Коучинг саба? жоспары Бізді ?орша?ан ?лемдегі к?пб?рыштар (9-сынып)


Күні:12.02.2015 Сабақ: 45 минут
Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар
Сілтеме: МИФ журналдары,оқулық
Мақсаты: Көпбұрыштардың қоршаған әлемде қолданылуы туралы түсінік, пәнге қызығушылығын арттыру, ынтымақтастыққа, белсенді тыңдай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: 1Көпбұрыштардың қоршаған әлемде қолданылуы туралы білім.
2.Топта жұмыс жасау дағдылары дамиды.
3.Тақырып бойынша эссе жазады, сызбалар орындайды.
Түйінді идея: Қоршаған әлемдегі көпбұрыштар
Ресурстар (дерек көздері) Үлестірмелі материалдар , журналдар, суреттер.
Тапсырмалар: Тапсырманың түрлері Тапсырманы орындаудағы қолданылатын тәсілдер уақыты
Кіріспе 1) 1-5-ке дейін санау арқылы 5 топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.
2)Сабақ барысы туралы баяндау Топқа бөлу,сабақ барысын таныстыру 5 мин
1-тапсырма «Бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар» берілген тақырып бойынша эссе жазады, таныстырады. Эссе жазу, уақытты белгілеу 10мин
Бағалау Әр топтың тапсырманы орындауын
1, 2,3 сандарымен бағалайды.
Мәлімет толық- 3 ұпай, мәлімет жартылай – 2ұпай, мәлімет аз – 1ұпай. Баға қойып шығады 5 мин
2-тапсырма Көпбұрыштарды қолданып бір өнімнің суретін салу. Жекелей әр оқушы сурет салады, суретін таныстырады, қанша көпбұрышты қолданғанын санайды. 15 мин
Рефлексия «Алақан» рефлексия А4 форматына алақанның суретін салдыру , коучинг сабақ барысы жөніндегі ой-пікірлерін анықтау 7 мин
Үйге тапсырма Дұрыс көпбұрыштардың суретін салу 3 мин