Бізді? Отанымыз-?аза?стан. Мемлекетіміз т?уелсіздік ал?алы ?аза?стан Республикасыны? жетістіктері ?суде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, е?семізді к?терген ?аншама ?лы о?и?алар бар. ?аза?стан Республикасы 1991 жылы16 желто?санда ?зіні? т?уелсіздігін


Семей қаласы.
«№ 3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ.
Жунусханова.Қ.К.
ОТАН ЕЛДІҢ АЙНАСЫ
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, Қазақстанның әнұраны, көк байрағы, Елтаңбасы, әнұранның авторларының суреттері.
Әдіс: тәрбие сағаты
Тәрбиелік шараның барысы
І Ұйымдастыру
Кіріспе
1.«Отан дегеніміз не?»
2.Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз айнасы.
3. Қорытындысы
Тәрбиеші: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
«Отан дегеніміз не?»
1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.
2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
3-оқушы: Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматыболу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсемін.
4-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын, өлең өрнектерімен өрнектеп терең мағыналы сөз өнері арқылы, өлең-жырымен тәлім-тәрбиесін зор ойлар айта білген.Қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары- өсиет, ұлағат, тәлім, парасат.
ІІ. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.
Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.
1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.
Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Елжан: 1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.
Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.
1995 жылы30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.
Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
1991жылы қазан айындатұңғыш қазақ ғарышкері- Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самсаған.
ҚР-да 14 облысқа бөлінген әр облыстың өз байлығы бар, соған тоқталайық.
КӨЗГЕ АРНАЛҒАН СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ
Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілерін тыңдайық.
Абылай сынды ақылгөй ханы бар қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.
Төле би: Уа, халайық, сөз қадірін білсең,
Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім.
Сөз танығыш жастарға он түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Биікке шықсаң – көзің ашылады,
Жақсы мен жолдас болсаң, көңілің.
Айтыңыз ұлы аға!
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау – 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
1-оқушы: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би:
1 дегенім – бірлігі кеткен ел жаман,
2 дегенім – егісіп өткен ер жаман,
3 дегенім – үш бөлінген ағайын жаман,
4 дегенім – тұрақсыз дос жаман,
5 дегенім – белсеніп шыққан жау жаман,
6 дегенім – асқынған дерт жаман,
7 дегенім – жас келіншек жесір қалса, сол жаман,
8 дегенім – серпілмеген қайғы жаман,
9 дегенім – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпес, сол жаман,
10 дегенім – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.
Төле би: Рахмет дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би мына жиналған халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенің өссін десең кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма –
Өркеніңді өшірерсің,
Аллаһуакбар.
Төле би: Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерген елім бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер.
Қорытынды: Қорытынды: Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.
Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.