Урок ?лтты? киімдерге байланысты салт д?ст?рлер мен ырымдар


Тақырыбы: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар
Күні: 24.04.2015ж
Пән мұғалімі: Р.Еленова
2014-2015 оқу жылы
Мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған ырымдарын насихаттау, оны болашақта әрі қарай дамытуға бағыт бағдар беру;
Дамытушылығы: өздерінің бойындағы қазақтың салт-дәстүр, ырымдарына деген білімдерін нығайтып дамыту;
Тәрбиелік мәні: эстетикалық талғамын қалыптастыру, еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап,компьютертар
Түрі: сайыс
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті
Сайысқа қатысушылар: 8 класс оқушылары
Сайыс жоспары:
1.Киімдерге байланысты ырымдар.
2.Арнайы сұрақтарға жауап беру.
3.Сөзжұмбақ шешеу.
4.Көрермендерге жұмбақ жасыру.
5.Ырым мен тыйымдарға байланысты сөздер жарысы.
6.Топ басшылар сайысы.
Бүгінгі сайысқа 3 топ қатысқалы отыр.
І топ – «Сәукеле» (8в класс)
ІІ топ – «Бөрік» (8а класс)
ІІІтоп – «Тақия» (8б класс)
Әділ қазылар алқасы сіздердің жауаптарыңызға қарай бағалайды.
Терме: Алдамжарова Малика.
Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өздерінің топтарының атымен таныстырып өтеді.
І сайыс – киімдерге байланысты ырымдар.
«Сәукеле» тобының мүшелері баскиімдер бойынша қандай ырымдарды білесіздер?
Тымақ – қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақыраудың ең үлкен белгісі.
Баскиімге қауырсын тағу, «Алтын Адамның» баскиіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Таңбалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып отырған адам бейнеленген.Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулыққа қатысты арнайы заң жолы, салт бар.
«Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Жесір әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған.
Баскиімге қатысты тыйымдар
Баскиімді іліп қояды, кез келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас-су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады.
«Бөрік» тобының мүшелері сырт киімдерге байланысты ырымдары білесіздер?
Сырт киімдердің бірі – ішік.
Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып,тқасындағы адам үсіп өлсе, оның туған-туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адамды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген.
Шапан – «жағалы киім» ретінде бағаланады. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу»- үлкен құрмет. Бұрындары хандар, батыр, би, жақсы-жайсаңдарына дәреже бергендеде соның белгісі ретінде де шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе.
Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде-көйлегін сұрап алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал көлемін «тәбәрік» деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің киімін бала көтермеген әйелдер сұрап, қалап алған. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалған.
Шалбар. Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйел ер адамдардың қару-жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдер қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным, сенім.
«Тақия» тобының мүшелері сырт киімдерге қатыстықандай ырымдар мен тыйымдар білесіздер?
Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон, т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол жамандық шақыру. Киімді бисммилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қоолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға болмайды. Өйткені аруақтар ғана (сүрделер) жеңсіз кебін киеді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау – жаман ырым.
ІІ сайыс арнайы сұрақтарға жауап беру.
1. Неке киімдерін қатысты салт-дәстүрді ата?
Сәукелені қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да, жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.
Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны «шарғы салу» деп атайды.
2.Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдарды ата?
Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен-текке қысқарта беруге тиісті емес. Олай жасаса, нәрестенің кем болып тууы мүмкін.
3.Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдарды ата?
Балалардың инкөйлегін жас аналар қалап алады. Иткөйлекті аяқасты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді.
4.Аяқкиімге байланысты ырымдар мен тыйымдарды ата?
Аяқкиім – «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті.
ІІІ.Сөзжұмбақ шешу.
ІV.Көрермендерге жұмбақ жасыру.
1.Ашамайды артқа салдым.
Айыл-жібін тарта салдым. (Тымақ)
2.Артында құйрығы бар,
Төрден бұйрығы бар. (Жаулық, кимешек)
3.Ерте тұрдым,
Алып ұрдым . (Етік)
4.Жансызға бітеді екен құйрық қанат,
Адамнан қалмаймын деп етер талап.
Ішінде қанатының екі жіп бар, (Тымақ)
Не нәрсе бұл айтқаным тезірек тап. (Тымақ)
5.Сылдыр – сылдыр кісенім,
Сылдырлайды кісенім.
Құлағында құлпы жоқ,
Құдыретті кісенім. (Сәукеле)
6.Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріп пе едің тамаша (Бөрік)
7.Ерте тұрдым,
Алып ұрдым. (Етік)
8.Барады, барады,
Аузын ашып қалады. (Кебіс)
9.Ерте тұрдым, керек қылдым,
Қажетімді өтеп алып,
Босағаға тастадым. (Галош, кебіс)
10.Өздігінен бата алмас,
Адам өмірімен қатарлас.
Ол болмаса пендеңіз,
Тіршілік өмір жасамас. (Киім).
V.Ырым мен тыйымдарға байланысты сөздер жарысы.
Би: «Қыз сыны»
VІ. Топ басшылар сайысы.
Ұяшықта жасырылған сұрақтар:
1.Қызды ұзатқанда киетін бас киім. (Сәукеле)
2.Малдың терісінен тігілетін киім. (Тон)
3.Тонның орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің т.б. аңның терісінен, сыртына матамен тыстап, тіккен киім. (Ішік)
4.Жаздық сыртқы киім – түйенің немесе қойдың жүнінен тоқылған киім. (Шекпен)
5.Шапанның түрлерін ата. (сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз-келіншектерге арналған қималы шапан)
6.Қазақтың аяқ киімдері. (байпақ, етік, кебіс, мәсі)
7.Етіктің ішінен қозы жүнінен басылған киім. (Байпақ)
8.Мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген киім. (Кебіс)
9.Аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. (Мәсі)
10.Үкі тағылатын бас киім. (Тақия)
11.Жеңсіз, жағасыз әйелдер киімі (Қамзол)
12.Аяқ киімнің ішіне табан астына салатын төсеніш. (Ұлтарақ)
Ән: «Әдемі қыз» Бұдырбаева Жансая.
Қазылар алқасына сөз беріліп марапатталады.