Саба? жоспары Жылу ??былыстары тарауы бойынша ?айталау (8 сынып)


Сабақтың тақырыбы:Жылу құбылыстары тарауы бойынша қайталау – қорытынды сабағы.Сабақтың Мақсаты: 
Білімділік:Термодинамика тарауы бойынша білімдерін шыңдау,білім білік дағдыларын қалыпқа келтіру.
Дамытушылық: ойлау ой өрісін дағдыларын,шығармашылық дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Жаңашыл техникамен таныстыру,экологияға әсерін түсіндіру,экологияны қалай сақтау керек екенін тәрбие беру.
Сабақ түрі:қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,карточкалармен жұмыс,мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен амандасу, түгендеу.
1. Үй тапсырмасын сұрау.(5 ұпай)
2. Миға шауыл жасау(10ұпай)
3. До Ми Но ойыны (10ұпай)
4. Карточкамен жұмыс жасау(10ұпай)
5. 13 – жаттығу(10 ұпай)
6.Үйге тапсырма беру
1.Үй тапсырмасын тексеру.12- жаттығуды орындағанын тексеру.
1.Жабық ыдыстағы газды 150Дж жылу жұмсап қыздырады. Газ қандай жұмыс атқарады? Осы процесте оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?
Изотермиялық сығылудан кейін қоршаған ортаға 800Дж жылу бөлінсе, онда газ қандай жұмыс атқарады?
Изохоралық суытуда газдың ішкі энергиясы 250Дж-ге кемісе, онда ол қандай жұмыс атқарады? Изохоралық суытуда газдың ішкі энергиясы 250Дж-ге кемісе, онда ол қандай жұмыс атқарады?
Адиабаталық процесс кезінде 350Дж жұмыс атқарылса, онда газдың ішкі энергиясы қалай және қаншаға өзгереді?
2. Миға шауыл жасау
1.Оңынан оқы тіршілікмәні
Солынан оқы онсыз,адам өсімдік құс
Әп – сәтте тұншығады бәрі (ауа)
2. Қайнайды отта тұрып құйған суы
Көтеріледі жоғары буы
Ойланып есептейік қане енді
Кетеді екен қайнауға қанша жылу мөлшері ( Q= r*m)3. Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса .
Жұмыс істейді сонада. (Энергия)
Өзі затты құрайды
Теңесуге таразыны сұрайды (масса)
3. До Ми Но ойыны ( Сызықпен белгілеп жауабын тап)
Атауы Белгіленуі
Масса -10541020574000 Q
Жылу мөлшері q
Отынның меншікті жануы r
Меншікті булану m
Меншікті балқу жылуы C
Меншікті жылу сыйымдылық α
Карточкамен жұмыс жасау
(Бұл сұрақтар бойынша оқушы тақтаға шығып білімдерін есіне түсіріп, графигін сызып ауап береді)
1.Карточка.
Изотермалық процесс кандай шама тұрақты,тақтаға графигін саламыз.кандай шама өзгеріске ұшырайды?
Ішкі энергия,жұмыс,жылу мөлшері неге тең?
2. Карточка
Изобаралық процесс қандай шама тұрақты,тақтаға графигін саламыз.кандай шама өзгеріске ұшырайды?
Ішкі энергия,жұмыс,жылу мөлшері неге тең?
3. Карточка
Изохоралық процесс қандай шама тұрақты,тақтаға графигін саламыз.кандай шама өзгеріске ұшырайды?
Ішкі энергия,жұмыс,жылу мөлшері неге тең?
4. Карточка
Адиабаталық процесс дегеніміз не?
Ішкі энергия,жұмыс,жылу мөлшері неге тең?

13 – жаттығу (оқулықтан)
Үй тапсырмасы 13 – жаттығу 3-4
Бағалау.Бағалау шкаласы:
45 ұпай – 35 ұпай 5- баға
34 -25 ұпай 4 баға
25 – төмен – 3- тік баға
9.Қортындылау: Жылу құбылыстарын қайталау барысында сабақта өткен физикалық шамаларды естеріне түсірді ,есеп шығару дағдыларын қалыптастырды.