Разработка по казахскому языку на тему Шыны?са? шымыр боласы?


Мақсаты:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Ата-анамен бала арасындағы спорт мәдениетінкең тарату .Спортқа деген сүйіспеншілігін арыттыру.
Қолданылатын құралдар:
Доптар,арқан,үнгіршектер, кедергілер жалаушалар.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма! Тәрбиеші апайлар, қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгінгі біздің « Шынықсаң,шымыр боласың» атты көңілді сайысымызға қош келдіңіздер! Ал, кәнекей қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қолсоғып, қарсы алайық
Сайыс болған соң жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар тағайындайтын әділқазылар болу керек .Олай болса әділқазылар алқасынмен таныстырып өтейік.
1)Балабақша менгерушісі Агыбаева ГА
2)Медбике Таженова А М
3)Психолог Балмуханова Ж К
Кезекті ойыншыларға береміз:Топты таныстырып өтейін.
1-топ « Құлыншақ» тобы.
Алға! Деген ұранмен
Құлыншақ боп шабамыз
Бас бәйгені алу үшін
Күшімізді саламыз.
1-бала Денсаулық-ол шыныққан
Барлық дене мүшесі
Дененің ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
2-бала Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды
Соз қолыңды тағы да
Жеткіз жираф жалына
3-бала Денсаулық ол күлуің
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай
4-бала Аюша біз жүреміз топ-топ
Қоянға ұқсап секірелік бірлесе
Қанатымызды біз қағамыз құстарша
Биікке көкке самғаймыз
Саусақтарды тарамдап
Біз жаттығу жасаймыз
2-топ « Ботақан» тобы.
Біз батырмыз
Біз батырмыз
1,2,3
Достықта біздің күш
1-бала Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиындықтан қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
2-бала Біз болашақ жастармыз
Алға ұран тастаймыз
Ертенгілік әр күнді
Жаттығумен бастаймыз
3-бала Соқ,соқ шапалақ
Қане,қане созайық
1,2,3,4
Қуыр,қуырқуырмаш
Балапанға бидай шаш
Жүргізуші: Бүгінгі жарыс бақшада
Қуанады бар бала
Көңілді спорт ойыны
Шаттық сыйлар баршаға
Ал қанекей жарысымызды бастаймыз
Бір-бірімізді қостаймыз
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
Ойын шарттарымен таныстырып өтейін:
1)Жалауды тез жеткіз
2)Кедергіден сүрінбей өту
3)Үнгірден жарысып өту
4)Допты қақпаға салу
5)Арқан тартысу
Ән: «Мен чемпион»
Әділқазылар алқасына қортынды сөз кезегін береміз.
Бүгінгі міне, оң болып әр ісіміз
Жоғары болып күш жігер намысымыз
Осылайша қуанышпен думандатып
Аяқталды халайық жарысымыз
Әрдайым дендерің сау саламат болсын!

Ембі қаласы «Достық» балабақшасы МКҚК
Спорттық сайыс
«Шынықсаң шымыр боларсың!»
Өткізген:Назық Б.Ж.
Мерзімі:шілде 2015ж.