Математикадан саба? жоспары квадратты? функцияны? графигі (8 сынып)


8-сынып, алгебра
Күні: ____________
Сабақтың тақырыбы: у=x2+bx+c функцияларының графигі (1-2-сабақ)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың квадраттық функция және оның графигі білімдерің бекіту және өз беттерімен ізденіге, қорытындылай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды ойлауға, пайымдауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілік жалпы адамзаттық құндылыққа: құрметтеуді, мейірімділлікке, сөйлесудегі ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару,
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І Мотевациялық кезеңі:
Оқушыларды сабаққа ынталандыру
Сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру.
- Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?
- а≠1 болғанда уах2 функциясының графигін қалай салады?
- у=а(х-m)2 функциясының графигі у=ах2 функциясының графигімен салыстырғанда қалай орналасады?
у=а(х-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады?
Ауызша: Функцияның графигі қай ширектерде орналасқан?
у=10х2 + 5
у= -7х2 – 3
у= -6х2 +8
у= (х-4)2
у = -4(х+3)2
ІІ Мағынаны ашу:
у=ах2+вх+с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайды.
𝒎=-в2а n=-в2-4ас4аІІ Бекіту кезеңі:
Топпен жұмыс
1.Парабола төбесінің координаталарын табыңдар:
у= (х-3)2 – 2
у= 5(х+2)2 – 7
у= х2 + 4х + 1
у= 2х2 – 6х + 11
у= х2 +2
2. у= -3х2 + 4х – 7 фукциясының графигі (1; -6) нүкте арқылы өте ме?
3. у= 2х2 параболасын: 1) Ох осі бойымен оңға 3 бірлікке; 2) Оу осі бойымен 4 бірлікке төмен; 3) Ох осі бойымен солға 2 бірлікке, одан әрі Оу осі бойымен 3 бірлікке төмен жылжытқанда алынатын парабола теңдеуін жазыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар: (келесі бетте)
1 – деңгей
1. параболаның төбесінің координаттарын тап:
а) у= 3(х-5)2 – 2
ә) у= х2 – 4х + 5
б) у= -х2 +3
в) у=(х + 3)2
2. Төмендегі функциялардың графиктерін салыңдар:
1) у= 2х2 +9
2) у= -(х+1)2 + 3
2– деңгей
1.Ох осінен оңға 3 бірлікке жылжыған параболаның у=х2 теңдеуін жаз.
2.Функцияның графигін сыз. у = 2х2 + 4х + 3
3– деңгей
1.у= 3х2 – 8х – 4 функцияның графигін сыз.
Рефлексия: 𝒎=-в2а n=-в2-4ас4а формулалары не үшін керек? Мысал келтіре отырып, түсіндіру
Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне байланысбы бағалау.
Үйге тапсырмасы: Осы тақырыпқа арналған 5-сұрақтан 4-жауапты тест құрастыру.