?МЖ та?ырыбы Функция графигі. Функцияны? графигін ?арапайым т?рлендіру (10 сынып)


"Тексерілді"
___________________________
директордың ОІЖ орынбасары
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша № 9 сабақ
Өткізген күні: 21.09.2015 ж.
Сынып: 10"А" Пән мұғалімі: Еспентаева К.К.
Тақырыбы: Функцияның графигі. Функцияның графиктерін қарапайым түрлендіру.
Күтілетін нәтиже:
Табыс критерийлері:
Білу және түсіну: Нүктенің геометриялық орны, ассимтота ұғымдарын мен функция графигін параллель көшіру, сығу және созу арқылы түрлендіруді білу.
Қолдану: Функция графигін қарапайым түрлендірулер арқылы кескіндеуді меңгеру.
Ресурс: Оқулық, сызғыштар, интербелсенді тақта
Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру бөлімі 2 мин Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды
2 Үй тапсырмасын тексеру 4 мин №11, 13 (В); 18 (С)
«Қайталау–оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады. Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, бағалайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін 6-9 сыныптағы функцияларды және олардың графиктерін еске түсіреді.
3 Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау 4 мин Жаңа білімді қажет тірек ұғымдарды "Алфавит сызығы" арқылы оқушылардың өздеріне айқындауға көмектесу Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, тірек ұғымдары арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындайды
4 Проблемалық жағдай туғызу 5 мин Жаңа білімге қатысты интербелсенді тақтада сызбалар ұсынып, пікір алмасу жүргізеді (модульдер: СТО, ДО, АКТ) Сызбалар арқылы графиктерді түрлендірудің әдістерін анықтап, түрлендіру әдістерінің анықтамаларын тұжырымдайды. Функцияның графигін қалай түрлендіруге болатынын түсінеді.
5 Тапсырманы екеуара орындау 22 мин Оқулықтан
А: № 20, 22
В: № 23 Оқушылар екеуара оқулықтан берілген тапсырмаларды пікірлесіп, талдап орындайды.
6 Эвристикалық тапсырма (шығармашылық, зерттеушілік) С: № 26, 27 Дарынды оқушылар берілген тапсырманы орындайды
7 Білімді жинақтау және жалпылау 3 мин Жаңа білімді алдынғы біліммен салыстырып жинақтауға сұрақтар ұсыну Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін алдынғы тақырыптар бойынша жинақтау
8 Бағалау: 3 мин Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау
Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.
9 Үйге тапсырма 1 мин № 19 (А); 25 (В) Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады
10 Рефлексия 1 мин Оқушыларға "смайликтер" арқылы сабақты бағалауды ұсыну Оқушылар "смайликтер" арқылы сабақтан алған әсерін бағалайды