Биік болсын т??ыры?, Т?уелсіз ?аза?стан! Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына арнал?ан сценарий


«Бекітемін»
Мектеп директоры
...................... Кошаханова Ш.Ш.
№1Азат орта мектебі 2016-2017 оқу жылы
«Биік болсын тұғырың, Тәуелсіз Қазақстан!» күніне арналған концерттік бағдарлама
Сценарий Мақсаты: 
Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші  болып қалануға баулу. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. 
Сценарий тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. 
Сценарий  дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту, сахнада өзін өзі дұрыс ұстауын көрсету.Сценарий  көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,  Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.   Қанатты сөздер, слайд, шарлармен безендіру.
Музыкальное оформление: видеоролик «Желтоқсан желі».
Өтілу орны :Акт залы
Іс-шараның барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші1:
Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,            Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?            Әрине тарих үшін 25 жыл түгіл,            Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.            Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,            Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,            Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар            Өсиетін, армандарын өлілердің.            Дүниеде болмасын деп зар қасірет,            Келеміз замананы алға сүйреп.            Бүгін де тұр біздерге            Жер бетінде            Азаттық,            Бейбітшілік арқа сүйеп.
Ведущий:
Я знаю: ты жила, страдая,
Но я в другое время рос.
И никогда, страна родная,
Твоих не видел горьких слёз.
Но и тогда в то время злое,
Когда пришлось тебе страдать,
Я б так же сердцем был с тобою –
Ведь ты мне мать, родная мать.
Я рос, когда другой ты стала,
Шла в гору трудною тропой,
Когда впервые с перевала
Открылось счастье пред тобой.
Когда в глаза оно светило,
Хоть до него был путь далёк,
Когда ты набирала силу,
Как пчёлы набирают сок.
О Казахстан! Страна родная!
Совсем иным ты стал при нас!
Что ты когда – то жил страдая,
Нам трудно верится сейчас.
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың  арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті  ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды!  Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.
Ведущий:
Добрый день дорогие учителя и гости сегоднешнего праздника! Мы находимся в предверии радостного события праздник объединяющего всех граждан нашего много национального государство дня независимости.
1991 г Республика Казахстан объявила о своем суверенитете и стала независимым государством. Каждый год 16 декабря праздннуется день независимости. На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!
С праздником тебя, родная страна!
Дорогие учителя, ученики и гости ! Праздничный концерт, посвиященный празднованию Дня независимости Республики Казахстан объявляется открытым!
Жүргізуші1:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны! 
Сан ғасырлық тарихын ұмытпаған,
Алашымның айбыны асқақ - әнім
Ұлтымның ұлылығын ұлықтаған,
Өршіл рухпен шырқалсын әнұраным !
Қазақстан Республикасының Гимні
Жүргізуші1:
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,Қар мен мұз жылжығандай құздан бүгін,Өттің де астан – кестең ойда жоқтаАртыңа ұмытылмас із қалдырдың.
Кешегі тарих қойнауына кеткен ХХ ғасырдың 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиға ұлт тарихындағы азаттық үшін өткен күрестердің ең соңғысы еді.
1986 жыл 16 желтоқсан. Бұл күні Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д. Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспауы түрткі болды. Жастар шеруі желтоқсан айының 17 - 18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

Ведущий:
Свободен, величав и первоздан,
Звезде подобный средь земель и стран,
Кюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой, лучезарный Казахстан!
Прав тот мыслитель, что однажды сказал: « Жизнь – не те дни, что прошли, а те, что запомнились». И нам действительно есть что вспомнить, нужно только оглянуться назад. Какое огромное множество событий радостных и печальных, тревожных и вселяющих надежду осталось позади, вместившись в промежуток времени длинною в двадцать пять лет.
Республика Казахстан, вот уже 25 лет является независимым демократическим государством. Сегодня весь мир воспринимает Казахстан как состоявшееся и успешно развивающееся государство, которое обладает прогрессивной экономической моделью, проводит обдуманные политические реформы и обеспечивает стабильность в регионе.
Родина – это наша страна, в которой мы все с вами живём. Всех нас, людей разных национальностей объединяет одно: мы народ Казахстана и в этом Казахстан Уникальное Государство с многообразием культур и религий. Все мы обозначены единым слогом – человек. И само это слово объединяет нас, жителей одной страны! 
Жүргізуші1:
Құттықтау сөз мектеп директоры
Кошаханова Шолпан Шамгунқызына беріледі.
Жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын. 1минут үнсіздікпен еске алайық, Аруағы ағалардың ырза болсын.
Тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың рухына бір минут үнсіздік жариялайық.
Хор «Желтоқсан ызғары әні» және видео ролик
(оқушылардың қолдарына май шамдарын ұстатамыз)
Жүргізуші1:
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ляззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
желтоқсан репресия куніне арналған көріністі көріңіздер
Автор:  Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00  да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
- Қыздар, мен газет әкелдім. - Не жаңалық шығыпты? - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына  В.Колбинді тағайындапты. - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті? - Колбин Ульяновтан келіпті. - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! - Біз демократияны талап етеміз. - Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
Сахына сыртынан оқылып тұрады
(Музыка ойналып тұрады және алаңдағы коріністі пантомимамен көрсету)
Автор :
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Автор сөзі:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына  дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін  үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт  болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді. Түрме іші
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма сорыма. Біріншіден, мен сағындым анамды, Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым. Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін? Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой. Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп  мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен  Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.  Әйтпесе әкеңді де… Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін. Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,  «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық? Қайрат:  Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?  Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.  Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!  Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар. Күнәдан таза басм бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар. Қайрат деген атым бар,  Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық», Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып кетеді.) Автор сөзі
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі  бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.  Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан  ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт  бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
Вед :
В декабре молодые орлы
Правду искали в степи.
Не вернулись они домой,
Но зато справедливость нашли.
За независимость, за честь и за свободу
Погибли вы невинные борцы.
В застенках отсидели не по году,
Наши деды, братья и отцы.
И в честь незабываемых событий,
В 91-м памятном году,
Провозгласили независимость Отчизны
За тех, кто защитил страну.
И пусть их имена не очень-то известны,
И пусть пытались их заставить замолчать,
Но нашему народу те протесты
Жизнь новую позволять
 
Есть слово гордое «Казах»
В нем воплотилось государство
С Гербом и Гимном, есть свой Флаг.
Язык, в котором мудрость нации
Расцвел в степи, как в сказке,
Прекрасный город сад
Гиганты небоскребы
На площади стоят.
И улицы как стрелы,
Ведут в степную даль
Связала части света
Стальная магистраль Ишим в гранит отдели
И возвели мосты
Чтоб Азия с Европой Была у нас на «ты»
И центром мироздания
Презрев событий бег,
На городом поднялся Красавец «Байтерек»
Қазақ биі
Жүргізуші :
Желтоқсанның желі,аязы,ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне де айтам.

«Мен қазақтың қызымын» орындайтын 1 Асынып оқушысы
Ерлікқызы Көркемай. Қабыл алыңыздар!
3 Б сынып оқушысы «Қазақстаным» әнімен қарсы алыңыздар.
Вед:
О, Казахстан! О, родина моя!
Смотрю на степи и не вижу им конца,
Любуюсь я красотами природы
И нет на Родине моей плохой погоды.
Как ты прекрасен, Казахстан, весной:
Цветущие сады и степи
Покрыты и луга травой
И блеск на талом снеге!
Әдебимонтаж
1 А
1 Б
1 В
Ән. Вокал. «Тәуелсіз- ел ұланы!»
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық – нұрлы достық,күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даламның жүрегінде
Биімен де үн қостық

Достық биі
Әдеби монтаж
7 «А»Бауыржан Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын»
Жүргізуші :
Егемендік-бұл елімнің елдігі
Егемендік-барлық ұлттың теңдігі
Егемендік- елін жерін қорғаған
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ұйғыр биі
Жургізуші :
Желтоқсаным-тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадыр тутып тұр елі,
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім,жерім, Отаны -бақ-дәулетім
Болашағым, өнер-білім өркенім
Хор «Тәуелсіз Қазақстан»
«Қазақ елі осындай»

« Өз елім менің»
жас мамандардың орындауында
Жүргізуші1:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі
Тәуелсіздік Туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Биік болсын тұғырың, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Кездескенше күн жақсы! Назар қойып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет!
Жүргізуші2:
Вот и подошел к концу наш праздничный концерт посвященный ко дню Независимрсти Республики Казахстан! Мы желаем всем вам удачи и процветания! Спасибо за внимание! До новых встреч!
Алматы облысы «Бекітемін»
Еңбекшіқазақ ауданы Мектеп директоры_______
№ 1 Азат орта мектебі Кошаханова Ш.Ш.
00«Биік болсын тұғырың, Тәуелсіз Қазақстан!»
«Биік болсын тұғырың, Тәуелсіз Қазақстан!»

Педагог-ұйымдастырушы:
________________Жетибаева Н.Т
2016-2017 оқу жылы