Ж. Жабаев. Патша ?мірі тарылды. Ленинградты? ?ренім. 9-сынып.


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Патша әмірі тарылды», « Ленинградтық өренім» (9 сынып. Қазақ әдебиеті )
Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушыларға жыршы, ақын Ж. Жабаевтың өміріне шолу, ақындық мұрасымен таныстыру, ақын туралы білімдерін толықтыруға ықпал ету. Дамытушылық: Оқушының ой- өрісін, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыны ақын мұрасын қадірлеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау іс әрекетінің тәсілі.
Сабақтың ұйымдастыру түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ж.Жабаевтың суреті. С.Аронұлының суреті. Ақын туралы ұлы тұлғалардың сөздері жазылған плакат. Қима қағаздар. Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу. ә) Психологиялық жаттығу. б) Топқа бөлу. І топ «Зерттеушілер», ІІ топ « Ақындар»
ІІ. Үй тапсырмасы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Кластер құру.
І топ. ХХ ғасыр басындағы оқу- ағарту, баспасөз. ІІ топ. Әебиеттегі халық болашағын жақсартуды іздестіру бағыттары.
ІІІ . Жаңа сабақ 1. Топтастыру әдісі. .Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы. Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Серіту сәті. « Сағат тілімен достар»
2. Оқулықпен жұмыс. І топ. «Патша әмірі тарылды» өлеңін оқып, идеясын ашу. Өлеңді тіліне, құрылысына талдау. ІІ топ. « Ленинградтық өренім» өлеңін оқып, идеясын ашу. Өлеңді тіліне, құрылысына талдау.
Фиш технологиясы. Проблема. Себебі. Салдары. Қорытынды.
І топ. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. ІІ топ. Ұлы Отан соғысы.
.Дәптермен жұмыс. Ақынның заманымның өрнегі деген өлең жолдарындағы
«өрнек» дегені « Отанның үлгілі етіп өсірген ұл- қыздары » деген мағына береді.

Қорытынды: бес сөйлемнен тұратын эссе жазу.
«Галереяны шарлау» әдісі бойынша эсселерді оқып,стикерге пікір жазып ілу. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағына бағалайды.
Рефлекция. « Ойлаудың алты қалпағы"
Ақ қалпақ- сабақта не ұнады.
Қара қалпақ- сабақта не ұнамады.
Сары қалпақ- сабақ не туралы болды.
Жасыл қалпақ - тақырыпқа сәйкес мақал- мәтел, ән орындау.
Күлгін қалпақ - оқушыларға жеке жеке баға беру.
Қызыл қалпақ- сабаққа баға беру.
Үйге тапсмырма: «Болашаққа тапсырма» конверті
«Жамбыл- Отаншыл ақын» деген тұжырымды дәлелдеңдер. «Патша әмірі тарылды» өлеңін жаттау.
Жамбылдың «Менің пірім- Сүйінбай» деуінің мәні қандай? «Ленинградтық өренім» өлеңін жаттау.