Блум таксономиясы бойынша саба? жоспары. Та?ырыбы: Т??ымны? органикалы? ж?не бейорганикалы? заттары 6 сынып


06.10.2016ж.
07.10.2016ж. Биология 6
Сабақтың тақырыбы § 11. Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқымдағы өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың таралуы, шаруашылық маңызы.
Сабақтың мақсаты,міндеті Тұқымның құрамында болатын минералды және органикалық заттарды анықтау, олардың қасиетімен танысу.
Тұқымның құрамын, түрлерін, өнуін және таралуын модульдік технологиямен көрсету; Алған білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы сыни тұрғыдан танымдық қабілеттерін дамыту; Оқыту барысында теорияны практикамен ұштастыру.
Оқыту нәтижелері Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;
Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;
Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;
Өз бетімен ізденіске бейімделеді.Сілтеме Биология оқулығы 6 сынып
Негізгі идеясы Тұқымның сыртқы және ішкі кұрылысымен танысып, даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын қарау
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.
Ресурстар Суреттер, сұрақтар жазылған парақтар
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу(1-2 дейін санау арқылы топқа бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа бидай масақтарының қозғалысы тәрізді қимыл-қозғалыстарды қайталау ұсынылады.
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу: Оқушыларды 1-3 дейін санау арқылы 2 топқа бөледі Топтарға бөлінеді
Білу Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.
1. Бөліп шығарушы ұлпа дегенді қалай түсінесіңднр?
2. Өткізгіш ұлпа жасушаларының қандай ерекшеліктері бар?
3. Бөліп шығарушы ұлпа қандай заттарды бөледі, ол қалай пайда болады? Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу.
I-топ. Қосжарнақты тұқымның құрылысы
II-топ. Даражарнақты тұқымның құрылысы
Топтар талдап түсіндіреді
Қолдану Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді.
Биологиялық диктант: Қос жарнақтылар. 1.Ұрық................. тұрады.
2.Үрмебұршақ тұқымының жарнағы ............ ............. болып саналады.
3. Қос жарнақты тұқымда ......... ........... болады. 4. Үрмебұршақ тұқымының ойыс жағында .................... бар.
5. Ұрық пен жарнақтың арасында жұқа бір ...... орналасады.
6. Тұқым қабығы ........ ............ , ............ сақтайды.Жауаптары:1. Алғашқы тамырша,сабақша,бүршікшеден 2. Қос жарнақты
3. Екі жарнағы
4. Кіндігі 
5. Жарнақ6. Кеуіп кетуден. Мезгілсіз өнуден  Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады
Талдау Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды. Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді
Салыстырады, сараптайды
Жинақтау Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?
«Тапқыр болсаң, тауып көр».
1. Қауашақты құрғақ жемісті өсімдік;
а).Картоп                            ә). Күнбағыс
б). Көкнәр                            б). Бұршақ
 
2. Ұрықтану-
а). Тозаңданудың алдында болады.
ә). Тозаңданудан кейін жүреді.
б). Тозаңданумен қатар жүреді.          
                                    
3. Мақта жемісі:
а) Жидек                                ә). Жаңғақ
б)Дәнек                                  в).Қауаша
4. Орамжапырақ жемісі:
а). Қанатты                      ә). Тұқымша
б). Қауашақ                      в). Бұршаққын
1-б, 2-ә, 3-в, 4-в Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.
Критерийлер бойынша бағалайды Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді? Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.