Техникалы? ?ызметтендіру ж?не электр жабды?тарды ж?ндеу шеберханасымен танысу, е?бек ?ауіпсіздігі, ?ртке ?арсы шаралар, гигиена.


Техникалық қызметтендіру және электр жабдықтарды жөндеу шеберханасымен танысу, еңбек қауіпсіздігі, өртке қарсы шаралар, гигиена. Такелаждық жұмыстар.
Электр қондырғылардың бірнеше түрі мен жүмыс істеген кезде ереже бүзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жүмыс істемеуі жэне жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.
Бүдан басқа электр тогы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін жэне күюдің ауырлық жағдайы токтың шамасына байланысты болады.
Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, түрақты токпа жоқ ауыспалы ток па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде ток тартқан ауыспалы токтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан ток қанша көлемде өтсе, ток тарту сонша көлемде өтеді. Адамды ток тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін түрақты ток та ауыспалы ток та қауіпті, бірақ түрақты токтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Түрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы ток ІОМА-ге дейін қауіпті.
Ток күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Ток өткізудің екі түрі бар:
1)      электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
2)  электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1)      ток өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2)      изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3)  қорғаныстық жерге қосқыш;
4)  қорғаныстық нөлдік сым;
5)      автоматтық ажыратқыш;
Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кэдімгі жэне жасанды.
Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл қүрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады.
Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бүрыштық болат 50х50х5мм жэне металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.
Пайдаланушылар үшін еңбекті қоргаудын және техникалық қауіпсіздігін, қоргану қүралдары. Қорғану қүралдары 2 түрге бөлінеді:
1) Негізгі қүралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған күрылғылар, сатылар монтерлық қүрал-жабдықтар изоляцияланған үстатқыштары бар траптар, алаңдар.
2) Қосымша қорғаныс қүралдарына 1000 В кернеулік электр қүрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар жэне де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар.
Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары.
Қорғаныс қүралдары жүмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары жэне т.б.
Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.
Белдіктер 225кг салмақты, ал тырнақшалар — 135кг салмақты 5 минуттай үстап түра алады. Қорғаныс плакаттары 4-ке бөлінеді:
1)      қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» жэне т.б.
2)  өткізбейтін: «адамдар жүмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жүмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».
3)  рүқсат беру: «осы арада жүмыс істеу», «осы араға міну», «жүмыс істеуге нүсқау».
4)   ескерту;   қолданылған   шаралар   туралы   ескерту.   Резеңкеколғаптар, қорғаныс қүралдары жабық шкафтарда және жэшіктерде қүрал-саймандардан бөлек, майдан, бензиннен, жэне басқа заттардан аулақ, алқолдану алдында қағып, тазалап алу керек.
Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.
Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.
Токтың тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.
Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы аз өзгереді.
Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
Электр өрісі – электрмагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегі магнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Э. ө-нің магнит өрісінен өзгешелігі – ол қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Э. ө-нің бар екендігін оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға болады. Электр өрісінің кернеулігі – Э. ө-нің сандық сипаттамасы болып табылады.
Электр заряды – бөлшектер мен денелердің сыртқы электрмагниттік өріспен өзара әсерін, сондай-ақ олардың электрмагниттік өрістерінің өзара байланысын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі.
Электр заряды 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Дененің электр заряды оның құрамына енетін барлық бөлшектің Электр зарядының алгебр. қосындысына тең. Электр заряды дискретті, яғни барлық бөлшектер мен денелердің электр заряды еселі болып келетін ең кіші элементар электр заряды болады. Оқшауланған электр жүйесінде зарядтың сақталу заңы орындалады. Қозғалмайтын электр зарядының арасындағы өзара әсер Кулон заңымен, ал электр заряды және оның эл.-магн. өрісінің арасындағы байланыс Максвелл теңдеуімен сипатталады. Заттағы өрісті қарастырған кезде электр заряды еркін заряд және байланысқан заряд болып ажыратылады. Электр зарядының бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – кулон (к).