлерді алып топқа бөлінеді.
А) Қазір оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай теория мен практиканы ұштастыра алатындай деңгейлік тапсырмалар құрастырыңыздардар, бұл тапсырмаларда оқушы деңгейін, жас ерекшелігін ескеріңіздер (Химия, биология пәндері бойынша)
Ә) Топ аралық жұмыстарды қарап пікір алмасып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар, кедіргілер мен сәттіліктерін айтып талқылаңыздар
Б) Топтың өз жұмысын қорғауы, талқылаудың нәтижесін көрсетіңіздер (Оқушының сабақ барысында жауап бере алатындай төменгі және жоғары деңгейде болуы керек)
4.Кері байланыстың сұрақтары: А) Бұл коучинг сабақта не үйрендіңіздер?
Ә)Коучинг сабағы ұнады ма?
Б) Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
В) Болашақта өз тәжерибеңізде, сабақта қандай
өзгерістер енгізбексіз?
Әрбір қатысушыға сауалнама беріліп, алған әсерлері, үйренген әдістері туралы пікірін қағазға түсіру, нәтижесін қарау.
Коучинг жүргізуші: қатысқандарыңызға рахмет! Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Екінші коучинг дәл осылай белгілі уақытта және белгілі тақырыпта іске асырылады.Соңынан коучинг туралы кері байланыстарын жаздыру және оны қалай өз сабақтарында қолданатындары