Таќырыбы: «Киіз ?йді? уы?ын жасау»


Технология сабағы
Таќырыбы: «Киіз үйдің уығын жасау»
Аты-жөні: Несекеев Нуркелды Абикенович
Лауазымы: мұғалім
Жұмыс орны: «ПДТ балаларға арналған мектеп- интернат» КММ
Қарағанды қаласы.
Сабақ тақырыбы: Киіз үйдің уығын жасау.
Сабақ мақсаты:
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің болмысын тану, тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы
бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау.
а) Білімділік мақсаты: Оқушыларға киіз үй уығы жайында (құрылыс, қолданылуы, өлшемі) жан-жақты мағлұматтар беріп оқыту, білімдерін тереңдету.
ә) Дамытушылық мақсаты: Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,
танымдық күшін қалыптастыру, дамыту және білімін кеңейту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық қарым-қатынасқа, ұлттық кәсібімізді сыйлауға, еңбекті қадірлеу, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Топтық оқыту,түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Оқушыларға әр тұрмыстық заттар мүлкін жасау туралы таныстыра келіп, ағаштың өсетін орны, түрлері, қасиеттері, адам және табиғаттың маңызын білу үшін физика, химия, гоеграфия, тарих, сызу, сурет пәндерін оқуға деген ынтасын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, уық жасаудың нұсқау сызбасы және дайын үлгісі.
Сабақтың құрылысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен материалға шолу.
3. Кіріспе кезең.
4. Негізгі бөлім.
а) Жаңа тақырып.
б) Сарамандық (топтық) жұмыс.
5. Қорытынды бөлім.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
Жұмыс орының тазалығы.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Өткен материалға шолу.
- Киіз үй жайында сұрақ, жауап әңгіме.
- Оқушылар ойларын тыңдау.
3. Кіріспе кезең.
- Киіз үй сөзіне ассоциация жасау және ойларын топтастыру.

Керегенің жасалу барысы.
Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы неліктен дөңестеу жасалады? Желі, ерісі, балашық, сағанақ деген не? Бір керегеде неше балашық, неше сағанақ болады. Осы кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш-уық деп аталады.
4. Жаңа сабақты өту кезеңі.
а) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен оқушыларды таныстыру. Киіз үй берік ағаштан жасалады. (қайыңнан, талдан)
Қанаттары мен уығына-тал, шаңырағына-қайың, есігіне қарағай немесе қайың тақтайлар мен білеушелер қолданылады.
Уық жасау. Бір басы белгілі қалыпқа салынған, сәл иілген, екінші шеті ұшталған түзу ағаш, үй жабдығы. Оның ұзындығы мен жуандығы ағаш үйдің қанат санымен, үйдің үлкен кішілігімен байланысты болады. Іш жағы жалпақ, сырт жағы қоянжондау болып келеді. Уық талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп бау өткізеді, оны уық бау (балақ бау) деп атайды. Қазіргі үйлер уықтарының ұзындығы 2 м-2.20см.
Бұрынғы уақытта үйшінің киіз үйдің ағаш бөліктерін булайтын пешіморы, оларды майыстыратын немесе түзететін білдегі-тез және қолмен бұрғылайтын үскісі, сондай – ақ әр түрлі құрал-сайман бар шеберханасы болған. Қазіргі уақытта арнайы айла бұйымдар арқылы немесе ыстық суға салу әдісі арқылы июге болады.
Біздің бүгінгі сабақта жасайтын уығымыз бірнеше есе кішірейтіп алынған (киіз үй макетіне арналған)
Жұмыстың жасалу барысы:
Сынып екі топқа бөлініп уықты жасайды.
Оқушыларға уық дайындамалары таратылып беріледі.
Бұйымның жасалуы жайында нұсқау сызбасы және уықтың дайын үлгісі бойынша жұмыс.
Бұрғылау (станоғында) білдегінде уықты белгіленген жерден тесу, өңдеу.
Уық бауын дайындау және уық алақанына өткізіп түю.
Дайын уықты тазалау және лактау.
Жұмыс барысында кездесетін техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

б) Сарамандық (топтық) жұмыс.
Әр топқа 26 уықтан дайындау. Жұмыс барысында (инструктаж) бағыт-бағдар, түсініктеме беріп отыру.
5. Сабақты қорытындылау.
Әр топ өздері жасаған уыққа баға береді, қорытынды талдау (анализ) жасайды. Уықтың құрылысын атап, талдау жаса.
6. Бағалау.
Топ мүшелерін бағалау.
7.Үйге тапсырма.
Киіз үй жайында білімдерін толықтыру, іздену. Жұмыс орнының тазалығы.