Тізбектелген саба?тар топтамасынан саба? бойынша рефлексивтік есебі


Құрашасай орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Сисенова Замира Мақсотқызының мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылым бойынша рефлексивтік есебі
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ол оқуды, ізденуді тоқтатысымен
мұғалімдігіде жойылады. К.Д.Ушинский
Жаңашылдыққа бет бұрыс жасап, еліміздің жаһандану аясындағы білім беру жүйесінде оқытудың заманауй технологияларын меңгеріп, бүгінгі қоғамда болашақ тұлғаның бойына дарыту мақсатында Халықаралық емтихан кеңесімен келісілген Кембридж университеті және Назарбаев зияткерлік мектебі ДБҰ бірлесіп жасаған мұғалімдердің үшінші базалық деңгейлі курсы бойынша білім алуды көздедім.
Кембридж университетінің бірлесуі арқылы жасалған бағдарлама жаңа заманауи талаптарға сай педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сауатты дайындалған.Баршамызға аян, білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді.Мұғалімнің рөлі барынша ұтымды жағымен артады және оқушылардың білімге қалай сын көзбен қарайтындығына бағытталатын болады. Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер мен пәндік салалардағы бағдарламалармен бірге дамып отыруға тиіс. Бұл- менің осы курс туралы пайымдауым.
Аталған курсқа келгендегі бірінші күні естен кетер емес, әрқайсысымыздың көкірегімізде сан түрлі ой, қобалжумен қуану сезімдері қатар тепті.Толқу билеген сезіммен Ақтөбе өңірінің әр түкпірінен келген әріптестерімнің әр түрлі сұрақтар ой елегінен өткеніне күмән жоқ, алғашқы күннен бастап, бір-бірімізбен танысып, сынып ахуалына қызу кірісіп, топ-топтарға бөлініп алдық. Кей уақыттарда өзімізді оқушы да санап қалған жағдайлар да болды. Жалпы өзіміздің тобымызда 30 мұғалім жиналғанбыз. Әрбір мұғалім бұл курсты көріп, оқып-танымайынша, әркім әртүрлі пайымдап, біз үшін алынбас қамалдай боп тұрған еді.Алайда, аз уақыт ішінде біз үшін тиянақты дайындалған оқу процесіне қызу кірісіп кеттік. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған аудиторияларды, нақтыланған көрнекілік құралдарды және күлімдеп қарсы алған жылы жүзді тренерімізді көрген кезде біздер, мұғалімдер қауымы, басындағы қобалжуларымыз су сепкендей басылды.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренеріміз ұйымдастырған «Оқытудың тиімділік әдісін айқындау » тақырыбы бойынша рефлексия оқыту тәжірибемде бұл идеяларды қаншалықты жүзеге асыра алғандығымды сыни тұрғыдан түсіне алуыма көмектесті. Осылайша, топтық жұмыста тәжірибе кезінде қолданылған жеті модульдің әдістерін қалай, не үшін пайдаланғандығымыз, ол әдісіміз қаншалықты тиімді болғандығы, қандай нәтижеге жеткеніміз, болашақта не жоспарлап, қандай шешім шығарғанымыз жөнінде бес адамнан топ құрып, бір-бір әдіс алып зерделеуден өткіздік.

Осы топтық жұмысты орындау барысында нені үйрендім? Алдымен бір-бірімізді құрметтеп, пікірлерімізді тыңдап, ортақ бір пікірге келуді үйрендім. Тапсырманы орындау кезіндегі кездескен қиындық ойымызды, идеяны плакатқа суретпен түсіру кішкене қиындау болды, себебі сурет салу өнері қолымыздан келмейтіндігі осы жерде байқалды. Бірақ бұл қиындықты бірлесе отырып жеңіп шығып, соңында жұмысымыз өз нәтижесін берді, топтық жұмыстың бір ерекшелігі : әр топ мүшесінің өз құнды ерекшеліктерін байқап отырдым,мәселен Баян апайдың идеялармен әркезде теориялық дәлелдемелер келтіруден алдына жан салмайтын. Жас та болса Арайлым, Анар,Шынарлар көп жұмыстың ішінен ең тиімдісін табуға шебер болды, Бақыт сурет салу,Гүлнар әртістік қабілетпен, Жанаргүл шапшаңдықпен, Жанымгүл, Алия, Гүлбану, Гүлнұрлар ақындық өнермен. топты алға тартып отырды . Егер осындай сурет салумен байланысты тапсырма берілсе сурет салып,бояулармен де жұмыс жасап тұру керек деп ойлаймын.Эстетикалық талғамды арттырып тұрудың да өз пайдасы бар ,сыни тұрғыдан ойлануға да мүмкіндік береді.Осы жұмысты орындау барысында жұптық әңгіме жүрді.Жұптық әңгіме диалогтік оқытуға әкелетіні белгілі.Жас ерекшеліктеріміздің әркелкілігіне қарамастан идеяларымыз ортақ пікірде тоғысты.Тапсырманы орындап, нәтижеге жетуге ұмтылдық.Топтық таныстырылымда әркімнің пікірі құнды болды.Жұмыс барысында жауапкершілікті сезініп, уақытқа бағыну керектігін түсіндік.Жалпы топтық жұмыстың пайдасы көп. Топтың басқа мүшелерінің барлығын жұмысқа қамтып,бос отыруға мүмкіндік бермейді. Ауызбіршілік болса алынбайтын қамал болмайтынына тағы бір көз жеткіздік. Ынтымақтастық құру мақсатында аса шеберлікпен тренер әр күн сайын түрлі сергітулер, түрлі тәсілдер арқылы топтастырып, түрлі тапсырмаларды орындату барысында аудиторияның ынтымақтастығын толықтай қамтамасыз етті. Күнбе күнгі жұмыстар барысында түйінді пікілер ортаға салынып, біздің тәжірибеде шыңдалуымызға ықпалын тигізді, осы жинақталған білік дағдыларымызды мектептегі іс-тәжірибемде қолданып, оқушыларымды білімге тарттым.
Бірінші бетпе-бет кезеңінде тобымыз қандай мәселе болса да жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші бір-бірімізге білмегенімізді сұрап, білгенімізді үйретіп, ауыз біршілігімізді сақтадық. Осындай бірлігімізді ұстана отырып, мектептегі тәжірибе кезіндеде, бір-бірімізбен интернет жүйесі арқылы байланыс жасап ,ақылдасып отырдық. Әрине оқу оңайға соқпады,бір күні интернет желісі арқылы «жұмыс көбейіп кетті, үлгере алмайтын шығармын »деп қиналғанымды білдіргенмін, әріптесім Бақыт «Замира сенің қолыңнан келеді, мен саған сенім бідіремін»деген сөзі бойыма қуат бітіріп , рухымды күшейткендей ,тағы бірде Баян апайға слайд жасай алмайтынымды айтқанмын, «Білмейм деп отыра бермекпісің, қай затты болса да бастап көру керек » деп жолдарын көрсетті, бұл сөз ойыма түрткі болып, «Power Point» бағдарламасының есігін ашуыма септігін тигізді.
Иә... менің ойымша курстың басты міндеті – ешқашан сенікі дұрыс емес, сенің қолыңнан келмейді деген сөз тіркесін мүлдем пайдаланбау бұны біз тренердің сабақ барысындағы қарым-қатынас мәдениетінен сабақ алдық және өз тәжірибемізге енгіздік.
Мектептегі практиканың алғашқы кезінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырмас бұрын бірнеше психологиялық зерттеулер жүргізіп алдым, соның бірі «Өзіндік ынта баспалдағы»әдістемесі бойынша оқу мотивациясын анықтау барысында зерттеуге алынған 21 оқушының ішінен бірінші орында таңдауын сараптасам «Көп нәрсе үйренгім келеді,сондықтан оқимын», «ата-анам менің жетістігіме қуансын деп», «нашар баға алып қалмайын деп оқимын» деген нұсқаларды алғашқы үш кезеңге орналастырғанынан ұққаным оқушыларымның білімге деген құштарлығы мен ата-ананың алдында үмітін ақтауға талпыныстарының зор екенін аңғардым.,тағы бір сабағымда ағаш бұтақтарында отырған адамдардың суретін беріп, «өздеріңді қай орынға қояр едіңдер?»деп сұрадым,мен бақылауға алған дарынды оқушым өзін жоғарыға қойғанын «менің жетістіктерім аз емес,дегенмен де осы биікке шығу үшін біліммен шыңдалуым керек деген мақсат қойдым деді»,ал Досбол «мен екі адамның бір-бірін демеп отырғанын таңдадым,себебі менің досым Ислам екеуміз бір-бірімізді үнемі демеп жүреміз »деді,ал социометрия әдісін пайдаланғанымда кластағы көшбасшы,назардан тыс қалған балалар айқындалды.Сараптама жасап алдағы сабақтарымда осы оқшауланған оқушыларды ортаға тартуды көздедім.бұл мақсатқа қол жеткізудің алғашқы баспалдағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «мен таныстырғым келеді»кіріспе ойынын пайдаландым,басында ұлдар тек ұлдарды таныстырумен шектеле бастаған соң,ойынның шартын өзгерттім де «балалар міндетті түрде ұлдар қызды,қыздар ұлды таныстыруы қажет»деген соң ойын мақсатына жетті. Абдулхамид деген оқушым Нұрсұлуды үнемі мұғалімдердің назарында жүретінін ескерсе, Ферхат Алиханмен үнемі ойы ұштасатынын, Аяжан Досболдың үйіндегі жанұя мүшелерінің сәйкес келетінін, ал Досбол Сабинаның пысықтығын назарға ұстады, бұл ойында да мінезі қырсықтау Азамат деген оқшауланып қалғанын байқап, «ал мен болсам Азаматты таныстырғым келеді, атына заты сай, қандай тапсырмағада аса жауапкершілікпен қарап, достарына адал жан» дегенде балалар шапалақ ұрып, Азамат болса еңсесін көтергендей болды, негізі бұл оқушының мінезінің ыссы екенін бұрыннан байқап жүретінмін, ол спортқа әуес, ұлдар арасында осы жағынан беделді, кейбір оқушылардың Азаматтың ықпалында болатынын да сезіп жүрдім, егер ол сабаққа ынта білдірсе ықпалындағы үш бала да қызығушылық таныта бастайды, осыдан адыңғы сабақтарда Азаматты көтермелесем басқа оқушылардың да сабаққа деген ынталары жоғарылай түсер деп ойладым, бір байқағаным өзара қарым –қатынастары бұрынғыданда нығайғандай көрінді.
Топқа бөлу әдісін мен бұрын-соңды сабақтарымда қолданып жүрдім, бірақ мен сыныпты топқа бөліп, сабағымды сайыс түрінде өткізіп жүрдім. Жарыс түрінде болғандықтан, оқушылар арасында бәсекелестік туындайтын еді. Ал, мына топпен жұмыс түрінде ондай келеңсіздік кездескен жоқ.Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. Топқа бөлуде көптеген қиындықтар кедесті. «Мен мына жерде отырғым келмейді» деген пікірлер де болды.Тіпті жұмбақтардың шешімі бойынша топтасуда,тіл білімі салаларының терминдері бойынша топтасқанда,біраз оқушылар шешімін таба алмай қиналды.Оларға көмек береміз деп біршама уақытымыз ынтымақтастық атмосферасын құруға кетіп қалды.
Аталған қиындықтарды жеңу оңайға соқпады.Сондықтан топқа бөлу кезінде топтық ережелерді еске түсіріп, психологиялық ойындар мен бейнероликтер арқылы бірлесіп жұмыс жасауға жетеледім.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым жасау бойынша түйгенім:
Менің пікірлерімнің құндылығы әріптестеріммен тәжірибе бөлісуде деп ойлаймын;
Әріптестеріммен ой бөлісу арқылы болашақ таныстырылымдарда қандай мәселелерді қорғау керек екенін түсіндім.
Тәжірибемде кездескен қиыншылықтарды болашақта қандай жолдармен шешу керек екенін ұғындым;
Кемшіліктерімді сарапқа салдым, сол арқылы болашақ портфолиома керек нәрселерді жинақтадым.
Болашақтағы іс-әрекеттерім:
Тапсырмалар арқылы өз әрекеттерімді зерделеп, болашақта нақты орындалуына мән беремін;
Нәтижелерді жақсарту жолдарын қарастырамын;
Жеті модульді сабақтарымда тиімді ықпалдастыру жолдарын қарастырамын;
Нәтижелерімді салыстырып, (өткенім мен бүгінгі) бақылау, талдау мониторинг жүргіземін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар