Ал?ыс айту к?ніне арнал?ан Ж?ректен ж?рекке


Мақсаты:

а) Рахмет пен алғыс туралы түсінік беру;
б)Үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
в)әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Кітап көрме, слайд
Өткізу әдісі: Тақырыпты кеш
Өтетін орны: Кітапхана
Өтетін күні: 1.03.2017 ж
Өту барсы: (келесі бетте)
Фан – фар (екі жүргізуші ортаға шығады)
І-жүргізуші:Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, және студенттер! «Жүректен жүрекке» атты Алғыс күніне арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! (бірге).
Біз бүгін сіздерді тамаша мереке- «Алғыс айту» күніне қошеметеуге қуаныштымыз! Бұл күні адамдар бір-біріне алғысын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Бізде туған елімізге, Президентімізге балалардың игілігі мен жан-жақты даму үшін жасап жатқан істеріне ризашылығымызды білдіріп, зор алғыстарымызды білдірейік.
ІІ-жүргізуші: Уважаемые учителя, и студенты! Мы приветствуем Вас на замечательном семейном празднике Дня Благодарения «От сердцу к сердцу».
От всей души желаем в этот особенный день много радости, веселья и приятных сюрпризов!! 
І жүргізуші: Қазақстандықтар 1 наурыздың Алғыс айту күні болып бекітілуін қуана қабылдады. «Тағдыр жазуымен қазақ жеріне табан тіреген түрлі ұлыс өкілдерін бауырына басқан Қазақ жұртына алғысымыз шексіз», дейді олар. Бұл - тек алғыс айту күні ғана емес, жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетін тағылымға толы мереке болмақ. Тілі бөлек болғанымен тілек бір Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгіғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
ІІ-жүргізуші:
- 1 марта Казахстан отмечает один из самых добрых и светлых праздников. Это праздник дружбы, понимания и согласия, которые так необходимы для мирной жизни в стране, где проживают более 130 наций и народностей.
Ән «Мерекем» І жүргізуші: Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
ІІ жүргізуші: Наш  президент  отметил, что  главной  целью  развития нашей страны  считает  построение  независимого, процветающего, политически  стабильного  государства. «Но  такой Казахстан, - говорит Нурсултан Абишевич Назарбаев,-  не  создается  сам  собой. Он  будет  построен  нами, исходя  из  наших  желаний  и  нашей  воли  к  успеху». Конечно, те, кто  живет  и  трудится  в  Казахстане, думают  и  мечтают  о  будущем.
І- жүргізуші: «Сіз», «біз» деген жылы сөз – Жылытады
жүректі.
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық,
Тілесе әркез жаны ашып,
Осы бір шырын – тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып
Баршаға керек жақсылық!
Қызғанбай бөліп алыңыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз-
Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі.

Ойын психологиялық
І- жүргізуші: Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.
ІІ-жүргізуші: Мы благодарны за солнце и свет,
Спасибо,
что есть у нас много побед.
Зарадость, уверенность в завтрашнем дне,
За счастье мы скажем спасибо тебе.
Давайте все вместе скажем друзья.
Спасибо, что есть у тебя, у меня За чистое небо, леса и поля
За космос, где вертится наша земля!
Ән «Туған жер»
Өлең: «Алғыс айту»
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
Сол жанға айтам мың алғыс!
Сезімі үшін жылытқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Жарыма айтам мың алғыс!
Сыйлаған ұл-қыз, түсінген.
Барша әлем, саған рахмет!
(Әр шумақ айтылғанда оқушылар әр ұлттың «рахмет» сөзімен оқушылар шығады)
І- жүргізуші: Сөз Кітапхана меңгерушісі
Күй тартыс (3 мин)
1 жүргізуші: осымен «Жүректен жүрекке» атты мерекелік кешіміз аяқталды.
2 жүргізуші : До новых встреч! Всего доброго!
Қош сау болыңдар!