Саба?ты? та?ырыбы «Шыны?са? шымыр боласы?»


Тақырыптар: 1. Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)2. Спорттық қимылдық ойындарТақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруіне қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі денешынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой – өрісін дамыту.Көрнекіліктер: Үнтаспа, самакат, кедергілер, сылдырмақ.Методикалық әдіс: Топ балаларды екі топқа бөліп жарыс ұйымдастыру, түсіндіру, түрлі қимыл – қозғалыс орындау мадақтау, жігерлендіру.Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Балабақша ұжымы. Қош келдіңіздер! Бүгінгі жарысқа қатысушы топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз.Жалпы дамыту жаттығулары: Балалар музыка әуенімен кіріп, сап түзеп бірінің артында бірі жүреді, аяқ ұшымен жай жүгіреді, екі қатарға тұрады.1) Б. қ аяғымыз алшақ оң қолымыз жоғарыда, сол қолымыз төменде, б. қ2) Б. қ аяқ арасы ашық, қол белде оңға 2 рет бұрылып солға 2 рет бұрылу3) Аяқ қолды кезек – кезек сілкілеуЖүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.-------------------------Жүргізуші: Бойымызды қыздырып ширатып алдық. Енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз. Екі топ өздерін таныстырады.«Қыран»Жас қырандар балапанЖайыпқанат ұмтылған«Көгершін»Бейбітшілік әнімізБауырласпыз, бәрімізЖүргізуші: Ал, қане бір – бірімізді қостаймызБүгінгі жарысымызды бастаймыз.1. Эстафеталық ойын: «Кім жылдам»Екі қол желкеде кедергілердің арасымен жүгіріп барып, кері отырып жүріп кедергілерден өтіп келу.2. «Кенгуру» Секіретін доп3. Смакатпен кедергілерден өту4. Баспаға мініп, түсу«Нүктелер» қимылдық ойыныОйын шарты: Бұл ойынды алдарында жатқан бір парақ ақ қағаз бетіне тоғызға дейін санағанша қай топ көп нүкте салса сол топ жеңіске жетеді.Шеңбермен жүріп дем алу, дем шығару жаттығуларын жасау.Жүргізуші: Сөз кезегін әділ қазыларға береміз.