Программалы? жабды?таманы? ?амтамасыз етуді? жалпы сипаттамасы ж?не жіктелуі.


БЕКІТЕМІН:_____________
Күні: 21.10.16
24.10.16
25.10.16 Сабақ реті: 8.8 Пәні: Информатика Класы: 5 «А»
5 «Б, В,Г»
5 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Программалық жабдықтаманың қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Бақылау жұмысы №1 (практикалық жұмыс)
Мақсаты:  Бағдарлама идеяларын орындату мақсатында оқушыларға программамен қамтамасыз ету туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсете отырып, операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі ұғым қалыптастыру.
2) Оқушыларды компьютермен ережеге сай, әрі ұқыпты жұмыс жасай алуға, өз ойларын жеткізе алуға баулу;
3) оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін арттыру, бір-бірін тыңдай білуге, сұрақ қоюға, оқу үшін жауапкершілікті дағдыландыру.
Жалпы ережелер Сабақтың типі: Аралас сабақ
Жұмыс формалары: жеке, жұптық, топтық.
Әдістері: «Миға шабуыл», «Джигсо», «Кубизм» әдісі,
Жабдықтары: компьютер, слайдтар, проектор.
Күтілетін нәтижелер: Программамен қамтамасыз ету ұғымын, оның түрлерге бөлінетінін, қызметін, құрамын, “операциялық жүйе”, “драйвер” және “утилита” түсініктерін түсінеді.
Қолданбалы программалар қызметін және программалау жүйелерін біледі.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру
“Ой шақыру” стратегиясы,
1. Психологиялық ахуал:“Досымның қасиеті” тренингінде оқушылар бір-бірлеріне  жылы лебіздерін  білдіріп, әр оқушының  жақсы  қасиеттерін  айту  арқылы  сыныпта  оқушылар арасында еркіндік атмосферасын  орнату.
2. Топқа бөлуін ұйымдастыру.  Суреттер арқылы топтарға бөлу. Топ спикерін сайлауын ұйымдастыру.
3. “Монитор”, “Пернетақта”, “Жүйелік блог” компьютер құрылғылары бойынша топтар өз топ атауларына анықтама береді. Мұғаліммен амандасып, құрал-жабдықтарын түгелдейді.
Суреттер бойынша топқа бөлінеді. “Миға шабуыл” Өткен тақырып бойынша
«Мен саған – сен маған» әдісі Оқушылар бір –біріне сұрақ қояды Қызығушылықты ояту Операциялық жүйе
Ассоциация


Оқушылар жеке орындайды Мағынаны тану 1. Мұғалім жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында  ” ДЖИГСО” әдісін пайдаланады. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну керектігі ескертіледі.
2. Топтық жұмыс. Модель жасау. “Программалық жабдықтама” және “Қолданбалы программалық жабдықтама” постерін жасатып, қорғатады, дәлелдетеді.
3. Деңгейлік тапсырмаларды орындату. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау. Барлық араластыруға тырысу. Белсенділігі төмен оқушыларды сөйлетемін. 1. Топ мүшелері ұсынылған материалды меңгереді.
2. Модель жасап, қорғап, дәлелдейді.
3. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Оқулық
Ой толғаныс Қорытынды:
66-67 беттегі тест тапсырмаларын орындат Тест тапсырмаларын орындайды. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» Оқушылар тақтада тұрған ағаштың суретіне стикерге жазып жабыстырады Үйге тапсырма §8. Программалық жабдықтаманың қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі Оқып, мазмұнын айтады Бағалау Өзін –өзі бағалау. - тақырыпты жақсы меңгердім. - Сабақты жақсыдан төмен меңгердім, әлі де жұмыс жасауым қажет. - бұл тақырып бойынша көп жұмыс жасауым қажет.  Жетондар арқылы бағаланады. Өз сабағыңызға талдау жасаңыз .
Рефлексия
Не сәтті болды?
Не сәтсіз болды?
Нені жақсартуыма болады?
Нені өзгертуге болады?