Блум таксономиясы бойынша саба? жоспары. Та?ырыбы: Т?щы су ж?не те?із балдырларыны? к?пт?рлілігі 6 сынып


11 .01.2017 ж.
14.01.2017 ж. Биология 6 «а», «б»
Сабақтың тақырыбы Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.
Сабақтың мақсаты,міндеті Теңіз балдырларының түрлерімен таныстыру, балдырлардың табиғаттағы маңыздылығы туралы түсінік беру;                             
Таным белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасауын  дамыту.
Оқушыларға жан-жақты білім бере отырып, оқушыны ізденімпаздыққа,  ұтымды жауап беруге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері   Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігін анықтау. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызын ұғыну.
Сілтеме Биология оқулығы 6 сынып
Негізгі идеясы Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.
Ресурстар Суреттер, сұрақтар жазылған парақтар
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу(стикер таңдау арқылы 3 топқа бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа бидай масақтарының қозғалысы тәрізді қимыл-қозғалыстарды қайталау ұсынылады.
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі:
(2 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу:
(3 мин) Оқушыларды стикерлер таңдатқызу арқылы 3 топқа бөледі Топтарға бөлінеді
Білу
(10 мин) Оқушылардан үй тапсырмасы сұрақтар қою арқылы сұралады.
1.Балдырлар туралы не білесің?
2.Таллом дегеніміз?Қандай мағынаны білдіреді?
3.Табиғатта жасыл балдырлар бұдан шамамен қанша млрд жыл бұрын пайда болған?
4.Біржасушалы жасыл балдырларға қандай балдыр жатады?
5.Ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік не деп аталады?
6.Балдырларды зерттейтін бөлімі не деп аталады?
7.Көпжасушалы жасыл балдырларға қандай балдырлар жатады?
8.Хроматор грекше қалай аталады?
Жауабы Көбінесе суда,ылғалды топырақта,таста және ағаш діңінде тіршілік ететін төменгі сатыдағы өсімдіктер.
Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі таллом деп аталады.Таллом грекше-таллос—өсінді,қатпаршақ
1,5 млрд
Хламидомонада,хлорелла,хлорококк
Хлорелла
Альгология
Спирогира,улотрикс,кладофора,ульва, каулерпа.
Грекше хромос-бояу,бояулы.
Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну
(7 мин) Сұрақтарға тез жауап алу.
І-топ. Қоңыр балдыр
ІІ-топ.Қызыл балдыр
ІІІ-топ. Балдырларды қорғауТоптар талдап түсіндіреді Постер қорғайды.
Қолдану
(5 мин) Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді.
«Биологиялық пошта» ойыны
Қызыл балдыр Қоңыр балдыр
1.  Ламинария 2.Плюмария. 3.Нереоцистис4.Саргассум. 5.Хондрус.6.Коралина.7.Порфира.8.Турбинария
Жауабы;
Қызыл балдыр-хондрус,коралина,порфира,плюмария.
Қоңыр балдыр-Ламинария,саргассум,нереоцистис,турбинария Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады
Талдау
(7 мин) Тақырыпта берілген тапсырмаларды талдауға үйренеді.
Ой толғаныс
Тақтаға ілінген сандарға анықтама беру
1500түрі,270м,
20-30м,50см,4000түрі,
180-200м,5000,1.5млрд
Жауабы:
Қоңыр балдырлардың 1500түрі бар. Қызыл балдырлар 270м тереңдікте өседі.
Ламинария 20-30м тереңдікте өседі. Ламинарияның ұзындығы 50см.Қызыл балдырлардың 4000 түрі бар.Қоңыр балдырлар 180-200м тереңдікте өседі. 1грамм қара топырақта 5000 балдыр болады.Балдырлар 1,5 млрд бұрын пайда болған.
Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді
Салыстырады, сараптайды
Жинақтау
(5 мин) Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?
Тест тапсырмалары
1. Спирогира қандай жолмен көбеймейді?а) жыныстыб) жыныссызв) өсімді2. Қоңыр балдырлар қайда тіршілік етеді?а) Өзендердеб) көлдердев) теңіздерде3. Ламинария су түбіне қандай мүшесі арқылы бекиді?а) Тамырыб) спорав) ризоидтер4. 1 граммм қара топырақта қанша балдыр болады?а) 5 000 б) 7 000 в) 3 0005. Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр?а) Порфираб) Кладафорав) Ламинария6. Қоңыр балдарларға қайсысы жатады?а) Улотриксб) Спирогирав) Ламинария7. Споронгийлерден не пайда болады?а) тамырб) зооспорав) Спора Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау
(3 мин) Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.
Критерийлер бойынша бағалайды
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
Рефлексия
(2 мин) Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.
Үй тапсырмасы: Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Оқушылар оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келеді.