Дене шыны?тыру п?нінен саба? жоспары Баскетбол (6 сынып)


Тақырыбы: Баскетбол
Сабақтың міндеті: 1. Допты әріптесіне әр түрлі тәсілдермен беруді
дамыту.
Допты торға орнынан тастау әдістерін дамыту
Осы әдістерді қолданып эстафеталық ойын өткізу
Өткізілетін орны: спорт зал
Керекті кұралдар: баскетбол доптары, ысқырық, жалаушалар.
Сабақ
бөлімі Жеке
міндеті Сабақ негізі Уақыт Ұйымдастыру және әдістеме
1.
Дайындық
бөлімі Оқушыларды сабаққа дайындауСапқа тұғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Саптағы жаттығулар.
10-12 Оқушылардың
спорттық
киімдеріне,
саптағы
тұрыстарына көңіл аудару.
Оқушылардың
организімін негізгі бөлімге дайындауАяқтың ұшымен, өкшемен, өкшенің сыртымен жүру. Қолды екі жаққа созып ұстау. Жартылай және толық отырып жүру, секіру
Еркін жүгіру? Оң жақпен, сол жақпен секіру. Аяқты айқастырып жүгіру, еркін жүгіруБір
Айналым
4-5 р Денені
дұрыс
ұстауға
көңіл
аудару.
Дененін тік ұстауын кадағалау
Дұрыс тыныс алуын қадағалау
Сапта жүріп келе жатып жаттығулар жасау Жүрек соғуын қалыптастыру. Қолды жоғары көтеріп, демалып, енкейіп демді шығару. Қолды кеуденің алдында ұстап қолды сермеу. 3,4 санына денені бұрып құлашты ашу. Екінші жаққа солай қайталау. Оң қолды жоғары көтеріп 1,2,3,4 санына қолды сермеу. 4,5,6,7 санына сол қолды жоғары ұстап сермеу. Саусақтарды айқастырып, буынды қозғау, саусақтарды айқастырып, буынды қозғау. саусақтарды айқастырып алақанды алдыға қаратып ұстап 1,2,3,4 алдыға соғу, 5,6,7,8 рет жоғары көтеру. Қолды екі жаққа созып 1-4 санына білек буынын алдыға айналдырамыз, 5-8 санына шынтақ буынның алдыға айналдырамыз. 4-5 р
4-5 р
4-5 р
30 сек Бірнеше рет қайталап, тамыр соғысын басқы қалыпқа келтіру. Жаттығуды дұрыс жасауын қадағалау
Қолды түзу ұстауын қадағалау
Буынды жылдам қозғау. қолды буындарда түзу ұстауын қадағалау.
Жаттығуларды әр буында дұрыс жасауын қадағалау.
Орнындағы жаттығулар Б.қ. аяқты кең ұстаймыз. Сол қолды белге қойып, оң қолды жоғары көтереміз, 1-4 санына оңға қарай, 5-8 санына солға қарай иілеміз.
Б.қ. аяқты кең ұстаймыз. 1 санына қолды жоғары көтеру, артқа шалқаямыз. 2 санына қолды аяқтың ұшына тигіземіз. 3 санына отырамыз, 4 санына тұрамыз.
Б.қ. аяқты кең ұстаймыз, қолымызды артымызда ұстаймызда, алдыға еңкейіп қолымызды жоғары көтереміз. Қолымызды алдыға ұстап, еденге тигіземіз. 4-5 р
4-5р Тереңірек иілуді талап ету.
Алдыға енкейгенде тізені түзу ұстауды қадағалау, Артқа тереңірек шалқаю.
Қолды неғұрлым жоғары көтеруге тырысу, түзу ұстау.
Секіру
жаттығулар 1-4 ке дейін оң аяқпен, 5-8ге дейін сол аяқпен, 9-12 ге дейін 2 аяқпен бірге секіру. Асықпай секіруді және аяқтың ұшымен секіруді қадағалау.
II. Негізгі бөлім
1 .Допты орында тұрып, әр түрлі
тәсілдермен
әріптесіне
беруді
дамыту А)Допты екі қолмен кеудеден беру
Ә) Допты екі қолмен бастан асырып беру
Б) Допты әріптесіне жерге соғып жеткізу 8" Допты дұрыс ұстауларын қадағалау және көрсету.
Допты дұрыс беруін қадағалау. Допты әріптесіне бергенде доп әріптесіне бір қадамдай жетпей жерге тию керек.
2.Допты
қозғалыста
әріптесіне
беруді
дамыту А) Допты қозғалыста кеудеден, әріптесіне беру
Ә) Допты қозғалыста бастан асырып беру
Б) Допты қозғалыста әріптесіне жерге соғып жеткізу. 8" Допты лақтырғанда кеудеден шамалы доға жасап толық жазылады.
Допты әріптесіне қозғалыста дұрыс беруін қадағалау.
Доп
саусақтардың
белсенді
қимылымен
серпіледі.
З.Допты
орында
торға
тастауды
дамыту А) Допты торға кеудеден тастау
Ә) Допты торға бастан асырып тастау
Б) Допты торға бір қолмен тастау Допты кеуде түсынан лақтыру үшін тізе бүгіліп допты кеудеде қос қолмен ұстап, тізені түзеу, қол кеудеден
шамалы доға жасап түзеледі Допты екі қолмен бастан асырып тоға лақтыру, орта қашықтықта қолданылады
Мұнда бүгілген тізені тітеумен, бір мезетте қол алға қарай жазылып доп торға бағытталады
4. Осы әдістерді қолданып эстафеталық ойын ойнау А) Доппен жалаушалардың арасынан жүріп өту
Ә) Допты торға тастауБ) Доппен қайту және белгіленген жерден допты әріптесіне беру. 7" Доппен дұрыс жүруін қадағалау
Допты торға дұрыс тастауларын қадағалау
Белгіленген межеде әр тәсілмен әріптесіне допты дұрыс жеткізуін қадағалау.
III.
Қорытынды бөлім
Жүрек соғысын қалпына келтіру Сапта тұру. Саптағы жаттығулар Қателерін көрсету. Үйге тапсырма. 3" Көңіл аудару жаттығулары. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.